+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар (7-сынып)

Кунапьянова Айгуль Мухамедкановна, "№43мектеп-лицейі" КММ-нің география пәні мүғалімі, Өскемен қаласы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Физикалық география
Мектеп: Өскемен қаласы №43мектеп-лицейі
Күні:                               Мұғалімнің аты-жөні:   Кунапьянова Айгуль Мухамедкановна

Сынып: 7                        Қатысқандар: 24                          Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Оқу мақсаты

 

7.3.2.7 Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып,сақтану шараларын ұсынады (жергілікті компоненттерді қосымша қамту негізінде)

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: оқулықпен жұмыс жасайды, атмосфералық құбылыстар туралы біледі,құбылыстардың қолайсыз түрлерін нақтылайды
Оқушылардың көпшілігі: Қазақстанда,Шығыс Қазақстанда жиі болатын қолайсыз атмосфералық құбылыстарды атайды,картадан қай жерлерде жиі  болатынын көрсетеді
Кейбір оқушылар: Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды суреттейді, адам өміріне, тіршілікке зияны туралы пікірін білдіреді

 

 

Құндылықтарға баулу

Атмосфераның қолайсыз жағдайларының қоршаған ортаға, адам денсаулығына тигізетін әсері туралы түсінуге баулу.Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы(үштілділік саясаты)

 

Бағалау критерийлері

Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды анықтайды, жіктейді,олардың қаншалықты қауіпті екенін суреттейді.

 Оқу дағдыларының деңгейі (Блум бойынша)

Білу, түсіну-Атмосфера, атмосфералық құбылыстар туралы біледі,термин сөздердің мағынасын түсінеді.

Қолдану-Дереккөздер арқылы қолайсыз атмосфералық құбылыстардың түрлерін жіктейді,анықтайды

Талдау-Атмосфералық құбылыстарды қауіптілігіне қарай талдайды

Тілдік мақсаттар

 Оқушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету үшін Аялдама әдісі арқылы мәтінді (қосымша деректерді )жекелей оқытып, шағын топта талқылату,басқа топтарға түсіндірту.

Оқулықтан тірек сөздерді анықтайды, дәптерге жазады (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

тұмша(смог), көктайғақ, найзағай, бұрқасын (үш тілде айту)

 

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар  қауіпті, өйткені ….

Сіз неліктен …..  екенін айта аласыз ба?

Өскемен қаласының аспанын жиі тұмшалар басады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Атмосфералық құбылыстар  дегеніміз   бұл ….

Пәнаралық байланыс

 экология, физика,химия, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Жаратылыстанудан атмосфера, атмосфералық құбылыстар туралы түсінік бар.

 

 

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

қатысқаны: 20                     қатыспағаны:-

Ресурстар

 Сабақтың басы 

         10 минут

   

          2 минут

 

 

 

 

         4 минут

 

 

      

 

       4 минут

Ұйымдастыру  шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу). «Гүлдер» әдісімен топқа бөлу,топ жетекшілерін тағайындау, бағалау парағын беру.

1-топ тұман

2-топ боран

3-топ найзағай

4-топ бұршақ

«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу.Мақсаты:сыныпта сенімділік қарым-қатынас, жағымды кері байланыс орнату.

Көңіл-күйлерін бағдаршам арқылы көрсету.

 

доп,бағдаршам

төрт түсті гүлдер

бағалау парағы

Тапсырма 1. «Миға шабуыл» Оқушылар, қолайсыз атмосфералық құбылыстардың қандай түрлерін білесіндер? Олар адам денсаулығына әсер ете ме? Жақсы жауап берген  балаларға «смайлик» беру.

Сонымен бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы деп болжайсындар? Сабақта ол туралы қандай мәлімет білгілерің келеді?

               дескрипторлар

Атмосфералық құбылыстардың түрлерін біледі,адам денсаулығына әсерін түсіндіріп бере алады

Жақсы жауап берген  балаларға «смайлик» беру.

 

 Қазақстанның климат картасы

Түрлі-түсті ауа райының құбылыстары туралы слайдтар

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

    30 минут

10 минут(топтық жұмыс)

 

 

 

 

 

 

 3 минут(жұптық жұмыс)

 

 

 

 

7 минут (топтық, жекелей жұмыс)

 

 

 

 

 

 

 

10 минут(топтық жұмыс)

Тапсырма 2.(Ж.Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасату.

1-әрекет. «Аялдама» әдісі арқылы мәтінді шағын топта талқылап, басқа топтарға барып өз жоспарларын түсіндіреді.Бастапқы топқа қайта оралып, қорытынды жасайды.

1-топ: Атмосфералық электрлену құбылысы

2-топ: Найзағайдың пайда болуы

3-топ: Улы тұмандар

4-топ: Көкмұз, бұрқасынның адам денсаулығына әсері. Топтар бір-бірін «екі жұлдыз,бір тілек» бойынша бағалайды.

2-әрекет.(ФБ) «Мен саған,сен маған»әдісі арқылы жұптағы оқушылар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

Жұптасқан оқушылар бір-бірін бағалайды.

                   дескрипторлар

Атмосфералық құбылыстар түрлерін жіктей алады

Қолайсыз құбылыстардың адамденсаулығына кері әсерін түсінеді

Улы тұмша туралы біледі, тұманнан ажырата алады

Электрлену құбылысы туралы біледі

Найзағайдың пайда болу себептерін түсінеді

Өмірде алған білімдерін пайдалана алады

Алған білімдерін сыныпқа көрсетіп сипаттай алады

Жұптасқан оқушылар бір-бірін бағалайды

Тапсырма3.Кім жылдам? «Үштілді себет» (CLILәдісі бойынша)Үштілді себеттен сабақ тақырыбына байланысты терминдерді үш тілде топтап,тақтадан дұрыс жауаптарын табыңдар.

 Тұмша-смог-smog

Көктайғақ-гололед-sleet

Найзағай-молния-lightning

Бұрқасын-метель-blizzard

Тапсырманы тексеру: әр топтан бір оқушы жауап береді. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүреді.

                        дескрипторлар

Термин сөздерді үш тілде топтай алады

Тақтадағы жауаптарын біледі

Интерактивный тақтамен жұмыс істей алады

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүреді.

 

Тапсырма 4.1-топ «Қағаз бетіндегі саяхат» әдісі бойынша топтағы оқушылар «жаңбыр мен кемпірқосақ» тақырыбына постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады.Бағалау смайликтер арқылы жүзеге асады.

                      дескрипторлар

Ақпаратты постер түрінде ұсынады

Постердегі суретті графикалық сызба түрінде құрастыра алады

Постер-сызбаны бүкіл сыныпқа көрсетеді және сипаттай алады

Графикалық сызбалар арқылы білімдерін жинақтай алады.

 

Бағалау смайликтер арқылы жүзеге асады.

 

2-топ Сәйкестендіру кестесін толтырады.

сұрақтар

жауабы

Байланыс желілері мен көлік қатынасына қатер төндіретін жер беті мен заттардың үстіне тығыз түрінде жиналған жауын-шашын түрі 

 кемпірқосақ

Ауаны көмескілендіретін бөлшектердің жер бетіне жақын орналасуы

көкмұз

Күннің жарығы түсіп,жаңбыр жауып тұрған бұлттардың төменгі жағында көрінетін құбылыс

бұрқасын

Жауған қардың желдің күшімен бір жерден екінші жерге көшуі

тұман

.

                    дескрипторлар

Кестемен жұмыс істей алады

Атмосфералық құбылыстарды бір-бірінен ажырата біледі

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалайды

 3-топ «Тікелей радиоэфир» ролдік ойыны

Тапсырма: «Өскемен қаласында жиі болатын қолайсыз құбылыстардан сақтану» тақырыбы бойынша ролде ойнау: ролде ойнау радио жүргізушісі,дәрігер,төтенше жағдай қызметкері. Тыңдаушылар сұрақ қояды., талдайды. 

 дескрипторлар

Шығармашылығын көрсете алады
Сұрақ жолдай алады
Жауапкершілігі артады

    Бағалау шапалақ соғу арқылы.  

 

 

 

 

 

Топ аты жазылған үлестірме қағаздар,оқулық,қосымша мәтін жазылған қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үш тілде жазылған сөздер, себеттер,интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ватман, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма жазылған кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-топ «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі.Топтағы оқушыларға үш термин –тұмша, шық,дауыл сөздері жазылған парақ береді.Осы атауларға байланысты үш сұрақ:

1.қайда?Бұл терминді сендер бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдіңдер?

2.Қалай?Өз тәжірибеңнен осы атауларды қалай қолдана алатыныңа  мысалдар келтіре  аласың ба?

3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсың?

                    дескрипторлар

Терминдерді талдай алады

Құбылыстардың тіршілікке әсерін бағалай алады

Сұрақтарға жауап бере алады

Бағалау бас бармақ әдісімен жүзеге асады.

Топ тапсырмаларының жауаптарын басқа топтар шапалақтау арқылы бағалайды

 

 

Парақ А-3, маркер,фломастерлер

 

 

Сұрақ жазылған парақ

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

(5 минут)

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Критериилер

Сұр.жауап беру

Сұрақ қою

Досына көмек беру

Идея беру

Картаменжұмыс

 

Топтар

 

1 топ

 

 

 

 

 

Жиынтық бағалау әр топ басшысы бағалау парағы арқылы бағалайды

Бағалау парағы

  оқушылар рефлексия жасайды. әр топтан бір оқушы өз ойын айтады,  мұғалім кері байланыс алады.

Осы тақырыпты қорытындылап, сабақтың мақсатына жеткен -жетпегенін, неге көңіл бөлу керек, келешекте не істеу керек деген сұрақтарға жауап аламын.  

Үйге тапсырма беру:

Міндетті: Оқулықтың соңында берілген  тапсырмаларды  орындау. Шығармашылық: «Жайсыз атмосфералық құбылыстардың денсаулыққа әсері»–  эссе жазу

Рефлексиялық экран

 

 

 

 

 

 

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – «ММММ» (мен білдім,маған қызықты болды,мен түсіндім,маған қиын болды) кестесіне оқушылар стикер жапсырады.  Сабақ барысында серіктесін бағалау,өзін-өзі бағалау, бағалау  критерийлері,форматиті бағалау,ал сабақ аяқталған кезде орындаған тапсырмасына қарай  жиынтық бағаны қою

Формативті бағалау: Смайлик,  екі жұлдыз бір тілек, бағалау парағы, шапалақтау,бас бармақ, бірін-бірі бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Аялдама» әдісі бойынша топтарға сұрақтарды қоямын.

Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін карта, слайдтар көрсетемін,қосымша дереккөздер ұсынамын. Барлық  оқушылардың қатысуын қадағалау.Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне байланысты сараланып, деңгей бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы  беріледі.

 

 

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

Ақ тілек сергіту сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.

 

Сабақ бойынша рефлексия (мұғалімдікі)

 

Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отыра атмосфералық құбылыстар туралы білді,құбылыстардың қолайсыз түрлерін нақтылады

Қазақстанда,Шығыс Қазақстанда жиі болатын қолайсыз атмосфералық құбылыстарды атап,картадан қай жерлерде жиі  болатынын көрсетуге үйренді..

Қолайсыз құбылыстардың  адам өміріне, тіршілікке зияны туралы пікірлерінін білдіре алды. Тапсырмаларды орындап,әділ  бағаланды.

 

 

 

 

 

 

  

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype