Бұл кезеңде оқушылар топтық жұмыс барысында түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдер немесе зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты өз бетімен меңгереді. Зерттеушілік әдістің қадамдарының орындалу реті Б.Блумның «Толық меңгеру теориясындағы» аралық мақсаттардың ретімен сәйкес келеді. Алдымен мақсаттар тізбегіндегі алғашқы төрт қадам арқылы тақырыптың теориялық бөлімін меңгерту, содан кейін оны практикада бекіту көзделеді. Биология сабағында ҮӘЖ қолдану арқылы оқушының ынталандыру деңгейі, тұрақты қызығушылығы, шығармашылық білімі, функционалдық сауаттылығы арта түседі. Мысалы «Фотосинтез» тақырыбын өткен кезде тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгертуге негіз болатын қайталау тапсырмалары алдымен беріледі.
Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларды өздері орындайды. б) жауаптары мұғаліммен бірге талданады. Бірінші қадам: «Білу» үшін бастапқы қарапайым білім және толық ақпарат іріктелуі керек.Мысалы: Фотосинтез дегеніміз не?, Фотосинтез жүру үшін не қажет? т.б. Екінші қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? Неліктен?, Себебі?, Не үшін?, сұрақтары дәлелде, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады? (оларды тереңдету үшін) Мысалы: Фотосинтез процесі кезінде не себепті көмірқышқыл газы сіңіріледі? Үшінші қадам: теорияны «Талдау» үшін салыстыр, айырмашылығы неде?, Ұқсастығы неде? т.б. Мысалы: Тынысалу мен фотосинтезді салыстыр, Фотосинтез бен тынысалудың айырмашылығы не? т.б.Төртінші қадам: «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы сол сияқты басқа түрдегі тапсырмалар беріледі. Мысалы: Фотосинтездің қараңғы және жарық сатысының схемасын сыз. Бесінші қадам: «Қолдану» оқулықпен жеке тапсырмалармен , карточкалармен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Алтыншы қадам: Оқу материалының маңызын бағалау, салыстыру және айырмашылығын айқындау, таңдау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау. Мұнда тұжырымдар нақты талаптар (критерийлер) тұрғысынан болуы керек. Бұл критерийлер тұрғысынан туындайтын болуы керек. Бағалау алдыңғы деңгейлердің нәтижелеріне жету мүмкіндігін береді.
Алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірмен байланыстыра отырып, мысалы, фотосинтездің табиғаттағы және тірі ағзалар үшін маңыздылығына тоқталады. Немесе осы мәселелерді шешетін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. ІІІ кезең – кері байланыс,бағалау кезеңі деп аталады немесе нәтижеге бағытталған бөлім (тақырыпты меңгерудің екінші бөлімі).Бұл кезеңде жоғарыда меңгерілген білім (төрт қадам арқылы) және біліктілік (соңғы қадам арқылы) тапсырмалары олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес үш деңгейге іріктелініп қайтадан орындатылады. Себебі, дәстүрлі оқытуда да, көптеген инновациялық технологияларда, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын (мысалы олимпиадалық тапсырмалар), олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша барлық оқушы баға ала алмайды. Осыған орай, туындайтын мәселе: дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік критерийіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали-сапа, метрия-өлшеу).
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы оқушы әр пәнді стандарт талабына сәйкес анықталған мазмұнын интерактивті және зерттеушілік әдістермен өз бетімен меңгеруге үйренеді.
Технологияның синектикалық бөлімі (жаңа тақырып бойынша проблеманы анықтау) — І кезеңде және оны шешу – ІІ кезеңде немесе оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту бөлімі. Мемлекеттік стандарт көлеміндегі мазмұн (Бағдарлама бойынша) меңгертіліп, критериалды бағалау жүйесі арқылы «Қосу» әдісі бойынша әділ бағаланады.
Технологияның нәтижеге бағытталған бөлімі немесе ІІІ кезең: Мазмұнды меңгерудегі кері байланыс кезеңі:( критериалды бағалау жүйесі арқылы ішкі тексеру мен түзету және сыртқы бақылау мен бағалау жүзеге асырылады). Мемлекеттік стандарттан жоғары, тереңдетілген мазмұн (олимпиадалық тапсырмалар, ғылыми жобалар, лицей, гимназия, дарынды балалар орталығы, үйірме факультатив сабақтарының бағдарламасы бойынша) тапсырмалар беріледі. Педагогикалық жүйенің соңғы үш элементі: қызығушылық (мотивация), оқушының танымдық іс-әрекеті, мұғалімнің басқарушылық қызметі үдерісі деп аталады.
Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» негізіндегі педагогикалық технология педагог үшін несімен тартымды болуы мүмкін? Технология негізі ретінде біз тұлғаның әрекеттілігін алдық, яғни оқушылардың біліктері, дағдылары мен олардың өз бетімен білім алу іс-әрекеті негізінде қалыптасады. Кез келген іс-әрекет оның түрлерінің (репродуктивті, продуктивті, конструктивті) сатылануымен (иерархиясымен) сипатталады.
|
Білімді меңгеру дең-і |
Әр деңг-ң тап-а қой-н критр |
Оқуш-ы ынтал-ру дең-і |
Белсен-лік деңг-і |
Алған білім дең-і |
Қалып-қан біліктілік дең-і |
Құзрет-к (функ.сау) деңгі
|
Әр деңг-де қамт-ын білім сапас-ң түрі |
|||
|
ІV шығармқ деңгей |
Б.Блум теор 1,2,3,4,5,6 шағ.мақсат өз бет жетеді |
Танымдық Іс- әрек-е қажеттілік |
Белс-тің шығ-қ деңг |
Шыға-қ білім |
Шығарма- шылық |
Функ.сау 4-дең-і. (компетенция) |
|
|
|
Берік білім
|
|
ІІІЭвристи қалық дең |
5. «жинақтау» 6. «баға беру» (біліктілік) (Мазмұнға пікір білдіру |
Тұрақты қызығу-қ |
Белс-ң эврит-қ деңг |
Конструк- тивті |
Жарым- Жартылай ізденіс |
Функ.сауат-ң 3-дең-і |
||||
|
ІІ алгоритмдік деңгей |
2«Түсіну» (білім дең-і) 3«талдау»(білім деңгейі) 4«Қолдану» (өзгертілген жағд-ы,білік |
Жағдайға байланысты қызығу-қ |
Белсен-ң түсін-діріп беру деңгейі |
Өнімсіз (өзгер тілген жағдайда) |
Өзгер- тілген жағ-ы продук- тивтілік біліктілік |
Функ. сауат-ң деңгейі |
||||
|
І Үйрену шілік деңгей |
1«Білу» (білім деңгейі) 3«Қолдану» (үлгі бойша)
|
Индиффе- ренттік |
Белсенді- Ліктің еске Түсіру деңгейі |
өнімді |
Стандарт Жағда- йын- Дағы репрод |
Функ. сауат 1-деңгейі |
||||
Танымдық, яғни когнитивтік салада педогогикалық мақсаттарды анық тұжырымдап реттеудің ғылыми негізделген жалпы ережелері мен тәслдерін американдық ғалым Б.Блум ойластырып шығарды. Ол оқушылырдың іс- әрекетінен көрінетін өлшеуге болатын оқытудың аралық нәтижелері арқылы оқытудың оларға сәйкес аралық мақсаттарын тұжырымдауды ұсынады. Оқыту мақсаттарын қоюдың осындай тәсілі мақсаттар таксономиясы деп аталады. Мұнда сондай-ақ мақсат қоюдың диагностикалық немесе операционалды әдістерін талап етеді.
Төрт меңгеру деңгейлерінің мақсаттарына сәйкес оқыту, әр меңгеру деңгейіне белгілі бір: 1) оқушыны ынталандыру, яғни қызықтыру деңгейі, 2) белсенділік деңгейі, 3) білім деңгейі, 4) біліктілік деңгейі 5) құзыреттілік деңгейі ,6) әр деңгейде білім сапасының әртүрлі қалыптасатын көрсетеді. Бұған қоса, тәжірибе көрсеткендей, мақсаттар иерархиясындағы әр аралық мақсат, олардың күрделілік деңгейіне сай оқыту мазмұнын (тапсырмаларын), әдістерін, ұйымдастыру формалары мен құралдарын қажет етеді.
Қорыта айтқанда: Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысын оқыту үдерісіне енгізу арқылы білім беру жүйесін 2010-2020 жылдарға дейінгі Бағдарламаларын жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады:
1) нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға, тұлғанаң функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасалады;
2) білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға жайлы жағдай туады (мониторинг жүргізуге);
3) білім беру жүйесінің сапасын әділ бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады (критериалды бағалау жүйесі негізінде).
Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы: нәтижеге бағытталған білім беруді қамтамасыз ететін, оқушының функционалды сауаттылығын дамыту және даму деңгейін критериалды бағалау жүйесі арқылы өлшеудің тиімді механизмі.