Оқушымның жеткен жетістіктері мен үлкен жеңіспен оралған қуанышты сәттері мен биікке көтерді. Математиканың қыр-сырын түсініп, оларды оқушы бойыны сіңіруге тырыстым. Қазақтың арда туған ұлы Баубек Бұлқышев атамыз айтқан екен: «Адам-өз өмірінің суретшісі, Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді» -деп. Осы сөздер, маған үлкен ой салды. Шынында да адамның өз өмірі өзінің қолында екеніне көз жеткізуге тура келеді. Ал енді қазіргі заман талабына сай заманауи ұстаз қандай болуы керек? -деген сұрақ төңірегіне көз жүгіртіп көрейікші. А.С.Макаренконың «Тәрбиенің мәні- аға ұрпақтың өз тәжірбиесін, өз құштарлығын, өз сенімін жас ұрпаққа жеткізу болып табылады» деген әдемі сөздері бар. Яғни, ұстаз қай уақытта болса да өзінің қоғамнан алатын биік орны бар.
Заман ағымы ұстазды жан-жақты етіп талпындыра түсуде. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Сондықтан білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуына жоғары талап қойылып отыр.Оның себебі, оқушы тек ақпарат алушы емес, үйренуші, өзін-өзі дамытушы субьектісіне айналады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние- жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізуқажеттігін ұғынуы, сондай-ақ , кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгергендігін жете түсінуі.
Мұғалім мойнына жүктелген үлкен жауапкершілік ісі оны әрқашан алға жетелейді. Елбасымыздың Жолдауында көрсетілгендей, біздің ұрпақ- білімді ұрпақ болуы тиіс.Сондықтан да қазіргі ұстаз-жауапкершілігі жоғары, оқушы мүддесін бәрінен биік қоятын жаңа технологияларды жетік меңгерген, жаңашыл ұстаз, жан-жақты білгір маман болуы тиіс. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемелы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ыұпал етеді., мұндағы басты міндет- баланың жалпы және өзіне ғана тін қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларынқалыптастыру және қолдану.
Осы орайда Қазақстан Республикасы білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылдың сәуір айында курстан өткен күндерім өз өмірімде ерекше орын алатындай болды десем, артық айтқандық емес. Курсқа алғаш келген күннен бастап көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдым. Жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныса отырып, жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін, педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендім.
Тек танысып қоймай, тәжірбие барысында іске асырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірлей білуге машықтандым. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадым. Крустан өте көп жаңалық, кәсіби білім алдым. Алдыңғы білімді өткен біліммен ұштастыра отырып, түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр тыңдаушыға жетік жеткізе білді. Крус барысында кәсіби біліктілігіміз бен білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды да қызықты өтті. Бізге бағыттаушы болып, дәріс берген тренеріміз Апселемова Гульнара Дюсембековнаға айтар алғысымыз шексіз. Ендеше, осындай курстан алған білімімді өз практикамда тиімді пайдалана отырып, оқушы бойындағы жеке қабілетінің дамуына ықпал ету менің басты міндетім деп білемін.
Қорыта келгенде, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі –тұман» деген сөздермен аяқтағым келеді.