+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Балабақшадағы адамгершілік тәрбиесі

 

 

 

Ахмадиева Айгерим Нұрлыбекқызы.,  «Ақ бота»  балабақша-бөбекжайының тәрбиешісі,  Өскемен қаласы

 Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемемеде білім берудегі басты талаптардың бірі- жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Адамгершілік –бұл әр адамға тән қасиет.  Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның басты міндеттерінің бірі Сондықтанда балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде отбасымен балабақшаның ынтымақтаса еңбек етуінің ықпалы өте зор.

 

Жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылатын басты мақсат – қоғамға, еліне пайдалы, үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болатын, қоршаған ортаны аялай білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алса, балалабақшада жалғасын табады. Балабақшадағы  тәрбие – бала дамуының негізгі баспалдағы. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Оқу-тәрбие жұмыстары балабақшамызда  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік стандарт талаптарына сай жүргізіледі.  Баланың ойлау қабілеті, танымдық қажеттіліктері, осы балабақшада қалыптасады. Балабақшамызда тәрбиеші-педагогтар балалармен түрлі оқу қызметі мен маңызды іс-шаралар жүргізіп отырады.

Балабақшада балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Тәрбиеші баланың жас ерекшелігі мен жеке қасиетін ескере отырып түрлі ойын әрекетін ұйымдастыра білуі керек. Ойын – бүлдіршіндерді оқуға, еңбекке деген белсенділіктерін арттыра отырып, бала бойына адамгершілікті қалыптастыруда басты құрал болып табылады.  Балалармен балабақшамызда желілі — рөлді ойындар: «Дәрігер», «Шаштараз», «Дүкенші», «Асхана» ойындары ойналады. Мысалы; «Дәрігер» желілі рөлді ойыны арқылы ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыра білеміз. Ойын арқылы балалар дәрігердің сезімталдығын, кішіпейілдігін, адамгершілігін, қамқорлығын жете түсіне біледі. Сондай-ақ «Асхана» желілі –рөлді ойынында балалар асханада өздерін ұстай білуге, аспазшының еңбегін бағалай білуге, асхана құралдарын ұқыпты пайдалана білуге, «Сәлеметсізбе?», «Сау болыңыз», «Кешіріңіз» деген сыпайы сөздерді айтуға үйренеді. Тәрбиешінің міндеті баланың ойынға өзінің қызығушылығы мен қатысуын қамтамасыз ету, сонда ғана өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.

Балабақшада балаларды қоршаған орта арқылы адамгершілікке тәрбиелеу –тәрбиені ең басты жолы деуге болады. Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға, жан-жануарларға қамқорлық жасауға табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Балабақшада балалармен «Құстар – қанатты достар», «Үй жануарлары», «Табиғатты аялайық» тақырыптарында ашық оқу қызметі жүргізіліп отырады. Оқу қызметі арқылы балалар құстарға, жануарларға қамқор болуға, гүлдерді жұлмауға, ағаштарды сындырмауға, яғни табиғатты аялай білуге үйренеді. Баланы қоршаған орта арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы осында.

        Балабақшада балаларды еңбек арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйретуден басталады. Балалар ойыншықтармен ойнап болған соң  орын-орнына жинауға тәрбиелейміз. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру үшін ойын бұрышында балаларға кезекшілік ұйымдастырылады. Балалар жас ерекшелігіне сай топтарда үлкендердің көмегімен гүлдерді суғарады, оқу құралдарын таратады, ас ішу кезінде тарелка,қасықтарды қойып шығу сияқты жұмыстарды үйренеді. Ойыншықтарын ұқыптап жинап қоюы,киімін ұқыптап киюі бала үшін үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып табылады.

Міне, еңбек арқылы да мектеп жасына дейінгі баланы ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі негізгі міндеттер: қоғамда, отбасында балалармен барлық салада дұрыс әрекет ету мүмкіндігін дамыту, үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас орнату, тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау (адалдық, қайырымдылық, жақын адамдарға, достарына  қамқорлықпен қарау). Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру.

Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, достарына қамқорлық жасауға, мейірімділікке , еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Балаларды өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік  рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта ,отбасы, елімізде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерін қадір тұтуға және сыйлай білуге тәрбиелейміз .Балабақшамызда  балаларды Отансүйгіштікке ,патриоттыққа тәрбиелеуде жоспарлы түрде «Менің Отаным – Қазақстан!», «Туған елім тірегім!», «Мен елімнің кішкентай патриотымын» тақырыбында мерекелік-іс шаралар жүргізіліп отырады. Мерекелік іс-шараларда балалар Отан, туған жер туралы өлең тақпақтар айтып ,шағын сахналық қойылымдарға қатысады. Ал ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылып, ата-аналар балабақшада балалармен жүргізіліп жатқан барлық тәрбие жұмыстары туралы өз ойларымен бөлісіп отырады. Сондай-ақ балабақшамызда балалармен елімізде тұратын әр түрлі ұлттарды сыйлай білуге,татулыққа  тәрбиелеуде «Ұлттар достығы», «Бірлігі жарасқан елміз» тақырыбында оқу қызметтері жүргізіліп отырады.  Балабақшада рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, халқын, Отаның, отбасын, сүйе білетін тұлға ретінде тәрбиелей аламыз. Осылайша балаларда мейірімділіктің, адамгершіліктің негізі қаланады.Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бугінгі күннің басты назарында.Олай болса ,әрбір отбасында саналы, адамгершілігі мол,үлкенге құрмет көрсете білетін жас ұрпақтарымыз өсе берсін!

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype