+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ЭКСПО сапарынан кейінгі әсер

Кабидолдина А.Т., Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

       Бүгінгі күнгі халықаралық ЭКСПО көрмесінің  қазақ жерінде өтуі  үлкен мақтаныш екені рас. Осы орайда жақсыны көрмекке деген қағидатта мектеп  оқушылары  да  ЭКСПО  көрермендері  болып  қайтты.
      Өскемен  қаласы  білім беру бөлімінің ұйымдастырумен қамқорлықтағы және аз қамтылған отбасы балаларына ЭКСПО билеттері тегін  таратылып, жол ақылары төленіп берілді. Бұл игі бастамаға Өскемен қаласы  әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ мектеп оқушылары  да  бар.

       Оқушылар Астана қаласына  табан тірегеннен бастап бас қаланың  көркі мен сипатына тамсана қарап қуаныштарын жасыра алмады. ЭКСПО қалашығына кірген сәттен  әр республиканың көрмеге дайындаған шараларын  көріп  мәз болысты. Ең бастысы энергия көзін игеруге арналған тақырыптық көрмені көріп, энергияны үнемдеу мен тудыруға болатын жағдайларды  оқушылар гидтердің көмегімен өздері жасап  көрді. Әр тақырыптық көрмеде балаларға арналған танымдық ойындар ойнатылып, әсерлі  бейне роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Корей, Жапон, Аргентина елдерінің энергия көздерін үнемдеуі мен қолдануы туралы тамаша таныстырылымдары оқушылардың естерінде ұзаққа  дейін  сақталатыны анық.  Әр  ұлт  өкілдерімен  тілдесіп,  өз  пікірлерін  білдіріп  жатты.  

       Көрмені өз көздерімен көріп, Астана қаласына  саяхаттаған оқушылар жүрдек  пойез ішінде  өз әсерлерін  айтып  тауыса алар емес. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype