Шәкірт нығарлай беретін ыдыс емес, тұтандыруды қажет ететін шырақ. Ал, мектеп конвейер емес, керісінше, кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын өріс.
А) Өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асырып, яғни денсаулығын, дамуын,, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу.
Б) оқытудың сапасын арттыру жақсы, түсініктітілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми,,түсінікті, дәл, қазіргі технологияға сай келетін болуы тиіс.
Мұғалім қызметінің мазмұны танымдылық, таным арқылы балаға оқу, қуаныш пен тұрақты қызығу әкеледі. Өз бетімен дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар оқушылар өз бетінше танымдық әрекеттер мен дағдыларын меңгеруі тиіс. Сабақ жаңа заман талабына сай өзеріп тұрса , оқушыларға ықпалы ерекше болады.
Мұғалім ізденімпаз, ғалым, өз пәнінің білгірі, теориялық біліммен жоғары дәрежеде сусындаған тұлға болу керек. Мұғалім әрі психолог, тәрбиеші,тынымсыз еңбекқор, дамытушы, ұлттық болмысты қалыптастырушы ,шәкірт жүрегіне жол тапқан, патриоттық сезімді дамытушы тұлға.
Оқушының қазіргі нарық заманға сай, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті ұрпақ екендігін білуі.
Оған жетуге деген талаптары мұғалім алдына көп міндеттер әкелді. Теориялық біліммен қаруланған ұстаз өз пәнінің білгірі екенін, білім негізін игертуші екендігін дәлелдеу мақсатында, оқушыны тиянақты, ұқыпты, жауапкершілігі мол,отан сүйгіш қасиеті жоғары.
Адамгершілігі зор, өз бетімен ізденгіш, ғылымға деген қызығу сезімі бар,тарихи танымы мол,
Сыйлы, сырлы сұлулық сипатқа ие тұлғаны жетелеу, дамыту, таныту негізгі өзекті мәселе болып табылады.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ойлау, сөйлесу қабілетін дамыту. Оқушылардың өзін- өзі басқаруға, шапшандыққа баулу мақсаты қойылады. Сабақта кестелер, тестілер, пайдаланылады.
Сабақ жоспары төмендегінше құрылды.
1. Екеуара жұмыс
2. Топтық жұмыс
3. Тестпен жұмыс
4. Жаңа сабақ
5. Химиялық диктант
Топтық жұмыста өтілген материалды толық қамти отырып, төрт бес сұрақтан тұратын кеспелерді дайындадым да, оқушылардың санына байланысты бірнеше топқа бөліп, әр топта бәр бір кеспеден тараттым. Оқушылар тобы сұрақтарды 2-3 минуттай дайындалады.
Егер топта біреу қателессе «4» ұпай, екеуі қателессе «3» ұпай, үшеуі қателессе «2» ұпайы беріледі.Бұл ұпайлар арнайы кестеге жазылады.
|
Оқушының Аты жөні |
Сабақ кезеңі |
Екуара жұмыс |
Топтық жұмыс |
Тестпен жұмыс |
Химялық диктант |
Қорытынды ұпайы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытындылауда жаңа сабаққа қысқаша шолу жасалып, әр оқушы ұпайларын қосып төртке бөледі , себебі төрт түрлі тапсырма орындалды,немесе 3 балл «5» 2 балл «4» 1 балл «3»
Топ жетекшілері сайыстың қорытындысын шығарады. Алынған ортақ ұпайлары журналға қойылып, үйге тапсырма берілді.
Оқушылар өздігінен қорытынды жасауға және бір біріне көмек беруге үйренді. Педагогикалық практикада әр сыныптағы оқушылардың білім дәрежесін үш деңгейге бөлуге болатындығын дәлелденді. Деңгейлік тапсырмалар дайындау кезінде ұстаз тарапынан төрт дидактикалық принциптің орындалуын ескеремін. А) тәрбиелік ә)үйретушілік б( бағыттаушылық в( тексерушілік.
Тапсырманың үйретушілік және тәрбиелік мәні оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағдысын деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тіл мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту, оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сұйгіштікке баулу.
Тапсырманың бағыттаушылық мәні жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу.
Тапсырманың тексерушілік қызметі оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларда қалыптасқан деңгейлерді анықтау.оқу мазмұнын оқушының қай деңгейде меңгергенін байқау үшін алдын ала тақырыптар бойынша орындалатын деңгейлік тапсырмалар құрастырдым.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын дұрыс түсіну оқушылардың периодтық заң мен химиялық элементтердің периодтық жүйесін меңгеруге алғашқы дайындықтары болып табылады.Осы ретпен негіздер, қышқылдар, жіне тұздар да қайталанады.бұл сабақтар көбінесе деңгейлік тапсырмалар даярлау арқылы өз бетінше тапсырма орындауға негізделген. Бұрынғы қткен тақырыптан белгілі заттардың қасиеттеріне сүйене отырып, таныс емес сол кластарға жататын жаңа қосылыстарға сипаттама беруге де болады.
Осындай деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бейорганикалық кластар арасындағы генетикалық байланыстарды түсінді. Заттар және олардың құрамы мен қасиеттері жайлы алған білімі қорытындыланып, оксидтер,негіздер, қышқылдар мен тұздар туралы мағлұматтары тереңдетіліп қайталанып, білім негізі болып қаланды
Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мұмкіндіктер береді.
Аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын тұсінікті, қызықты етеді. Оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады. Қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтарды көрсетуге болады. Күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады.
Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға, өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады. Тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады. Оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады.
Ақпараттық мәдениеттің дамына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал жасалды.
Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді.
Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт бағдар берушінің функциясын атқарады.Компьютерлік технология мұғалңмге оқыту қызметін түрлендңруге мүмкіндік туғызады;
Оқушылардың білімін тексеру
Көрнекіліктерді тағдау
Сұрақтарға жауаптар дайындау
Есептердің шешу жолдарын көрсету
Практикалық жұмыстар жүргізу
Сабақтың бірсандылығы оқушыны тез шаршатады.
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Сабақтың мақсаты оқушыларға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру. Тақырыпты слайд түрінде дайындату уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге , материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.
Тәжәрибелік сабақ. Мұндай сабақты өткізуде де АКТ- ның рөлі ерекше . Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбр тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін виртуалды лабораторияны пайдалануға болады
Бекіту кезеңі. Көп жағдайда бекіту сұрақ жауап арқылы жүргізіледі. Берілетңн сұрақтарды, танымдық деңгейлік тапсырмалады слайд түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін өзі тексеру мақсатында келесі слайдқа дұрыс жауаптары жазылады. Мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.
Қайталау сабағы. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу, толықтыру, кемшілектерді жою өзіндік шеберлік қажет етеді.
Оқушы білімін бақылау сабағы. Бақылау жұмыстарының бірнеше нұсқасы оқушыларға интерактивті тақтада ұсынылады. Оқушы қалауы бойынша нұсқаны тандап, өз бетнше орындайды. Нұсқаның көптігі білімді бақылауды бағаның обьективті және шынайы болуына септігін тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Т.М. Баймолдаев. Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасы. //Білім берудегі менеджмент. 2010 -№1,-7б.
- Г.Макшиева,Ә.Базарова. Оқушылар құзіреттілігін дамытудың алғы шарттары. // Қазақ мектебі.2012,-№12,-72б.
- А.Мырзабаев. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. Алматы. Рауан. 2009 ж
4. //Оқыту, тәрбиелеу технологиясы. 2011, №5.
5. // 12 жылдық білім беру , Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал. №10 , Астана, 2010, 37-49 бб.
6. // Химия мектепте. №1, Алматы, 2013, 22 б.