+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тарих сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шарты ретінде рефлексивті-бағалау дағдысын қалыптастыру

 Құмарова Нұргүл Дайырбекқызы, «№46 орта мектебі» КММ-нің  тарих пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы заманауи мектептерде түлектердің өзін-өзі дамытуға қабілетін қалыптастыруды талап етеді. Тек қана дамыту емес, сонымен қатар дамуға үйрену – міне,  жаңа мақсатты талаптардың маңызы осы. Елбасымен оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша іс-әрекеттің Ұлттық бес жылдық жоспарын қабылдауы туралы нақты міндеті қойылған. Бұл міндетті шешу шартында тұлғаның басты функционалдық қасиеттері: талапкерлік, шығармашылық ойлауға және ерекше шешімдер табуға қабілеттілік, кәсіби жол тандауға дағдыланғандық, өмір бойы білім алуға дайындық болып табылады. Барлық берілген функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптастады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша бір қатар іс-шаралар өткізілуі керек.

 

     Білім беру мазмұнын жаңғырту – Қазақстанда жаңашыл білім берудің негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Пәндік білімімен қатар оқушылардың қызметі мен ойлауының әмбебапты әдістерін қалыптастару туралы сұрақ қойылады. Бұл дағдылар мектеп түлектеріне өзін-өзі анықтауда, мақсатты түрде өмірлік жоспар құру және өзін кәсіби ортада табуға жемісті болуға мүмкіндік береді.

Мақсаты: Тарих сабақтарында оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;
  • Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру.
  • Рефлексивті-бағалау дағдысын қалыптастыра отырып оқушылардың өз бетінше ізденуге ынталандыру

    Менің ойымша, мұнда рефлексифті дағдылар ерекше орын алады. Оқу үрдісінде дайын білімді алуға емес, керісінше проблемалық міндеттерді өзің шешу жолдарын табуға үйрету әлде қайда маңыздырақ. Ол үшін оқу үрдісінде осындай дағдыларды қалыптастыру бойынша арнайы ұйымдасқан әрекеттер, уақыт және орын болуы керек.

   Біздің әр қайсысымыздың міндетіміз  — оқушыларға пәнді толық саналы түрде игеруді және алған білімін  пайдалануды үйрету.  Менің ойымша, оның жемісті шешімі, оқушыларда рефлексивті-бағалау дағдысының қалыптасуына байланысты болып табылады.

Оқушылардың кері байланыс қызметін игеру дағдысы білім беру нәтижелерін анықтайды:

  1. психикалық, эмоционалды және денсаулық жағдайы;
  2. тәжірибелік сауаттылық деңгейі;
  3. коммуникативті құзыреттіліктің қалыптасуы;
  4. интеллектуалды және шығармашылық даму деңгейі;
  5. оқу еңбегінің мәдениеті;
  6. өз бетінше жұмыс, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
  7. өз бетінше білім алуға деген қажеттілік.

Рефлексия дегеніміз не? Шет елден енген сөздер сөздігінен оқимыз: «Рефлексия – ойлану, өз ойларын талдау, өзінің психикалық күйін ойлану, өз әрекетін талдауға деген бейімділік».

  Педагогикада рефлексивті қызмет туралы оқуды Л.С.Выготскидің теориясымен байланыстырады, білім беруді ойдың дамуымен байланысы туралы және рефлексияны өзіндік әрекеттердің санада пайда болуында екендігін анықтайды.

  Барлық оқыту, оқу қызметі болып табыла ма? Мен, жоқ деп ойлаймын. Егер оқушы өз бетінше қойған оқу мақсаттарынан шығатын, білім алу барысында оны жетілдіретін оқытудың жаңа әдістерін менгерсе, өз қызметін өзі бағалауды және өзін-өзі бақылауды, өзін өзі диагностикалау әдістерін игерсе, оқыту оқу қызметі болып табылады.

  Оқу әрекетінде деген рефлексивті қатынастың қалыптасуы негізінде білім сапасы, оқушы жауапкершілігі арта түседі және оқушы бойында тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асырылады. (1-сурет).

 

Міне, неліктен тарих сабақтарында мен оқушыларға келесі рефлексивті іс-әрекетті орындатамын:

  1. өз бетінше оқу міндеттері мен оқу қызметінің мақсатын анықтау;
  2. тақырыпты оқу алдында өз мүмкіндіктерін өзі бағалау және өзін-өзі диагностикалау;
  3. жаңа тақырыпты жемісті игеру үшін қажетті білімді терендету және кеңейту, білімдегі олқылықтарды жою бойынша өз бетінше жұмыс;
  4. болжамды өзін-өзі бақылауды іске асыру, яғни, қандай ережелерді басшылыққа алу керектігін және іс-әрекеттер қай ретпен жүретінін анықтау;
  5. оқу жұмысының әдістерін және оқу танымдылық қызмет жалпы әдістерін рационалды түрде қолдану;
  6. әр қадамдық және қорытынды өзін-өзі бақылау;
  7. мақсатқа жетудегі жетістіктерін өзін-өзі бағалау;
  8. өзін-өзі түзету бойынша қызметті іске асыру және жоспарлау;

   Менің көз қарасым бойынша, оқушылардың рефлексифті бағалау дағдыларының қалыптасуына, тарих сабағындағы әдістемелік ұйымдастыру әсер етеді.

    Бұл тақырып бойынша 2016 жылдан бастап жұмыс істеймін, қиындықтар бар, алайда өз тәжірибелік сыныбымда, 6 «К» сыныбында, оқу материалының мазмұнын тарихи білім беру мақсатын, бағдарлама талабын, оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып тандаймын, оны тақырып оқу алдындағы рефлексивті іс-әрекет анықтауға көмектеседі:

  1. сұрақтар бойынша әнгіме;
  2. тестік тапсырмалар;
  3. өз бетінше жұмыс;
  4. оқушылармен өзін-өзі диагностикалау парағын толтыру;

Денгейлі қалыптасудың психологиялық концепцияда ойлаудың үш кезеңі белгіленіп көрсетілген:
v   ынталандырушы-уәждік;
v   операциялы-танымдық;
v  рефлексивті-бағалау.

1. Ынталандырушы-уәждік кезеңде оқушыларға тақырыпты оқу алдында өздерінің шынайы мүмкіндіктерін бағалауға рұқсат ететін, тәжірибелік тапсырмалар ұсынамын, жаңа материалды оқу үшін қажетті теориялық мағлұматтарды өзектеймін, оқу жүйесінің міндетін және оқу қызметінің мақсатын қалыптастыруға, оның тәжірибелік маңыздылығын сезінуге, сабақтың тақырыбын ұғынуға көмектесемін.

2. Операциялы-танымдық кезеңде оқушыларға оқу материалының мазмұнын және оны тәжірибелік қызметте қолдану үшін жағдай жасаймын. Оқушыларды:

  1. іс-әрекеттің жалпылама әдістеріне: талдауға, синтездеуге, салыстыруға, ұқсастық бойынша пайымдауға, жүйелеуге және жалпылауға;
  2. оқулықпен, өздікпен, анықтамалық әдебиеттермен және басқа да ақпаратт көздерімен жұмысқа;
  3. қадамдық өзін-өзі бақылауға үйретемін.

3. Оқушыларда рефлексивті бағалау дағдыларын қалыптастыру кезінде, сызба,кесте, алгоритмдер құруға және оларды қызметте қолдануға үйретемін. Бұнын бәрі:

  1. материал көлемі бойынша оқушылармен маныздыны түсініп, сезінуге;
  2. аналитикалық ойлауды дамытуға;
  3. әр түрлі қиындық денгейінде тапсырманы орындау кезінде теориялық материалды түсіне отыра қолдануға;
  4. әр қадамын және қорытынды өзін-өзі бақылаудың, бірін-бірі бақылаудың орындалуына әсер етеді.

Үлкен көмек беретін маған, төмендегі игерілген педагогикалық технологиялар:

  • Ø ұжымдық әдіспен оқыту технологиясы;
  • Ø проблемалық оқыту технологиясы;
  • Ø ізденіс қызмет технологиясы;
  • Ø компьютерлік технологиялар элементтері;
  • Ø іс-әрекеттік технология.

Көбінесе, мен келесідей оқыту әдістерін қолданамын:

  • түсіндірмелі көрнекілік;
  • жартылай ізденіс;
  • проблемалық.

Танымдылық іс-әрекетті ұйымдастыру түрлерін әр түрлі қылуға тырысамын:

  • Ø жекелей;
  • Ø топтық;
  • Ø динамикалық және статистикалық жұптық жұмыс.

Оқушының пән бойынша дағдылану, білім кешенің игеру жолы бойынша жетістікке жету бағалаусыз мүмкін емес, сондықтан сабақтың рефлексивті бағалау кезеңіне көп көңіл бөлемін. Оқушылардың жалпы оқу дағдыларының қалыптасу денгейін білу мақсатында өз эксперименттік сыныбымда «Біздің икемділіктеріміз» диагностикасын өткіздім.

     Диагностика нәтижесінде оқушылардың оқу ұйымдастырушылық икемділіктерін меңгеруі – 57%, ақпаратты оқу икемділіктерін меңгеруі — 65%, коммуникативті оқу икемділіктерін меңгеруі — 50%, интеллектуалды оқу икемділіктерін меңгеруі — 50%  екендігін көрдік.

    Рефлексивті бағалау кезеңін төмендегі әдістемелік тәсілдердің көмегімен ұйымдастырамын: 

  • оқушылардың жауабына сын беру;
  • тестік тапсырмалар;
  • білімін және дағдысын өзін-өзі диагностикалау үшін тапсырмалар;
  • оқу деңгейін анықтауға тестер;
  • білім алу деңгейін анықтауға тестік тапсырмалар;
  • хронологиялық диктант;
  • өз бетінше жұмыс;
  • шағын сынақ.

   Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең менгеруге қол жеткізеді. Оны біз оқушылардың білім сапасынан жоғарлауын көреміз:

    Диаграмада көрсетілгендей зерттеу кезеңіндегі білім сапасын алғанда, білім сапасының жоғарлағаның байқаймыз.

Оқушылар өздерін эмоционалды сезіну үшін, белсенділік көрсету үшін, өз бетінше жұмысты көрсету үшін төмендегідей тапсырмаларды ұсынамын:  

  • оқылған тақырып бойынша негізгі түсініктерді және олардың арасындағы байланысты көрсететін сызбаны құрастыру;
  • оқылған тақырыптың  игеру деңгейін тексеруге болатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру;
  •  тақырып бойынша сұрақтар тізімін жазып оны қалай игергенің белгіленгенің;
  • тақырыпты оқу барысында сіз қалыптастырған дағдыларды атап өтініз.

    Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау менің өз әдісім – ізденіс, ізденіске жұмылдыру, проблемалық міндеттерді шешуге талаптандырады. Шәкірттерді берілген тапсырмаларды қызыға, ынталандыра орындауға, кез келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге үйрету. Осының арқасында оқушыларым келесідей жетістіктерге жетуде: 2016 жылы қалалық олимпиада Қаерқанов Р – 3 орын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Президент оқулары байқауында «Жас ғалым» номинация иегері Абдугалиева Малика, Қабден Айым Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Көк байрағым» атты мемлекеттік рәміздерге арналған қалалық сайыста 2 орын.  Оқушылардың функционалдық сауаттылығы бойынша Ұлттық жоспарды іске асыру критериалдық бағалау жүйесін енгізуге, оқушылардың өзін-өзі бағалауын, оқушылардың білім беру үрдісіне қызығушылықпен қарауына мүмкіндік береді.

     Ұлы педагог А.Дистервег: «Оқушыны жұмыс істей білуге үйрет, сол жұмысты тек қана жақсы көріп қана қоймай, оның екінші қасиеті болатындай етіп тәрбиеле… Не нәрсені болсын тек өз күшімен істей аламын деп ойлайтындай етіп үйрет, сонда ғана ол өзбетінше ойлап, ізденіп, өзін-өзі көрсете алатындай адам болып қалыптасады» деп айтқандай, оқушылардың дара ерекшеліктерін, мүмкіншіліктерін ескере отырып, оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру нәтижесінде оқу үдерісін жетілдіріп, оқушылардың сабақ үлгірімінің жоғарлауына мүмкіндік туғызып, танымдылық белсенділігі, ізденімпаздығын арттыруға болады.

 ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-әрекет жоспары 2012-2016 жылдарға.
  2. Әдістемелік нұсқау хат 2016-2017 оқу жылы
  3. Писаренко С.Н. Рефлексия и ее роль в преодолении профессиональных затруднений учиеля школы, Магнитогорск, 2002, 26 бет
  4. Тәңірбергенова А.Ш. Оқу әрекетінде деген рефлексивті қатынасты қалыптастыруды зерттеу бағыттары //Қазақстан орта мектебі 2008 №11, 3-7 беттер
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype