+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Физиканы оқытуда гигиеналық білім беру

ҚЫДЫРМОЛДИНА А.Б.,

Электротехника колледжінің физика пәні оқытушысы, Семей қаласы

     Дамудың қазіргі кезеңінде физика ғылымы адамзат өмірінің барлық саласына ерекше әсерін тигізуде. Қазіргі физика биология ғылымдарымен, медицина және гигиенамен тығыз байланысты. Физика пәнін оқытуда оқушыларға гигиеналық білім берудің мүмкіндігі мол. Себебі физика заңдары мен олардың тәжірибеде қоданылуының адам денсаулығын сақтау және еңбек қабілетінің артуына тигізетін әсері зор.

     Мысалы, «Дыбыс» тақырыбын өткенде дыбыстың физикалық мәнін айта келіп, адамның есту және дыбыс шығару органдары туралы биологиямен байланыстырып жұтқыншақ пен құлақ құрылыстарына тоқталып, құлаққа музыкалық дыбыстар мен шудың қалай әсер ететінін баяндаймын. Музыкалық дыбыстың адам организміне әсері, оның емдік пайдасы туралы айтып, шудың зиянды әсеріне тоқталамын. Қатты шу әсерінен есту органы әлсіреп, адам бірте-бірте нашар еститін, кейде тіпті керең жағдайға жететіні дәлелденді. Қатты шудың нерв жүйесіне теріс әсер тудыратынын, қан қысымын арттыратынын, ас қорытуды әлсірететіні, одан бас аурулары мен нерв аурулары пайда болатыны түсіндіріледі. Қатты шуда жұмыс істеуден адамның логикалық ойы, зейіні, психикалық әрекеттері нашарлайды. Санитарлық талап бойынша тұрғын үйдегі шу түнде 20-30, күндіз 40 децибалдан аспауы тиіс.  140 децибалдан асқан шу адамның орта және ішкі құлақтарын зақымдап саңырау етеді. Өндіріс орындарында шу 80 децибалдан асса зиянды. Керісінше нәп-нәзік ойналатын классикалық әуен дыбысы адамның есту қабілетін жаттықтырып жақсарта түседі. Ультрадыбысты тканьдерді қыздырып және массаж жасау арқылы олардағы алмасу процесін жеделдету, нерв тканьдеріне әсер етіп ісіктерді қайтаруда пайдаланады.

      «Айнымалы ток» тақырыбын өткенде генератордан алынатын жиілікті токтың медицинада қолданылу әдістерімен таныстырамын. Онда физиотерапияның-диатерапия, индукодиатерапия және электр өрісімен терапия деген емдеу әдістері қолданылады. Диатерапия әдісінде 1,2А-2A ток күші және 500кГц -2МГц аралығында жиілікті ток электродтарға беріліп тканьдарды қыздырады. Индукодиатерапия әдісінде жиілігі 10МГц-15МГц аралығындағы жоғары жиілікті магнит өрісінің энергиясымен тканьдарда құйынды ток туғызып соның әсерінен жылу энергиясы арттырылады. Жиілігі 40МГц-50МГц жоғары жиілікті электр өрісімен организмнің тканьдарына әсер етіп жоғары температурада қыздырады.

      «Көз. Көзілдірік» тақырыбын өту барысында көздің құрылысына тоқталып, оның оптикалық прибор екенін айтамын. Адам көзінің жарық күшінің өзгеріне байланысты бейімделу қабілеті-адаптацияның қалай пайда болатыны түсіндіріледі. Көздің жарықты 10-9люкс– 103люкс аралығында қабылдауы тек адаптацияға байланысты. Бұдан көздің спектрдегі сары, көк түске сезімтал екені, ал қызылға және жасылға сезімталдығы кемиді. Көз дефектісінің пайда болу себептері-көз жүйесінің фокальді жазықтығынан көз торының қашық орналасуынан болатынын, бұдан жарық сәулелері көзге алыстан тарамдалып түсетіні түсіндіріледі. Жақыннан көре алмау кемістігі адам нашар жарықталған бөлмеде жұмыс істеуінен, кітапты немесе басқа заттарды көзге жақын ұстаудан, жатып оқудан пайда болады. Сондықтан жұмыс режимін сақтау, дұрыс көру үшін ойыс көзілдірік пайдалану керек. Көз дефектісінің екінші түрі жақыннан көрмейтіндігі. Оған дөңес линзалы көзілдірік тағу керек.

      «Жарық шығару және спектрлер» тақырыбы өтілгенде тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелердің дұрыс жарықталынуы адам организміне ерекше әсер ететіндігі туралы мәліметтер беріледі. Себебі рационалды жарықталыну көздің көру функциясын жақсартады, адамның өмірлік тонусын арттырады, оның жұмыс істеу қабілетін молайтады. Ашық атмосферадағы жазғы күннің жарықталынуы 25000люкс-50000люкс аралығында, ал қыста бұлыңғыр күні жарықталыну 700люкс-1500люкс аралығында болады. Ал тұрғын үй мен мекемелердің жарықталынуы осы сыртқы жарықталынудың бір проценті болу керек, яғни жазда 250 люкс-500 люкс болу керек. Адамның көзінің жақсы көруі үшін ақ және сары түстер тиімді. Тұрғын бөлмелердегі орташа жарықталыну 50 люкс-75 люкс, ал оқу және жазу үстелінде жарықталыну 100люкс-150люкс болу керек.

      «Инфрақызыл және ультракүлгін жарық шығарулары» тақырыбын өткенде олардың табиғатына тоқталып, организмге әсері туралы айтылады. Спектрдің көрінерлік сәулелері көзге әсер етіп, көру эффектісін туғызады, ал қызыл бөлігі жылулық әсер, күлгін бөлігі фотохимиялық әсер етеді. Инфрақызыл сәуленің жылулық әсері медицинада адам қан тамырларының қанға толуын және зат алмасу процесін арттырады. Қан құрамына әсер етеді ондағы фосфор мен натрийді арттырады. Спектрдің әр түстері адамның психикасына әр түрлі әсер етеді. Мысалы меланхоликтердің қызыл түспен жарықталынған бөлмеге кіргенде көңіл күйлері жақсарады екен, нерв жүйесі зақымданған адамға жасыл жарық, ашуланшақ адамдарға көк жарық, ал өте көңілсіз тұнжыраңқы адамдарға алқызыл жарық жақсы әсер ететіні дәлелденген. Бұдан жарықтың емдік қасиеті бар екені шығады.

     Ультракүлгін сәулелер әсерінен фотохимиялық реакциялар жүреді. Сондықтан бұл сәуле әсері адам терісі мен көзіне зиянды. Адам терісінің клеткасы бұзылады, ол белоктың ыдырауына соқтырып, тері күйіп қалады. Ұзақ уақыт күн көзінде бас киімсіз жүрген адамның басы ауырады, тепературасы көтеріледі, ұйқысы бұзылады. Көзге әсері тіптен зиянды. Ол көздің мөлдір қабығы мен сулы қабығын бүлдіреді.Одан көз қатты ауырады, жас ағады, жарыққа жыпылықтайды, көз қабағы ісіп кетеді. Ультракүлгін сәуленің әсерінен ауада кездесетін инфекциялық аурулар туғызатын бактериялар қырылады, оның бұл әсері бөлмелерді дезинфекциялау үшін қолданылады.

        «Лазерлер» тақырыбы өтілгенде медицинада көз хирургиясында қолданылатыны туралы білімдер беріледі. Лазер арқылы көз түбін және қабыршығын офтальмоскоп атты прибормен бақылайды. Пластикалық операциялар жасауда, терідегі ісіктерді алып тастауда, пигментті дақтарды алуда қолданылады. Қан басқан тканьдерге операция жасауда, бүлінген ішкі органдарды бір бірімен қосуда және физиотерапияда  қолданылады.

       «Радиоактивті изотоптарды алу және пайдалану» тақырыбын өткенде изотоптардың медицинада ауруды емдеу, қатерлі ісіктерді емдеу және диагноз қоюда пайдаланылатыны айтылады. Мысалы кобальт  ісікті ыдыратады, фосфор изотопы   және иод изотопы  дәрілер құрамына енгізіліп, ауруларды емдеуге қолданылады. Ауру диагнозін қоюда радиоактивті изотоптар адам организміне аз мөлшерде енгізіліп ол организмде қозғалғанда  γ — жарық шығарады, оны арнаулы бақылаушы аппарат тіркейді. Жарық шығарудың интенсивтігіне байланысты адамның ауру немесе сау екені анықталады.

      «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері» тақырыбы өтілгенде α, β, γ-сәулелердің адам организмі тканьдарын бүлдіретіні, одан  обыр аурулары, адам өмірінің қысқаруы, аурудың тұқым қуалайтындығы туралы мағлұматтар беріледі. Радиоактивті сәулелермен жарықтану сырттан радиоактивті заттардың әсерінен адам организміне демалғанда-өкпе арқылы, ауыз суымен тамақ қорыту жолына, тері арқылы қанға енгенде пайда болады. Сырттан жарақаттануда сәулеллер тканьдар ішіне еніп жарақаттанады.

     Оқушыларға «радиоактивті табиғи фон» ұғымын түсіндіремін. Адамды қоршаған сыртқы ортадан радиоактивті изотоптар әсер ететіні, оның табиғи дозасы бір тәулікте 0,00005-0,0015 рентгенге тең екені және адам осы осы табиғи фонға бейімделгенін айтамын.  Радиоактивті сәулелердің қауіпті әсерін дозиметриялық құралдың көмегімен өлшейді. Дозиметрлер арқылы сәулелердің жұтылу дозасы, рентген, γ-сәулелерінің дозасы мен қуаттары өлшенеді.

     Қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластау дүние жүзінде адам баласының денсаулығын сақтауға өте зиян екенін айтып, радиоактивті изотоптардың медицинада, ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулерде кең қолданылатынына мысалдар келтіремін. Бұдан басқа радиоактивті изотоптармен  жұмыс істейтін атомдық реакторлар қолданылуына байланысты адам денсаулығын қорғау шаралары жасалуда. Қазіргі кезде сұйық және газ күйінде кездесетін радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеп, оларды қатты күйге келтіріп, көлемдерін азайтып, алыс аудандардағы құмды жерлерге өте тереңдікте көмеді.

     Физика пәнін оқытуда гигиеналық білім берумен байланыстырып оқыту оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, мұғалімнің көп ізденуін қажет етеді.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Гигиеническое нормирование производстенных шумов и вибраций. / Г.А.Суворов, Л.Н.Шкаринов, Э.И.Денисов/. —   М.: Медицина, 1984.

2. Радиация және өмір.  З.Ж. Асқарова,  Алматы, 2000.

3.  Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным. —  Павлодар, 2008.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype