+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқу үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың функционалдың сауаттылығын дамыту

 Жанузакова Надия Ахметказиевна, п.ғ.м., «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы»  АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Тұлғаны  тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының  аға оқытушысы

       Бүгінгі күннің басты талабы – біліммен жан жақты қаруланған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болғандықтан, білім мазмұнын жақсарту, жаңарту мақсатында түрлі ізденістер жасалуда. Сол жаңашылдықтың бірі – педагогтардың біліктілігін жетілдіру, сабақтарында түрлі технологияларды, стратегияларды, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану болып табылады.

      Білім беру жүйесін жаңартуға байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе [1], «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды атап кетті. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді [2].

       «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» құжатында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың бірнеше тетіктері белгіленген. Сондағы екінші тетікте «оқыту нысандары мен әдістер» [3] деп берілген. Демек, оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту нысандары мен әдістер де басты рөл атқарады. Сондай тиімді технологиялардың бірі сыни тұрғыдан ойлау технологиясы болып табылады.

      Мектеп қабырғасынан шыққан түлектеріміз кез келген жағдайдан саналы шешім қабылдап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдай алатын, кез келген жағдайға сыни көз қараспен қарауға, функционалдық сауаттылыққа үйретуіміз керек.
        Сондықтан, сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік [4, 49], яғни қазіргі заман талабына сай мектепте оқушыларды сыни ойлау қабілеттерін дамыту басты мәселе болып табылады.
Мектептегі тәжірибеме сүйенсем — оқушылардың сыни ойлау қабілеттері, мұғалімдердің дұрыс сұрақ қоюынан қалыптасады, олар оқушылардың терең ойлауына түрткі болады, сыни ойлай отырып салыстыратын тапсырмалар ойластыру шеберлігі болуы.

       Мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік және балаларға қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын зерделей отырып сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға жетелейтін жоғарғы дәрежелі, «ашық» сұрақтар қою арқылы диалог орнатып, суреттерді топтастыру, «6 ойлау қалпағы», «ыстық орындық» т.б. әдістердің тиімділігін байқауға болады.
       Сабақ беру үрдісінде СТО технологиясының стратегиялары арқылы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру барысында, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өздік жұмыс жасауға жағдай тудырылады. «Сын тұрғысынан ойлау» — сынау емес, ол шыңдалған ойлау. Оқушы өзі ойлауы барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, ең бастысы оқушыны шаршатпайды. Бірте-бірте мұғалімнің айтқанынан гөрі, өзі белсенді ойлаушы, ізденімпаз шығармашыл тағы басқа қабілетке ие болады. Сабақта оқушының өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдей білуіне және оқу еркін ойлаунуына мүмкіндік берілуі керек [5, 1 б]
         СТО технологиясының стратегияларымен жұмыс жүргізгенде мынандай талаптарды ескерген жөн:
1. Оқушыларға топқа берілген тапсырмалар ұзаққа созылып кетпес үшін уақытты шектеп беру. Мысалы 1 тапсырмаға 3 минут.
2. Оқушы өз ойын не пікірін айтқанда оны шектемеу.
3. Оқушы жауап бергенде, не өз ойын ашық айтқанша ешқашан «сенің айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды.
4. Басқа оқушылар бір-бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды.
Аталмыш технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады:
Қызығушылықты ояту (үйрену процесі) – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. стратегиялар жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
         Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
        Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш технологиямен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
        Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты ұрпақ қажет деген талапқа сай сын тұрғысынан ойлау технологиясы өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.

Қолданылған әдебиет:
1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы., 27 қаңтар 2012 ж.

2. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы., 14 желтоқсан 2012 ж.
3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 25 маусым 2012 ж.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж
5. «Қазақстан мектебі» №4-2003ж, №8-2002ж.
6. Школьные технологии. №2-2004ж.

 

 

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype