|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Ұйымдастыру кезеңі. |
Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді. — Сәлеметсіңдер ме, балалар? — Халдарың қалай? — Сыныпта кім жоқ? — Бүгін қай күн? — Ауа-райы қандай? — Балалар, қандай мереке жақындап келеді? |
Балалар мұғаліммен сәлемдеседі, қонақтармен бас изеп амандасады. — Сәлеметсіз бе? — Жақсы. — Сыныпта бәрі түгел. |
|
Сабақтың барысы: |
Балалар, слайдқа назар аударайық. (Слайдта жаңылтпаш тұрады) — Сыныпта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар. Балалар, бұл — жаңылтпаш. Жаңылтпашты есте сақтау үшін келіңдер, бірнеше қайтара оқиық. Енді, осы жаңылтпашты әр топтан бір-бір бала жатқа айтып шықсын. — Балалар, бор оқу құралына жата ма? — Иә, жатады. — Тағы қандай оқу құралдарын білеміз? — Енді айтыңдаршы, балалар, осы кітаптарды қайда сатады? — Кітап дүкенінде. — Олай болатын болса мына слайдқа назар аударайықшы. (Слайдта «Vita» кітап дүкенінің ролигі көрсетіледі). — Ал, айтыңдаршы балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар? — Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кітап дүкеніне барамыз». Бүгінгі сабағымыз – саяхат сабағы болады. Кітап дүкеніне жету үшін біз бірнеше аялдамадан өтуіміз керек. (Әрбір аялдамада тапсырма жасырынады және әрбір топқа аттары жазылған бағалау парақтары таратылады, балалар әрбір тапсырманы орындағанан кейін бағалау парақтарында өздерін бағалап отырады.) Біз алдымен жаңа сөздермен танысуымыз керек. Тақтаға назар аударыңыздар. Сөздер слайдпен шығып тұрады. — Алыс — Жақын — Қанша тұрады? — Аялдама — Сатып аламын. Хормен сөздерді, одан соң аудармаларын қайталаймыз. 2) Бірінші аялдама. Ал енді, осы жаңа сөздерді дұрыстап бекіту үшін мынадай жұптық жұмыс жасап көрейік. (Үлестірмелі кағаздар таратылады. Білімі нашарлау екі балаға орысша сөйлемдер таратамын. Білімі жақсы екі балаға суретті кәртішкелер таратамын). Бағалау жүргізіледі. Бірінші алдамадан өттік, енді неше аялдама қалды? Келесі аялдамаға көшейік. 3) Екінші аялдама. Жұптық жұмыс. Балалар, енді мына слайдтағы сұрақтарға мән берейік. (Слайдтан сұрақтар шығып тұрады.) -Менің үйім қай көшеде орналасқан? — Үйім қайда жақын? — Кітап дүкені неден алыс? — Дүкен аялдамадан алыс па? — Мен дүкеннен не сатып аламын? — Менде қандай кітап көп? (Енді осы сұрақтарға жауап беру үшін дискіден мәтін тыңдап көрейік. Мәтінді екі рет тыңдайды. Содан кейін әрбір топқа екі сұрақтан беріліп, жауап беру талап етіледі). Мұқият жауаптары тыңдалады. 1 топ жауап береді, 2 топ аударады, 3 топ бағалайды. 2 топ жауап береді, 3 топ аударады, 1 топ бағалайды. 3 топ жауап береді, 1 топ аударады, 2 топ бағалайды. 3) Үшінші аялдама. Жеке жұмыс. Балалар біз кітап дүкеніне келіп жеттік. Міне сөреде кітаптар толып тұр. Енді арамыздан бір сатушы шығып, қалғандарымыз сатып алушы болып «Дүкен» ойынын ойнап жіберейік. Балалар «Қанша тұрады?» «Қандай кітап ұнайды?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып диалогтық қарым-қатынасқа түседі. |
(Балалар бірнеше қайтара оқиды)
Балалар жатқа айтып шығады.
Балалар атап береді. Соның ішінде кітап деп айтқанда мынандай сұрақ қойылады.
Балалар «Кітап дүкені туралы» деп жауап береді. |
|
Рефлексия |
«Бағдаршам» әдісі бойынша.Балаларғабоялмағанбағдаршамның суреттері таратылады. Балалардың балауынан кейін мұғалім өз бағасын ацтады. Үй тапсырмасы беріледі. |
Олар төмендегі кесте бойынша бағдаршамды бояп тақтаға іледі Жасыл — түсіндім Сары — толық түсінген жоқпын Қызыл — түсінген жоқпын Балалар өз білімдерін, одан кейін бір-бірін бағалайды. |