Мақсаты: СТО технологиясын қолдану арқылы оқушыларды тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету негізінде білім сапасын арттыру.
Жобаның міндеттері:
— ана тілінде еркін сөйлеу, оқу, тыңдау,жазу икемі мен дағдыларын дамыту арқылы коммуникативтілік біліктілікті қалыптастыру;
— тілдік дағдыларды қолдана отырып, білім сапасын, оқушылардыңзияткерлік әлеуеттерін арттыру;
— сын тұрғысынан ойлау қабілеті жоғары, ақпараттық кеңістікке еркін ене алатын функционалды сауатты тұлға қалыптастыру;
— тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеуі негізінде білімге құштарлықтарын арттыру.
Зерттеу нысаны: Оқу-тәрбие СТО технологиясын енгізу негізінде оқушының тұлғалық қабілеттері мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру үдерісі.
Зерттеу пәні: Білім сапасын көтеру және оқушылардың тұлғалық қабілеттерін арттыру арқылы өзін-өзі реттеуге, дамытуға үйретуде мұғалім мен оқушының субъектілік қарым-қатынасының әсері.
Жобаның методологиялық/әдістемелік негізі. Зерттеу нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеуді талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді. Педагогикалық квалиметрия құралдары арқылы оқушылармен жұмыстың сапасын өлшеу, сапаны бағалау жүргізілді. Мониторинг функциялары негізінде жұмыстың нәтижесі бақыланады, нәтижелер жүйелі түрде тексеріліп, түзету жұмыстары жасалынады және күтілетін нәтижелер анықталады.
Қатысушылар: Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 9 «А» сыныбының 23 оқушысы (14-15 жасар).
Қиындықтар аясы:
— оқушылардың барлығының қабылдауы бірдей емес, біреуі зерек,жаңа материалды тез қабылдап алады, енді бірі баяу қабылдайды, тағы бір рет қосымша түсіндіруді қажет етеді, өзін-өзі реттеу дағдылары төмен;
— мәтінмен жұмыс жасалған кезде, оқушы мәтін мазмұнын бірден толық түсінбейді, кейбір қиын сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріп беруге тура келеді. Сын тұрғысынан ойландыратын ашық сұрақтармен жұмыс істеуде қиындықтар кездеседі;
— мәтінді оқиды, түсінеді, бірақ айтылым дағдысында оқығанын өзгелерге көркем тілмен жеткізе алмайды, себебі ол баланың сөздік қоры аз, тіл байлығы жоқ;
— кейбір балалар орыс тілді отбасында тәрбиеленіп жатқандықтан, қазақша сөз саптауы қиынға түседі.
Жобаның болжамы: Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта, кәсіби құзыреттіліктерін арттыра отырып жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары күтіледі. Нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады, өзін-өзі реттеу дағдылары артады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынады, рефлексия жасауы, сол арқылы өз мақсатына жетеді, білімін дамыта отырып, қоғам өміріне белсене араласуы күтіледі.
Жобаның жаңашылдығы: Жобада СТО технологиясы арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталып, білім сапасын көтеруге әсері анықталды. Өзекті тақырыпты жүзеге асыру барысында экстроверт оқушылар саны артты, бұл тіл сабағы болғандықтан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен сыныптың білім сапасы артты.
Сипаттамасы. Жұмыс барысында ауқымды іс-әрекеттер мұғалімнің тәжірибелік эксперименттік жұмыста алынған өзекті ізденіс тақырыбымен байланыстырыла отырып, «СТО технологиясын қолдану арқылы қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында білім сапасын арттыру және оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы жоба жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының рухани даму және үштұғырлы тіл саясаты» бағдарламасын іске асыруға үлес қосылады. Оқу мен жазу арқылы СТО оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік берілді, қазақ тілі пәні бойынша білім сапасы артады [7]. Сондықтан мен өз жоба жұмысымды іске асыруды нақты жоспарлаудан бастадым.
ІІ-бөлім. Мақсатты бағдарлар
Күтілетін нәтижелер. Чиксентмихаи айтқан «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар болса,оқушылар ағыннан қалмай жұмыс жасайтынын ұғып, бірлескен оқу дұрыс ұйымдастырылғандықтан, белсенді оқу әдістерін қолдану оқушылардың өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына әсер етеді де, нәтижесінде сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Ол үшін ТЭЖ бағдарламасының әрбір кезеңі бойынша күтілетін нәтиже анықталып, жоба кезінде атқарылатын іс-шаралар жоспарланды (Қосымша Б).
1-кезең қорытындысы бойынша: мұғалім ТЭЖ тақырыбын, мақсат, міндеттер, күтілетін нәтижелерді анықтайды; оқушылардың психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін білуі үшін мониторингтік зерттеулер жүргізеді; мұғалім мен оқушылардың өзін-өзі дамытудағы жеке траекториясының болуын түсінеді; мұғалім ТЭЖ тақырыбы бойынша ғылыми еңбектер, әдістемелік нұсқаулық, жинақтар, мақалалар оқып танысу, талдау, облыстық, республикалық семинарларға қатысып, тәжірибе жинақтайды.
2-кезең қорытындысы бойынша: мұғалім«оқуды үйрететін» білім ортасын құруды, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, критериалдық бағалауды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытудың табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде Блум таксономиясын қолдануды меңгереді.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалар мен сайыстарға белсенділікпен қатысып, сынып оқушылары өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, жыл сайын өз жетістіктерін жоғарғы дәрежеде көрсете біледі.
3-кезең қорытындысы бойынша: мұғалімТЭЖ-ды сабақтарында қолдану нәтижесін бағалайды. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің тиімділігі мен сәтсіз жақтарын талдайды.ТЭЖ тақырыптары бойынша әдістемелік нұсқаулық, жинақтар, мақалалар шығарады, облыстық, республикалық семинарлар өткізеді. Саралап оқыту тәсілдері мен оқытудағы коммуникативтік, құндылықтарға,тұлғаға,іс-әрекетке бағытталған тәсілдердің тиімділігіне рефлексия жасайды. Оқушылар сын тұрғысынан ойлану арқылы өзін-өзі реттеуге үйренеді, ол білім сапасының көтерілуіне әсер етеді. Өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу дағдысы дамиды. Сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйренеді.
Күтілетін нәтижеге жету үшін өз білімімді әдістемелік, педагогикалық, пәндік әдебиеттер, басылымдарды оқу, cpm.kz, cmk.edu.kzт.б сайттар арқылы жетілдіріп отырдым.
Нәтижелілік (тиімділік) мониторингісі: Жобада көрсетілген мақсат, міндеттерді жүзеге асыру барысында пән бойынша білім сапасын және оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі реттеуін дамытуды бағалау үшін индикаторлар анықталып, оны бағалау критерийлері белгіленді.
Мониторинг функциялары негізінде жұмыстың нәтижесі бақыланады, нәтижелер жүйелі түрде тексеріліп, түзету жұмыстары жасалынады және күтілетін нәтижелер анықталады. Оқушының алға басуын академиялық үлгерім қорытындысының мониторингі бойынша, сондай-ақ лицей сыныбы болғандықтан, олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша белгілеуге де болады. Сонымен қатар оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі реттеу қабілеттерін анықтау мониторингі жүргізілді, ол балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Бағалаушылық кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған.
Психологиялық қызмет тарапынан келесі әдістемелер жүргізілді:Сыныптың әлеуетін зерттеу диагностикасы; «Оқушының психологиялық портреті» әдістемесі (Г.В.Резапкина); Рефлексивтілік даму сатысының диагностика әдістемесі (Карпова А.В).
Сынып оқушылары жаңашылдықты және ақпараттық дайындықты қабылдауға жеткілікті деңгейде дайын. Яғни, жақсы көрсеткіштің себебі сыныпта 4 үздік, 11 екпінді оқушы бар, оқушылардың 15 % креативті ойлануға бейімділіктері болса, 50% ашық сұрақтарға жауап берумен қатар, сайыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болған.
Көріп тұрғанымыздай, оқушылардың рефлексивтікке құлшынысы орта және сәл төмен жоғарғы деңгейді көрсетіп тұр. Ол дегеніміз — жеке өзінің «Мен» деген ұғымы шегінен тыс шығып, қандай да бір нәрсені «Мен» деген бейнесімен салыстыру арқылы ойлауын, зерттеуін, талдауын айтамыз. Рефлексивтілік, импульсивтіліктің, қарама-қарсысы сияқты, әрекет жасаудан бұрын, іштей барлық гипотезаларды қарастырады, «тапсырманың» барлық шешу нұсқаларын ескере отырып, оның ішінде шындыққа аз жанасатын жағын алып тастап, шешімді ойластырып қабылдайды, барлығын саралайды, салмаққа салады. Бұл оқушылардың сыни ойлана алатындығының дәлелі.
Тәжірибелік эксперименттік жұмысымның айқындаушы эксперимент кезеңінде зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамын анықтап, оның теориялық негізделуін жүзеге асырдым. Алынған диагностикалық сауалнама кезінде оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын, білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтерін, олардың жұппен, топпен жұмыс істеуде қарым-қатынасын анықтау арқылы тексердім. Нәтижесі бойынша қазақ тілі пәнінен әр оқушының жеке басының дамуының диагностикалық картасын жасадым. Жүйелі түзету жұмыстарының нәтижесінде білім сапасының артқанын байқадым.
Жобаны іске асыру барысында сынып оқушылары оқу бағдарламасын меңгерді. Әр оқу жылында білім сапасы көтеріліп келеді, оны екінші диаграммадан көруге болады. Оқушылардың оқуға деген ынталары жоғарылап,білім сапасы артты. Оның өсуі оқушылардың шығармашылық жұмыстармен айналысуы,өздігінен ізденушіліктерінің арқасында және пәнге деген қызығушылықтарына байланысты көрсеткіші өзгерді. Білім сапасын арттыру мақсатында оқушыны өздігінен іздену жұмыстарына баулып,шығармашылықтарына қолдау көрсетіліп отырды, нәтижесінде өзін-өзі реттеуге дағдыланды.
Тәжірибелік эксперименттік жұмысымның қазіргі қалыптастырушы сатысында оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру, сабақ барысында өздігінен іздене отыра білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбек етуге баулумен қатар, сабақта белсенді іс-әрекет арқылы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру- менің басты мақсатым. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейлерін анықтау үшін сын тұрғысынан ойлаудың ең пәрменді құралы Блум таксономиясын пайдалана отырып, 2015-2016 оқу жылынан бері тақырыптық тексерулер жүргізіліп келеді.Соның нәтижесі бойынша оқушы білімінің жеке даму бағыты мен жеке даму траекториясы анықталып, салыстырулар жүргізілді.
Осындай көрсеткіштер бойынша талдау жасай келе, оқушылық, алгоритмдік білім деңгейі жоғары болғанымен, эвристикалық, шығармашылық деңгейлерін арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін іздестірудің қажеттілігін аңғаруға болады.
ІІІ-бөлім. Жобаны жоғары деңгейде іске асыру үшін СТО технологиясы бойынша қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдері бойынша сабақтар жоспарланды. СТО тәсілдері, стратегиялары (Венн диаграммасы, қос жазба күнделігі, РАФТ, IDEAL, борт журналы) сабақтың әр кезеңі үшін дұрыс талданып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға негізделіп қолданды. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл қазақ тілі пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылды. Мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға дағдыланды. Оқушылардан ТЭЖ қолдану барысында ұтымдылық, сынаржақтылықтың болмауын, пайымды байқадым, менің скаффолдинг көрсетуімнің нәтижесінде оқу, тілдік мақсаттарға жете отырып, ойлау дағдыларының деңгейінің өскенін байқадым.
Жоспарға сай қазақ тілінен «Лепті сөйлем», «Стиль,оның түрлері» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі, ана тілге деген сүйіспеншілігі байқалып, жұптық жұмыстар орындалып, топтар арасында көшбасшылыққа ұмтылу байқалды. «Көп тіл білу-табысты болашақтың кепілі» атты үштұғырлы тіл саясатына қатысты семинар өткізілді. «Шеберлік сыныбында» берілген тапсырмалардың ой салғандығы қатысушылар арасында қызығушылық туындатты. Жыл сайын өтетін пәндік, лингвистикалық, «Жарқын болашақ» атты олимпиадаларға қатысушылардың саны артып келеді. Осы бағытқа бейімделген оқушылар оқу бағдарламасы аясында қалып қоймай, қосымша материалдармен дайындалу әдісін қолға ала бастады. Түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атанған оқушылардың қызығушылықтары артты. Олар өзге де оқушыларды өз қатарларынан көрінуге ықпал етіп, топтарын көбейтуге атсалысты.
Жобаның орындалуына арналған әдістемелік ұсыныстар:
— мұғалім сто құралдарының бірі блум таксономиясының сатыларының етістіктерін білуі және түсінуі керек, ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтап, тәжірибеде тапсырмалар мен сұрақтарды блум таксономиясы бойынша қолдана алуы қажет;
— оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек, ол арқылы өзін-өзі реттеуге үйретеді;
— мұғалімдер кері байланыс көмегімен және модельдеу, саралау, көрсету, сұрақ қою, бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсету керек, ол арқылы білім сапасын артыруға болады;
— оқушылардың рефлексиясын жетілдіру. Ол үшін өзін-өзі реттейтін тұлға ретінде қалыптастыруда эмоционалдық интеллектісін (EQ) дамыту, Кротвелл таксономиясын, КРТБЫ (КРЭАМ) – өзіндік реттелетін оқудың мета стратегиясын қолдану.
Қорыта келгенде,тәжірибемнің мықты және әлсіз жақтарын зерделеп, әр жолы сабаққа қатысқан әріптестер мен оқу ісі меңгерушілерінің ұсыныстарын, басымдықтарымды ескере отырып тәжірибемді жетілдірдім. Жоба көлемінде оқушының өздігінен ізденуіне, функционалдық сауаттылығын арттыруға.шығармашылығын дамытуға жәрдемі тиетін әдіс-тәсілдер мен іс-әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні даусыз.Дүниетанымы кең,шығармашылығы мен логикалық ойлау қабілеті жоғары, сауатты адам бүгінгі заман талабына сай адам болып есептеледі. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2015 жыл 13 қараша., № 398 – V///http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36484185
- Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. — Астана. — 2010.
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс-қимыл жоспары.2012 25.06 №832 Үкімет қаулысы.
- Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.- Алматы, 2013. – 447 Б.
- 2017-2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2017
- Үшінші негізгі деңгей. Бірінші бетпе-бет ресурстары.- https://www.cpm.kz
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.- «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – Б.43-48, Б.49-53