+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асыру

 Мамырбеков М.,  Раздольное негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі, Көкпекті ауданы

       Мұғалім «Нені оқыту керек?» деген сауалмен қатар «Қалай оқыту керек?» деген сауалға да жауап іздесе оқушыларда ХХІ ғасыр дағдылары, функционалдық сауаттылықтары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы, патриоттық сезімі қалыптасқан жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасалар еді.

         Мұғалімдер оқушылардың бойында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы барлық пәндерде қалыптастыруы және дамытуы қажет. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін тарихи сананы қалыптастыру міндеті тұр. Қазақтың белгілі тарихшысы М.Қозыбаев «Тарихты оқыту, тоқыту – үлкен проблема», — деген [1, 102 б.].

       Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде  жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тектіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б жатады. Әлеуметтік саясаттың ең маңызды буыны – білім беру мәселесі десек артық айтқандық емес. Сол білім беру кез-келген дербес мемлекеттің аясында мақсат-мүддесіз болмайды. Өйткені ол белгілі елдегі халықтардың, ұлттардың мүддесі. Сонымен бірге ол кез-келген елдің болашағын тәрбиелейтін мектептен бастап мемлекеттік құрылымдардың да мүддесі.
       Мәдени өмірдің сүбелі саласы болып есептелетін халыққа білім беру жүйесі қоғамдық өмірдің де жанды нүктесі ретінде тарихта өзінің орынын ешқашан жоғалтпайтыны белгілі. Ұлт болашағын ойласақ «Мәңгілік Ел» құндылықтарын әрбір қазақстандықтың бойына сіңіру арқылы көптеген жетістіктерге жететініміз түсінікті. Қазіргі білім беру ісінің проблемасы мектептің өмірден алшақтығы, оқушылардың әлеуметтілігін қамтамасыз ете алмайтын, оқудың ағартушылық сипатының жетімсіздігі. Сондықтан да мектепті кең әлеуметтік қатынастар жүйесі ретінде қарап, жеке тұлғаның дамуы оның байланыстарының дамуы, ал тәрбие – осы қатынастарды мақсатты басқару, оның негізі патриотизм деп білеміз. Ұлттың болашағы мектептен басталатынына терең мән беруіміз қажет.
       Оқу-тәрбие процесінде іске асырылатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары:

1)  Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана. 

2)  Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

3)  Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

4)  Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. 

5)  Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

6)  Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

7)  Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу.

       Құндылықтар Мемлекеттік білім беру стандартында, ҚР бастауыш білім мазмұнын жаңарту аясындағы бағдарламалар мен орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы бағдарламаларда қамтылған,  білім берудің мақсаты мен міндеттерінде де. Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды жүзеге асырудағы мектептердің миссиясында: «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады [2, 6 б.].  Құндылықтарға сай қасиеттер Мемлекеттік білім беру стандартында құндылықтар тізіміндегі бағдарлар ретінде қарастырылған: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу [3].
        «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылығын оқу-тәрбие процесі арқылы оқушылардың бойына тек барлық сабақта ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда да қалыптастыру арқылы Қазақстанда тұратын әрбір субъектінің жүрегінде қазақстандық патриотизмді ұялатамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер  

1. Қозыбаев М. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. 2-ші кітап. — А.: Ғылым, 1997. – 280 б

2. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар. «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагого қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2017. -287 б.

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2016. 

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype