+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектепке дейінгі білім беруде ойын технологиясын қолдану арқылы балалалардың танымдық қабілетін қабілетін дамыту

 Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың  ҒЖ(Г)ПОӘ және ИТ кафедрасы аға оқытушы
Смайлова Нургуль Советовна,  «Ақбота» жеке меншік ясли-бақшасының әдіскері, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы

       Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы мен оның гүлденуінде балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың қоғамдағы орны өте маңызды.
     Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алдағы білім беру әрекетіне табысты дайындықтың негізі ретінде бала дамуының мектепке дейінгі кезеңінің мәні ерекше айқындалған.
       Мектепке дейінгі балалық кезеңде тұлғаның даму негіздері қаланады және шығармашылық қабілеттері қалыптасады.
     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жетілдіруге ықпал ететін жаңа тәсілдерді талап етеді.

 

       Мектепке дейінгі ұйымның міндеті балаға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, әлемнің бейнесін қайта құрудың тәсілдерін танытуға және өнердің тілін түсінуге, танымдық-эстетикалық және мәдени-коммуникативтік қажеттілікті еркін таңдауды іске асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік мәдени заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру.
       Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны модельдеу балалардың өзара әрекетіне, ынтымақтастығына, бірлесіп үйренулеріне жағдай жасайды. Егер ортада мәдени-танымдық дамуы жеткілікті жоғары деңгейдегі балалар болса, олар қызықты модельдерді, бейнелерді шығармашылықпен құра алады немесе, керісінше сенсорлық тәжірибесінің даму деңгейі төмен балалар болса, ортадағы орналастырылған элементтердің үлгілері оларға да жемісті нәтиже алуға мүмкіндік береді.
       Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына септігін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.  Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды.
       Мектепке дейінгі білім беруде балалармен жұмыс жасау кезінде инновациялық технологияларды қолдануда ойын технологиясы тиімді.
     Ойын тәрбиешi мен баланың, балалардың бiр-бiрiмен еркiн ынтымақтастығы негiзiнде құрылып, баланың өзiндiк белсендiлiгiне, өзiн барынша толық ашуына ықпал ететiн деңгейде ұйымдастырылуы тиiс.
       Ойын — мектепке дейінгі  балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала  өмірінде тәрбиенің  шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын  негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да —   болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек:  әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.
       Ойын – адам әрекеттерінің негізгі мән-мағынасын игереді. Мұнда ересектер әрекетінің амалдық-техникалық қыры қысқартыла қайталанады.
       Ойын әрекетінің пәні: белгілі әлеуметтік қызмет атқратын ересек адам.
       Ойын әрекеті арқылы бала осы шақта әрекеттің ішкі жобасын құрып үйренеді.
      «Ойын педагогикалық технологиялары»ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі –оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады.Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетінеқұлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады:
       — балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;
       — оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;
       — оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
       — оқу іс-әрекетінедидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;
       — дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;
    — оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.
        Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:
       — оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы;
       — танымдық,тәрбиелеуші, дамытушы;
       — репродуктивті,өнімді, шығармашылық;
       — коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т.б.
    Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.
       Ойын іс-әрекетініңпсихологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.
       Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:
       — заттық іс-әрекет;
       — адамдар арасындағы қарым-қатынас;
       — қоғамдықтәртіптің ерекшеліктерін орындау.

       Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:
       — дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдықіс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажетбелгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);
       — дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);
       — тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдықпозицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);
       — әлеуметтендіруші(қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.).

       Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзіндеуайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды.
       Балада бір заттың қасиетін басқа затқа ауыстыруғамүмкіндік беретін көз алдына елестету және танымның саналы іс-әрекетіқалыптасады, өз сезімдерінде бағдар туындайды және олардың мәдени көрсету дағдылары қалыптасады, бұл балаға ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қосылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекетін меңгеру нәтижесінде оқытудың қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалау іс-әрекетінедайындығы қалыптасады.
       Педагогтың міндеті – балалардың еліктеуге бейімділігіне сүйеніп, оларға шығармашылық әрекетке қажетті дағдылар мен біліктерді дарыту, дербестікті, алған білімдері мен біліктерін қолдануда белсенділікке тәрбиелеу, сын тұрғысынан ойлауды, мақсаттылықты қалыптастыру.

 Әдебиеттер
1. Современных образовательных программ и технологий в работу дошкольных организаций: методическое руководство. − Астана, 2013. – 48 с.
2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын жаңартудың әдіснамалық негіздері. Монография – Астана, 2010. – 250 б.
3. Смирнова Е.О.Дошкольная педагогика от Фребеля до «Истоков» (Обзор педагогических систем и программ дошкольного воспитания) :Учебное пособие. –Киров , 2003.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype