+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Табиғат тамашасы

Нұғманова А.,  Балдырған балабақшасының тәрбиешісі, Ақсуат ауылы, Тарбағатай ауданы

«Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы

      Күні:16.01.2018 ж.
      Білім беру саласы: Әлеумет
      Бөлім: Экология
      Тақырыбы: Табиғат тамашасы
      Мақсаты:Балалардың ақыл-ойын, түсінігін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын,зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке өз ойын жеткізе білуге табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі-түсті пішіндер, қақпа, сандық, тас, су, топырақ.
Кіріктірілген оқу-қызметі: ҚМҰҚ, көркем әдебиет.


Оқу-қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің  әрекеті

Балалардың  әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

— Балалар,  бүгін күн ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын:

Әдепті елдің баласы.

Иіліп сәлем береді.

Айдай арайлап,күндей жайнап, жұлдыздай жарқырап бүгінгі күнді қарсы алайық.

Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, Көк аспан!
Сәлем саған, Күн ана!
Сәлем саған, достарым!

Балалар келген қонақтар мен достарымен амандасып,таңғы тілектерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емес пе, сондықтан ешқашан жамандық жасама, жақсылық қана ойла.

-Балалар, терезеден далаға қарайықшы.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Бізді қоршаған не?

-Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жұмбақ шешімін таба отырып, сюжетті

сурет құрастырамыз.

Алдыларыңдағы берілген

Суреттер арқылы. Егер тапсақ, бізге берілген «сиқырлы қақпалар» ашылады.

 Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.

Көк көрпенің мақтасы,
Әр жерде жүр бытырап.

Біріктіруге қол жетпес,
Болды-ау шіркін ысырап.

 Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.

 Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Қыс суретін құрастырып, әңгіме құрайды.
Мінекей «табиғат ана» ризашылығын білдіріп сиқырлы қақпамызда ашылды. Сиқырлы қақпа ішінде күміс қақпа бар екен.

Күміс қақпа ашылу үшін қақпа алдындағы хатты ашып көрейік. Бізге сұрақ берілген.

-Табиғат деген не? (слайттан көрсету.)

Табиғат екіге бөлінеді екен.

Тірі табиғат және өлі табиғат.

Өлі табиғатқа: тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады.

Тірі табиғатқа: адамдар, жануарлар, құстар, гүлдер, ағаштар жатады.

Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп-өнеді, қозғалады, сөйлейді.

Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, жүрмейді, қозғалмайды, өсіп-өнбейді.

Мінекей, балалар, күміс қақпамызда ашылуда. Күміс қақпа ішінде алтын қақпа бар екен.

-Балалар,  қараңдаршы алтын қақпа алдындағы ыдыстарда су, құм, тас бар екен. Бұл қай табиғатқа жатады?

Енді суға, құмға, тасқа тәжірибе жасап көрейікші.

Тәжірибе: (қауіпсіздік ережесін естеріне түсіру) ыдыстағы құмды қарау.

Ұсақ бір-біріне жабыспайды.

Ыдыстағы құмды жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған  түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйсада жылтырап жата береді, түрі-түсі өзгермейді.

Майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлеседе қозғалмайды. Ауыр зат.

Келесі алдыларыңдағы суды ішіп көріңдер.

-Судың дәмі бар ма екен?

-Иісі бар ма?

-Түсі бар ма?

Енді ыдыстағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар.

-Қант қандай күйге енді?

Келесі ыдыстағы суға құм салып көрейік.

-Құм ериді ме?

-Құм стақан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.

Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп алтын қақпа ашылды.Алтын қақпа ішінде алтын сандық бар екен.Алтын сандықты ашу үшін жақсы игі істер жасауымыз керек. Жақсы игі істер жасамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Өзен болып гүрілдейміз,
Теңіз болып толқимыз.
Бұлақ болып бұрқылдаймыз,
Ешқашанда сарқылмаймыз.

Ғажайып сәт:

Бұтағы сынған ағаш келеді.

-Менің бұтағымды бұзақы балалар сындырып,құстың салған ұясында құлатып кетті.

-Балалар,  біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік.Ұяны орнына орналастырайық.

-Рахмет сендерге, балалар.

Нұрсұлтан: Апай жұмыртқа жыбырлап жатыр.

-Міне ғажап.Жұмыртқадан балапан жарып шықты.Жаңа өмір басталды деген осы.

(жұмыртқа ішінен Нұрай шығады,балапан биін билейді)

-Нұрсұлтан достарыңа арнаған тақпағыңды айта ғойшы.

Өсіруге балапан,
Құстар ұя салады.
Тақия тұзақ салмайақ,
Қайғысына қалмайық.
Әдейі көздеп атпайық,
Көп күнаға батпайық.
Құс ұясын бұзбайық,
Жұмыртқасын алмайық.
Обалына қалмайық.

-Міне ғажап алтын сандық ашылды.

 

 

 

-Қыс.

-Табиғат.

 

Жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

 

 

 

 

Қар.

 Бұлт.

 

 Күн.

  

Ағаш.

 

 

 

 

 

-Ағаш, ауа, су, аспан, гүл т.б.

 

 

Суретін көріп тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

-Өлі табиғат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 -Жоқ.

-Мөлдір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің көрсетуімен қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.

 

 

 

 

Ағаштың бұтасын байлап береді.

Ұяны орнына қояды.

 

 

 

Нұрсұлтан достарына тақпақ айтады.

Рефлексиялық түзетушілік

Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған нақыл сөзі бар.

Табиғат-тал бесігің, аяла, қорғай біл,тазалығын сақта!

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат.

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

-Балалар, бүгін не білдік ,не үйрендік?

Балаларды мақтау, мадақтау.

Қоштасу шеңбері:

Бәріміз дос бауырмыз,
Ажырамас іргеміз.
Қиындыққа мойымай,
Сау болыңыз дейміз біз.

 

Нақыл сөздерді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

  

 Қоштасу шеңберін жасайды.

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype