+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мен — табиғаттың бөлшегімін

Мухашова Роза Токеновна, «№27 орта мектеп» КММ-нің   мектепалды даярлық топ тәрбиешісі, Өскемен қаласы

 Мақсаты:
1.Табиғат   туралы  түсінік  беру, ауаны ластаудан сақтауға, табиғат бөлшектерінен жақсы қасиеттер  алуға үйрену.
2.Экологиялық  тәрбие  негіздерін  қалыптастыру.
3.  Қоршаған  ортаны ластамауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Психологиялық дайындық «Тек жақсылық ойлаймын»

«Біз ақылдымыз»

 Қызығушылықты ояту.

Бейне таспадан табиғат көрінісін, табиғаттан үйренейік көрінісін тамашалау.

Ой қозғау.

  • не көрдік?
  • Нені байқадық?
  • Сені қоршаған  табиғатта үнемі өзгерістер бола ма?
  • Табиғат нешеге бөлінеді?

Жұмбақ жасыру арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.

Жұмбақтар.

1.Тауда өсер, таста өсер,
Көктем менен жазда өсер,
Қыста өшер (Шөп)

 2.Су астында жұмыртқа ағарар,
Ұсақ мейлі, ірі мейлі,
Мәңгілік иірімейді Тас)

Табиғат

Тірі                                     өлі

 Шөп                                  Тас

 Көбейеді                          көбеймейді.

 Мазмұнын ашу
Айналамызға көз жіберсек, алуан  түсті  бояуға малынған  сұлу  көріністерді  байқаймыз. Ол суреттің  ішінде  ағаш  та, бұта да,  шөп те, гүл де, өзен – көл де,  тау мен тас та кіреді.
Бұлардың  бәрі  сені қоршаған  дүние  немесе табиғат деп аталады. Осы дүниенің  ішінде  сен де барсың.
Сен де  табиғаттың  бір бөлшегісің.

Экология әліппесін слайдтан оқып беру
Сурет бойынша  әңгімелеу. Оқушыларға суреттер беріледі сол бойынша  әңгімелейді.

Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады ма?

1. Адамдар табиғатта қалай қорғайды?

2.Табиғаттың бір бөлшегі ретінде  қандай пайда келтірер едің?

Суреттер арқылы топтастырады, әңгімелейді.

1.Бір түкті кілем,бір түксіз кілем (Жер, аспан)

2.Таңмен көзін  ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)

3.Күндіз бәрі қашады,түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

4.Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен  (су)

 «Ауаны ластаудан сақтау»

Слайдтан оқып беру.

 Жер бетіндегі  ауа үнемі  қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге жетеді. Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян. Өсімдіктер мен жануарларға да таза ауа керек.

  Сондықтан ауаны таза ұстау бүкіл халықтық іс. Ол үшін жерді көгалдандыру, гүл өсіру, ағаш отырғызу пайдалы.

 Слайдтан тыйым сөздер оқу

1.Өзіңді қоршаған ортаны ластама.
2.Ағашты сындырма, шөпті жұла берме.
3.Құстың ұясын бұзба.
1.Жан-жануарды жәбірлеме.

Әдеби монтаж
Табиғат – мәдениеттің табиғи үлгісі.

1.«Табиғат – біздің анамыз, біз – табиғатқа панамыз!»

2.Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат  та оған тәуелді.

3.Табиғат – ол  анамыз,
    Табиғатқа баламыз
    Құшағында ойнаймыз
    Шаттық әнге саламыз.

4.Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.

5.Гүлдер, гүлдер пәк қандай
Жаңа жауған ақ қардай
Таудың гүлі – таңның нұры,
Дала төсін кілем болып жапқандай

    Халық болжамдары
«Шөптің буыны тез қатайса, қыс ерте түседі»
«Құстар топталып төмен  ұшса күн жылы болады»
«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»

1.Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама.

  Ой шақыру

1.Табиғат нешеге бөлінеді?
2.Табиғаттан не үйрендің?
3.Табиғат   бөлшегі деп нені түсінесің?

Қорытынды:

Адам табиғаттың бір бөлшегі.
Табиғатты аялап сүйе білу азаматтық боршымыз.
«Табиғатты қорғау — өз өміріңді қорғау»  дегеніміз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype