Педагогтерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамудың қажеттілігін насихаттау; сындарлы оқытудың түйінді идеяларымен, мазмұнымен таныстыру; сабақтың интербелсенділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз етудің қажеттілігін негіздеу; сертификатталған мұғалімдердің тәжірибесін тарату арқылы өзге мұғалімдердің тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ету мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасы мен Деңгейлік бағдарламалар орталығы ұйымдастыруымен мектебімізде «Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету тәсілдері»тақырыбындағы облыстық семинар-тренингісі өткізілді.

Осы семинар аясында ұлттық сал- дәстүрмен тығыз байланыста өткізілген «LESSON STUDY мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі ретінде» коучинг сабағымның жоспарын әріптестеріммен бөліспекпін.
|
Мақсаты |
Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. |
|
Күтілетін нәтиже |
Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқу мен оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде танып; |
|
Негізгі идеясы: |
— Lesson Study – сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған. |
|
Сілтеме |
1.Lesson Study(сабақты зерттеу)бойынша мұғалімгеарналған нұсқаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі ұсынған 2. Пит Дадли.Lesson Study: нұсқаулық, www.lessonstady.co.uk 3.Презентация «Lesson Study» 4.Г.А.Рудик «Культура умственного труда или 101 техника учения», Костанай -2000ж. |
|
Материалдар және құрал-жабдықтар |
Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларды орындау үшін қағаздар, видеоролик. |
Коучинг барысы
|
Коучинг кезеңдері |
Уақыт |
Коучтің іс- әрекеті |
Қатысушылар іс- ірекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
5 мин.
|
Кіріспе сөз. Ұйымдастыру.
|
Мұғалімдер өздерін қысқаша таныстыра отырып, алдарындағы таратпа қағаздағы даналық сөздерді мәнерлеп оқиды. |
|
Топтарға бөлу
|
Топтарды 3 ауылға бөлу |
Тартпадағы сөздер авторлары бойынша топтарға бөлініп отырады. |
|
|
IОй қозғау |
5 мин.
|
«Мұғалім білімін жетілдіру» сөзіне ассосация құрау.
|
Коучингке қатысушылары өз ойларын жазып қорғайды. |
|
II Түсіну |
20 мин.
|
1. Топтарға тапсырмалар беру: Абай ауылы: «Lesson Study» ұғымына кластер құрау. (Қосымша 1) |
Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді
|
|
Сергіту сәті |
2 мин |
Әр топ өз ауылдарына ұсынылған Абайдың «желсіз түнде жарық ай» өлеңінін шумағын музыка сүйемелдеуімен айтуды ұсынады. |
|
|
Кері байланыс
|
10 мин.
|
3) Lesson Study-ді жоспарлауда мұғалімдердің бірге жұмыс жасауына қандай ықпал жасай аласыз? |
Сараптау : 1. Сіздің келесі топқа қосатын ойыңыз. 2. Сізге ұнаған пікір |
|
III Рефлексия
|
5 мин. |
Сабақтан алған әсері туралы пікірін стикерге жазып, «Ізгілік ағашына» жапсыруды ұсынады. |
Мұғалімдер коучинг туралы тілектерін «Ізгілік ағашына» іледі. |







