+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау

Зайсанбаева Г.Н., «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренер,

Мергазина Н.М., ШҚО Ұлан ауданы Ново-Одесское ауылы Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

   Жүрек – рухтың ұясы, рухани санамыздың орталығы, ол біздің болмысымыздың қозғаушы күші, рухани қабілетіміздің қайнар көзі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады. Ал үлкен ағашы болғанда оны түзете алмайсың » - деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік талдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

 

     Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу- біздің міндетіміз. «Тәрбиесіз қолға білім салма», — деген екен ұлы бабамыз  Әл-Фараби. Ал ғұлама ғалым А.Байтұрсынов: «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек, тәрбиелі білім, тәлімді рух қажет. Тәрбиелі білім, міне – адам! Міне – тұлға!» — деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын басты деп  көрсеткен. Біз осы қағидаларды әрқашан жадымызда ұстап, алдымен  жаны таза, арлы, ұлты мен ұлттық құндылықты сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек.
     «Балалар Жаратқанның  жер бетіндегіндегі  жіберілген ең ғажайып құбылысы. Сол үшін біз, үлкендер, балаларға ерекше құрметпен қарап, айрықша қамқорлық жасауымыз керек» — деген Сара Алпысқызы [1].
        Сондықтан да мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Болашақ ұрпаққа тәрбие мен білім беретін, бала жанының бағбаны — мұғалімдер, сондықтан олардың ары таза, төзімді, кешірімді, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды және тағы да басқа қасиеттерге толы болуы шарт.
     «Мектепке алты жастан» деген еңбегінде  Ш.А.Амонашвили былай дейді: «Мұғалімнің біріншіден, балалар арасында өз беделін сақтап, нығайтып, екіншіден оны әр оқушыны адам етіп қалыптастыруға игі ықпал етуге пайдалану үшін  оның маңызы өте зор. Жақсы көрген мұғалімнің пікірі,  бағасы, оқушы үшін адамдарға, олардың сүйікті ісіне  қарым – қатынас жасаудың нұсқасы болып табылады. Сүйікті ұстаз – оқушының өмірге қарайтын мөлдірде таза әйнегі» [2].
     Өз бойында рухани құндылығы бар және ол құндылығы мол болса, ол бойындағы қасиеттерін ақылмен, өз шеберлілігімен дарынымен,  жүрек жылуымен ішке нұрын шаша біледі. Руханилық ең алдымен адамның өз-өзіне, басқа адамдарға, қоршаған әлемге деген ұқыпты адал қатынасынан, рухани-адамгершілік мүдделердің материалдық құндылықтардан жоғары тұруынан көрінеді. Түбегейлі өзгерістерге дайын қоғам күмәнсіз жарқын болашаққа қол жеткізеді. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру жүйесі қоғамдық сананы өзгерте отырып, оны рухани бағдарлармен байытып, мән-мағынаға толтыру арқылы өз қызметін білім алушы жастардың рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағыттауы қажет.
       Бүгінгі күні республиканың түпкір-түпкірінде  көптеген білім беру ұйымы пилоттық жобаға кіргізілді. Білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас тәрбие ортасын құру пилоттық жобаның мақсаты болып отыр. Соның ішінде Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданы Новоок-Одесск ауылында орналасқан Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп пилоттық мектептер тобына кіріп отыр.
      «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялауда оны басқа пәндердің мазмұнаына ықпалдастыра білудің маңызы зор.  «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау бойынша пән мұғалімімен бірлесе жасалған сабақ жоспарын әзірлеудегі әдіс-тәсілдермен бөліскіміз келеді. Сабақтың тақырыбы «Paint графикалық редакторын қорытындылау» 7-сыныптарға арналды. Құндылық:     Сүйіспеншілік таңдалынып алынды және  қасиеттері: сыйластық, мейірімділік, қайырымдылықты дамыту көзделді.

      Сабақтың мақсаты: қаріп, абзацтар, шегістер мен аралықтарды құруды үйрету. Ал білімділік міндетіне: Paint графикалық редакторының құрылымы мен функцияларының негізгі түсініктерін, сызықтар, тіктөртбұрыштар салу істерінің негізгі принциптерін қайталау және бұрын алынған теориялық білімдерді практикада игеру, дамытушылық міндетіне: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру белгіленді. Үшінші тәрбиелік міндетіне: сүйіспеншілікпен  бірлесе жұмыс істеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу міндеті қойылды.
    Сабақты жоспарлауда сыртқы және ішкі интеграция түрлері қолданылды. Сыртқы интеграцияда «Су асты патшалығына саяхат» тыныштық сәті өткізілді. Сабақ барысында оқушылар теңізбен саяхатқа шығып, «Сүйіспеншілік аралының» құпия картасымен танысады. Сүйіспеншілік аралына жету үшін, қиындықтарды жеңеді. Бұл қиындықтарды жеңуде бір-біріне мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерді іс жүзінде көрсетеді. Сонымен қатар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда «Теңіз пейзажы» тапсырмасы ұсынылып, мұғалімнің: «Енді практикалық жұмыс орындаймыз. Жаңа ғана теңіз туралы, балықтар туралы айтып кеттік, енді су астындағы әлеммен видео көру арқылы танысайық. Бұл видео сендердің осы кезеңнен сүрінбей өтулеріне көмектеседі деп ойлаймын. (баяу бойды жайлап алатын музыка койылады) Paint графикалық редакторын іске қосамыз» деген сөзімен жалғасын табады. «Теңіз пейзажы» деген тақырыпта компьютерлік бағдарлама арқылы сурет салады. Сабақты қорытындылауда оқушылар сүйіспеншілік құндылығының маңызына тоқталып, оған жету жолдары оңай емес деген пікірге келеді.
    Интеграцияланған сабақтар оқушыларға жанды білім беріп, оларды қанаттандырады. Бойларындағы жақсы қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Сондықтан пилоттық жобаны іске асыруда барлық пәндер бойынша интеграцияланған сабақтарды  өткізуді жоспарлап, тәжірибеге енгізу маңызды болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Назарбаева С.А. Назарбаева С.А. Этика жизни. Алматы, 2001
2.Амонашвили  Ш.А.В школу — с шести лет//http://pedagogic

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype