+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Теңдік және теңсіздік

Нургалиева Айжан Женискановна, «Өкпеті» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Тарбағатай ауданы

Қысқа мерзімді жоспар 

Сабақтың тақырыбы:
Теңдік және теңсіздік

Мектеп:  «Өкпеті» орта мектебі

Күні: 04.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Нургалиева Айжан Женискановна

Сынып: 1

Қатысқандар сан:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі;

«+», «-», «=»,«≠», «>»,  «<» таңбаларын, белгісіз сан таңбасын () қолдана біледі.

Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Түстері әр түрлі шарлар;
бір топқа арналған табақшалы таразы;
массасы бірдей монеталар жиынытығы;
массасы бірдей асықтар;
А4 пішіндегі қағаз парақтары;
әрбір оқушыларға арналған маркерлер.

Тірек сөздер:

Теңдік;
Теңсіздік.

Сабақтың мақсаты:

«Теңдік» және теңсіздік» ұғымдары туралы білімдерін толықтыру, теңдік пен теңсіздікті ажырату, теңдіктерді «=» таңбасы, ал теңсіздіктерді «≠»таңбасын пайдаланып жазу дағдысын дамыту.

 

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-15 минут

Ширату жаттығуы. (Фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді). 

Әр түрлі фигуралар

Әр топқа шар беріледі екі-екіден. Әр топтан бір оқушы шығып барлық топта шарлар саны бірдей екендігін айтады.
-Топтағы шарлар саны бірдей бұны қалай жазуға болады?
Математикада «=» таңбасы мәні бірдей өрнектердің немесе сандардың арасында қойылады, яғни тепе-теңдік математикада «теңдік» деп аталады. Теңдікті жазу үшін «=» математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі  2=2 деп жазылады да, оқуда «екі тең екі» деп оқылады.
Таразыға үш монета алып бірінші табақшасына саламыз оқушылардың біреуін ортаға шақырып қорапта жатқан монеталардан бір уыс алып таразының екінші табақшасына салады.

-Сендер не байқадыңдар?
-Таразы басы теңбе?
-Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?
-Қалай ойлайсыңдар? Осы көрністі қалай жазып көрсетуге болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап теңдік болмайтын жағдайда  математикада «теңсіздік» деп аталады. Теңсіздікті жазу үшін «≠» белгісі пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады «3≠7» және «үш тең емес жетіге» деп оқылады.

Түстері, массасы бірдей шарлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табақшалы таразы, 10 монета, қорапша.

Сабақтың ортасы
15-40 минут

Әр топқа жеке-жеке тапсырма.
Бірінші топ.  Тапсырма: «Шығарып көр».
Қораптарға  ойыншықтарды олардың саны тең болатындай етіп орналастыр. Нәтижесін теңдік түрінде жаз.
Енді қораптарға ойыншықтарды олардың саны тең болмайтындай етіп сал нәтижені теңсіздіктер түрінде жаз. Сен неше нұсқа жаза алдың?

 

Ойыншықтар, қорап, А4 парағы, маркер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асықтар, таразы, А4 парағы, маркер.

                                    

 

 

 

 

 

 

 

Қорап, қызыл гүл, көк гүл, А4 парағы, маркер.

Бағалау критерий

Дескриптор

Қорапқа ойыншықтарды тең және тең есем орналастыра отырып нәтижесін теңдік түрінде жазады.

Әртүрлі ойыншықтарды жұбынан ажыратып екі қорапқа бөліп салады.

Қораптарға тең болмайтындай етіп орналастырып теңсіздік жазады.

Екінші топ. Тапсырма: «Орындап көр».
Алыларыңыздағы таразыға асықтарды сала отырып теңестір.  Теңдік жаз.
Асықтарды таразының бірінші табақшасына екі асық салда, екінші табақшасына  тең болмайтындай етіп сал. Теңсіздік құрастыр.

Бағалау критерий

Дескриптор

Таразыға асық сала отырып теңестіріп теңдік жазады

Таразының табақшаларына асық сала отырып теңестіреді.

Таразының табақшаларына тең болмайтындай асық сала отырып  теңсіздік жазады.

Үшінші топ. Тапсырма: «Салыстырып көр»
Қораптағы гүлдерді салыстыра отырып теңдік немесе теңсіздік құрастыр.

Бағалау критерий

Дескриптор

Қораптағы гүлдерді теңестіріп және тең болмайтындай етіп орналастырады.

Қораптарға гүлдердің түсі бойынша тең орналастырады.

Қораптарға гүлдерді тең емес етіп орналастырады.

Сергіту сәті
Бір, екі, үш-
Қарлығаш болып ұш.
Төрт, бес, алты-
Қарлығаш болып қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он-
Қарлығаш болып қон.

«Теңдіктер және теңсіздіктер» ойыны.  Әр топтан бір-бір жүргізуші сайланады. Теңдіктер оқушылар санына байланысты бөлініп тұрағалады. Теңсіздіктер деген бұйрық келгенде әртүрлі топтарға бөліну керек. Мысалы, егер топта 4 адамнан болса оқушылар 1және 3 адамнан бөлінеді.

 

Сабақтың аяқталуы

40-45минут

Оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау мақсатында оларға төмендегі сұрақтар қойылады.
-теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? («=»)
-теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? («≠»)
-азаматтың 3 қызыл машинасы, ал Серіктің 4 жасыл машинасы бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3=4.)
-Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар. Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5=5)
Жұмыс дәптеріндегі «Жетістік  баспалдағы» бойынша өзін-өзі бағалауы.

 

Рефлексия.

Оқушылардың осы сабақты түсінгендерін басбармақ тәсілі арқылы білдіреді.

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype