+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Математика сабағын саралап жоспарлау

Тургалиева М., «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі, Тарбағатай ауданы

         Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан жұмыстар Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар ман мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

         Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет «шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым- қатынас жасау қабілеті; өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; жауапкершілік; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; өмір бойы оқуға дайын болу» құндылықтары мен «Сын тұрғысынан ойлау; білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; проблемаларды шешу қабілеті; ғылыми-зерттеу дағдылары; қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; АКТ саласындағы дағдылар» дағдылары анықталған. Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді. Бұдан туындайтын білім саласындағы маңызды мәселе: “ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?” .
         Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім- ұстаз, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.  Бұл туралы  Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті  жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу”, – делінген.
         Ал ұстаздардың ішінде математика пәні мұғалімінің жүгі ауыр. Оқушының жаратылыстану-ғылыми пәндерді меңгеру үшін қажетті математикалық ой-өрісін, алгоритмдік, логикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттыру, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашу керек.
         Математикалық пайымдау мен оларды құру ережесі оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізуіне мүмкіндік береді, пікірлерді тұжырымдауға, негіздеуге және дәлелдеуге дағдыландырады, берілген алгоритм бойынша әрекет етуге және жаңа алгоритмдерді құрастыруға, математикалық білімді меңгеруде және қолдануда өз бетінше әрекет етуге үйретеді. Ұстаз сенім атмосферасын қалыптастырып,мейірім шапағатын сыйлайды. Олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, білімге шығаратын жолды нұсқай отырып, осы жолмен өзі де жүріп өтеді. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы арта түседі. Сондықтан, сабақты түрлендіріп, жаңа технологияны барынша қолданып, сыныптағы саралау жұмысының жеті тәсілін негізге ала отырып  өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі және оң нәтижелерге бағытталып, оқу мақсатына жетеді.
         Сабақ – оқушыларға сапалы білім беріп, оқуға деген қызығушылығын арттырумен шектелмей, оқушыларды жан-жақты жетілдіре отырып, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, есте сақтау қабілетін дамытып, зейіндерін арттырады. Сабақта алатын тапсырмаларымыз оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сараланса, тапсырмаларда оқу мақсатына негізделген бағалау критерийлері қолданылса, топтық және жеке жұмыстарда оқушыларды оқу мақсатына жетелеуге ықпал ететін белсенді оқу тәсілдері сараланса, оқушылардың алға ілгерілеуі мен олардың қай сатыда тұрғандығын анықтау, жіберілген қателерді дер кезінде түзету мақсатында әр стратегияны қолданғаннан кейін алынатын кері байланыс жасау түрлері оқу мақсатына негізделсе, кері байланыс арқылы қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүргізсек ғана сабағымыз оқу мақсатына жетеді.
         Мен өзімнің сыныптағы саралау жұмысының жеті тәсілін негізге ала отырып жасаған сабағымды ұсынғалы отырмын.
         5-6-сыныптарға арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы «5.3В.Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану» бөліміндегі «Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру» бөлімшесіне 4 сағат бөлінген. 1- ші сағаты «Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу».  Оқу мақсаты: 5.5.2.4. ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. 
         Мен өз сабағымды оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында ынтымақтастық орта қалыптастырудан бастаймын. Оқушылар бір- біріне «достық» тілектерін білдіре отырып, өзара сыйластық, бірін- бірі құрметтеушілік құндылықтарын бойларына сіңіреді. Топқа бөлуді оқушыларды сабаққа тартуға бағыттау үшін оқу мақсатына негіздеп алдым. Үй тапсырмасын тексеруде белсенді оқытудың «Бірін- бірі оқыту» тәсілін аламын.  Оқушылар диалогтық оқыту қағидасын жүзеге асырып, топта өзара бір- біріне түсіндіру арқылы ойларын жүйелейді, танымдық қызметке қызығушылықтарын арттырады. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын анықтау үшін өткен тақырып бойынша ашық тест тапсырмаларын алдым. Ауызша тестті орындай келе оқушылар өтетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. «Ой қозғау» тәсілі бойынша ширату жаттығуларын орындату,  әрбір оқушымның зейіндерін жаңа сабаққа шоғырландырып, оқу мақсатына жетелейді.
         Жаңа сабақты меңгертуде мақсатқа жету үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, белсенді оқу тәсілінің «Дөңгелек үстелін» қолдандым. Оқушылар топ бойынша жұмыс істейді. Мұғалімнің қолдауы арқылы оқушылар жаңа білім бойынша практикалық тәжірибені, жетістіктер мен жіберген қателерді талқылай отырып, сындарлы оқытуды жүзеге асырады. Тапсырмаларды құрылған дескриптор бойынша бағалайды. Оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін саралауда, нақтылауда бағалау критерийлері бойынша «Бағдаршам» бағалауын қолданамын. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеп, координаталық сәуледе кескінделген нүктенің координатасын ондық бөлшек түрінде жаза алса, бағдаршамның «жасыл» түсін, әлі де жұмыс жасауым керек десе «сары» түсін, мұғалімнің қолдауын қажет етемін, көп жұмыс жасауым керек десе «қызыл» түсін көтереді.
         Топтар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды. Топтар бір- бірінің жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. «Бас бармақ» тәсілімен топтардың постер қорғаудағы бағалау критерийі бойынша оқушылардың негізгі терминдерді қолдана отырып ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеуді тұжырымдауын, академиялық тілде сөйлеулерін саралайды. Постер тамаша, барлығы түсінікті, жаман емес айтуы орташа және нашар тақырыпты аша алмады деп бағалайды. Постермен жұмыста сабақтың тілдік мақсаттары жүзеге асады. Оқушылардың ойларын шашыратып алмай, олардың денсаулық және қауіпсіздік техникасын ескере отырып «Көз» жаттығуын орындатамын.
         Оқушылардың білім деңгейлерін саралай келе жеке жұмысқа деңгейлік тапсырмалар алдым. Тапсырмаларым оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сараланған, қарқындылықты дамыту мақсатында оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын білім деңгейі әртүрлі оқушыларға үш деңгейге арналған тапсырмалар кіреді.  Тапсырмалардың деңгейіне қарай оқушылар үш топқа жинақталып, есептерін тексеруді «Ойлан- жұптас- бөліс» тәсілі бойынша диалог және қолдау көрсету негізінде жүзеге асырады. Жаңа сабақты бекітуді математикалық түрлі тәсілдер арқылы ойша есептеуге және сандық фактілерді жылдам еске түсіруге бағыттап ойлау дағдысының «талдау» деңгейіне есеп алдым. Сабақты қортындылауда «Дөңгелек теңгерімі» рефлекциясын жасай отырып, оқушылар жаңа сабақ бойынша өз білімдерінің деңгейін бағалайды, саралайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы арқылы оқушылар сабақтың өту барысын саралайды.
         Ыбырай  Алтынсарин “Оқытушыны бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек”- деген екен. Бала жанының бағбаны – мұғалім” десек, біз үшін бала – болашақ еліміздің тірегі. Олай болса, үлкен жауапкершілікті талап ететін ұрпақ тәрбиелеуде Елбасымыздың саясатын ұстана отырып, өз білімімізді жетілдіріп, бәсекеге қабілетті жаңа заман тұлғасын тәрбиелеуге атсалысайық. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype