+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңа жыл – жаңа нұр (Тәрбие сағат)

Искакова Эльмира Ерлановна, «Әди Шәріпов» атындағы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Әди ауылы, Жарма ауданы

 Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру
Тәрбие сағатының міндеті:
Білімділік: Оқушыларды шығармашылыққа, шығармашыл ойлай білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

 Тәрбие сағатының түрі: тәрбие сағаты 

Тәрбие сағатының типі: кеш
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері:  ойын, сұрақ-жауап
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: қарлар, аққала
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа Жыл мерекесіне арналған «­Жаңа жыл – жаңа нұр» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Любимый всеми праздник, Новый год,
Уже в пути, он скоро к нам придет.
Ну а пока я предложить вам рад
Веселый новогодний маскарад!
 3-жүргізуші:
Good afternoon, Dear teachers, dear peoples and dear guests! Welcome to our contest! Our congratulations of the Happy New Year!
1-жүргізуші:
2018 жыл – ит жылы. Ит – адамның жақын досы. Келе жатқан ит жылы әр шаңыраққа береке, қуаныш, мол байлық алып келсін. Алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы Сембинов Есен Қалиасқарұлына береміз.
2-жүргізуші:
С вьюгой, ветром и морозом
Зимний праздник к нам идет.
И, конечно, Дед Мороз нам
Всем подарки принесет!
1-жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
2-жүргізуші:

Начинаем наш новогодний праздник! Но нам чего-то не хватает для настоящего веселья. Конечно же, волшебства! А волшебство всегда приходит к нам в Новый год с Дедушкой Морозом. Где же наш сказочный Дед Мороз со своей внучкой? Дедушка Мороз!
1-жүргізуші:
Қане, барлығымыз Аяз ата, Ақша қар деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп келіп қалар.
Аяз ата: айналайын-ау, ақшақар, неге кірмей тұрсың?
Ақшақар: ешқайда да барғым келмейд. Үйге қайтқым келеді.
Аяз ата: біз тойғы келдік. Қане, келе ғой! Балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Барша балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Рахмет, рахмет балаларым. Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер.
Қарашы бәрі әдемі киініп алыпты. Шырша да әдемі безендірілген екен. Бәрі тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын тойлайық.
Ақшақар: мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.
Аяз ата: Бұл шыршаны мен өзімнің таяғыммен жаға саламын. Ал, сен, Ақшақар көп мұңая бермегейсің.
Ақшақар: Қойыңыз, ата. Сіз бұл таяғыңызбен шыршаны қатырып тастайсыз.  Жүгіріп ойындар ғылымының докторы келеді:

-Мен қайда тап болдым?
-Сен Әди шаһарындағы «Жаңа жыл – жаңа нұр» атты кешке келдің. Өзің қайдан жүрсің? Кім боласың?
-Мен ойындар ғылымының докторымын.
-Мен көрші шаһардағы жаңа жылдан шығып едім. Онда қызықты ойындар ойнаттым. Балалар өте көңілді болды.  Дала қатты боран екен. Мені ұшырып осында әкеп тастады. Жолда мына таяқшаны тауып алдым.
-Ооо, бұл менің сиқырлы таяғым ғой. Енді шыршаны жағуға болады. Қане бәріміз бірге «Қуант, бізді таңырқат. Шамдарыңды жарқырат» деп 3 рет айтайық.
Аяз ата:
Құтты болсын балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді де беріп ем.
2-жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым
Жаңа жылды жырлайық.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Сәлеметіңдер ме, балалар!  Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
1-жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем сізге Аяз ата, Ақша қар,
Сіздер барда әсем әндер шырқалар.
2-жүргізуші:
Нарядилась наша елка,
Словно девица-краса,
В разноцветные игрушки,
Вот какие чудеса!
Друзья, а какие песни про елочку и Новый год вы знаете?
В круг скорее к нам вставайте,
Дружно песню запевайте.
Заведем мы хоровод,
1-жүргізуші:
Қане,балалар, Аяз Ата Ақшақарымызбен бірге ортамызда тұрған әп-әдемі шыршамызды айталып ән айтайық (шыршаны айналып ән айтады).
 1-жүргізуші:
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар,
Алға шығып өлең-тақпақ айтыңдар.
Жаңа жылдан сыйлық алып қайтыңдар (Оқушылар тақпақтарын айтады).

Ән: «»
1-жүргізуші:
Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың сендерге дайындап келген жұмбақтары бар екен. Соларды шешіп, тәттілер алайық (Аяз ата мен Ақшақар жұмбақтарын айтады).
Жұмбақтарын айтып болған соң:
2-жүргізуші:

Спасибо, Дедушка Мороз и Снегурочка, что заглянули к нам на праздник! Садитесь, сейчас ребята будут выступать.
Дед Мороз шел долго дальнею дорогой.
Сядь у нашей елочки, отдохни немного!
Ойындар ғылымының докторы:
-Ал, енді ойын ойнайық. Бірінші ойыным «Билейік» деп аталады. Оған 5 ата-ана балаларымен керек. Ортаға 4 орындық қоямыз. Орындықты айнала билейсіздер. Музыка тоқтағанда тез орындыққа ата-аналар отыра қалады. Балалар өз анасының не әкесінің алдына отыра қалуы керек. Кім кешіксе сол ойыннан шығып қалады. Солай жеңіпазды анықтаймыз.
— Ойын күшті ойнайды екенсіздер. Енді мен біраз демалып алайын. Кештің арасында ойындарымды ойнатамын.
-Жақсы, отыра ғой.
1-жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Бізден де әнші табылар.
Ал, ағайын, тұрмайық,
Жаңа жылды жырлайық.
 ___-сынып оқушыларының  орындауында « _________» әні. Қарсы алайық.

2-жүргізуші:
Звездочки на елочке хороши,
Пляшут возле елочки малыши.
Ножки деток маленьких не стоят,
Танцевать на празднике все хотят.
Встречаем  группа «».  Танец  __________
1-жүргізуші:
Жаңа жылға жол болсын.
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл бол шын.
Ойындар ғылымының докторы:
Келесі ойыным «Селфи» деп аталады. Оған 5 бала керек. Ұялы телефонды алып, алдыңғы камерамен мен айтқан адаммен немесе бір затпен фотоға түсіп тез отыра қалуларың керек. Кім соңғы отырады сол ойыннан шығады. Бірінші, көйлек киген адаммен селфи жаса. Екінші, мойынына жылтыр таққан адаммен селфи жаса. Үшінші, шыршамен селфи жаса. Төртінші, қызғылт түсті киімі киген адаммен.
2-жүргізуші:
Золотыми огоньками
Светит елочка для нас,
Мы притопнем каблучками,
Вот так весело у нас.
Ойындар ғылымының докторы:
Ойынымыз «Смайлик» деп аталады. Ойынға 3 адам қатысады. Жылдамырақ ортаға шыға қалайық. Ән қосылады, сол әнді айту керек. Ән айтылып жатқанда смайликтер көрсетіледі. Смайликтегі көңіл-күйге қарай сол әнді айту керек. Кім көңіл-күйді жақсы көрсетіп ән айтады сол жеңімпаз болады.
1-жүргізуші:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық, бірлік туыстық,
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.  ___сынып оқушысының орындауында ән:
Ойындар ғылымының докторы:
Келесі ойыным «Көрші» деп аталады. Қане, кім ортаға шығады? 4 оқушы қатысады. Балалар, сендер тістеріңді көрсетпей «Здравствуйте, миссис Мимбл. Поздравляю вас с Новым годом» деп айтуларың керек. Кім тісін көрсетпей айтады сол жеңімпаз болады.
2-жүргізуші:
Елка, елка, что за диво!
Как украшена красиво.
Много шишек, фонарей.
Дед Мороз сидит под ней.
Ойындар ғылымының докторы:
Сіздер, лоторея ойнағыларыңыз келеді ме?  Ендеше бастайық.
1-жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын-сауық құрайық,
Әннен шашу шашылсын
Жаңа жылға лайық!
Ән:
Ойындар ғылымының докторы:
Менің тағы бір ойыным бар. Ол «Кім жылдам?» деп аталады. Ортаға 3 ата-ана немесе ұстаз және 3 оқушы керек. Сонда 3 жұп болады.  Ойынның шарты былай: үлкен кісілер отырады. Олардың артынан бір сөз көрсетіледі. Әр сөзді алдарында тұрған балалар қимылмен көрсетіп түсіндіріп береді. Қай жұп көп сөзді табады, сол жұп жеңіске жетеді.
1-жүргізуші:
Бәрекелді. Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын,
Біз тілейміз Ақша қардың пәктігін.
Аралаймыз ақ ормандай ойларды,
Аялаймыз ару құстың ақ түнін. 4-сынып оқушыларының орындауында «Жаңа жыл» әні.
Ойындар ғылымының докторы:
Балалар, өнерлерің керемет екен. Лотореямызды әрі қарай жалғастырайық.
3-жүргізуші: Group: Jingle. Song: Jingle bells.
Ақшақар: менің сіздерге арнаған өлеңім бар. Соны қабыл алыңыздар.
Дед Мороз:
А теперь и нам с внученькой пора , нас ждут другие дети…
Снегурочка. Да, нам пора уходить. Счастливого Нового года, ребята! Слушайтесь старших и растите здоровыми!
Дед Мороз. До свидания!
1-жүргізуші:
Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз.
2-жүргізуші:
Уважаемые гости, учителя! 
1-жүргізуші:
Құрметті достар!
2-жүргізуші:
 Позравляем вас С Новым Годом. Желаем вам и вашим близким крепкого здоровья, открытого небо, счастья и всех земных благ.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype