+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Сейтек Оразалиев «Сексен ер»

Бралинова Кулшарат Каркенқызы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның домбыра сыныбының мұғалімі, Үлкен Нарын ауылы, Катонқарағай ауданы

Ашық сабақтың мақсаты: Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп, домбыраға деген оқушының рухани байлығын арттыру, күйді нақышына келтіріп ойнау.
Білімділігі: Сейтек күйшінің өмір баянымен таныстыру, күйінің орындалу ерекшелігін көрсету.
Дамытушылығы: Күйді ойнап көрсету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.
Тәрбиелігі: Күй өнерін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дайындалған буклеттер, сөзжұмбақ.

 

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушунының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру: Шығарманы орындамас бұрын хроматикалық жаттығумен қол жүргізу.
3. Актуалдау. Сөзжұмбақ шешу.
4. Жаңа сабақ. Сейтек Оразалыұлы дарынды күйші, сазгер, қазақтың төкпе күй әдісінің негізін салушы.Ол 1861 жылы Батыс Қазақстан обылысының Орда ауданында туған. 1933 жылы қайтыс болған, Астрахань облысының Қарабайлы ауданында жерленген. Сейтек заманында әділетсіздікке қарсы шыққандығы үшін қудаланып, Орда Иркутск, Астрахань, Москва түрмелерінде қамауда болған.1897 жылы Сібірге жер аударылды.Осы кезеңдерде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарған. 1905 жылы каторгадан босап еліне оралады.Анасымен баласының қайтыс болғанын естіп,өзінің қайғы қасіретін білдіретін «Жоқтау», «Ғазиз», «Заман-ай» күйлерін шығарған.
Бүгінгі сабағымызда Сейтектің «Сексен ер» күйін үйренеміз.
Күйдің шығу тарихы: Ордада құрылған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген, қазақ жастарынан құрылған 130 адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнікешов басқарған болатын. Осы бөлімше 1919 жылы 15 декабрде Ордаға келіп аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандалардың жасырын әрекеттері әлі де тоқталмаған кезі еді. Қолдарында қаруы жетіспеген, әрі әскери тәжірибесі жоқ, жаңадан ұйымдасқан осы бөлімшенің Ордаға келгенін, елін сатқан жексұрын Мылқайдар деген біліп қойып, Анохиннің бастауындағы бандаларға хабарлайды. Түн ортасы ауа Анохиннің бандалары бейқам жатқан 130 жігітті қоршап алады. Тірідей жау қолына түсуді ар көрген әскерлер қарулы жаумен алпарысады. Осы соғыста 50 адам тірі қалады да, 80 жігіт қаза болады. Осындай халықтың азаматтығы мен бостандығы жолында құрбан болған сексен жігіттің өліміне Бейсен Жәнікешов:
Аттанып Нарынқұмға баралық та,
Қылышты қызыл қанға малалық та.
Кешегі құрбан болған сексен жігіт,
Жолына Мылқайдарды шалалық та! –
деп, қалған сарбаздарды ертіп Нарынқұмға аттанады.Құмдағы шағыл арасында жасырын, қашып жүрген Мылқайдардың басын кесіп алады. 80 жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек: «Қайран, қапыда кеткен ерлерім-ай» — деп «Сексен ер» атты күйін тебірене отырып шығарады.
Күй орындалады. Сейтек күйлері ішкі мазмұнға бай талғамдары терң, әуен сазы мұңды болып келеді. Бұған қоса,ол домбыраның бар мүмкіндігін еркін пайдалана білген.Сейтек түрікпен күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланады. Бұл перне қазір де «Сейтек пернесі» деп аталады.
«Сексен ер» күйі соль минор тональдігінде жазылған.Кездейсоқ қозғау белгілері ми бекарь, фа диез өлшемдер ауысып отырады. 2\4, 3\4. Ал енді нота бойынша күйді талдаймыз.
5. Дамыту: Күйді нота бойынша талдау, тактілеп жұмыс жасау.
6. Бекіту:  Сейтек Оразалыұлы қай жылы дүниеге келген?
Сейтектің анасы мен баласы қайтыс болғанын естігенде шығарған күйін ата.
Сейтек қай жерде жерленген?
«Сексен ер» күйі қандай тональносте жазылған?
«Сексен ер» күйінде қандай кездейсоқ қозғау белгілері бар?
7. Қорытындылау: Қазақ халқының біздің өмірімізге дейін сақтаған асыл мұраларының бірі – күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде, дүнтеге келген күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан-қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Ендігі біздің мақсатымыз осы күйлерді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.Қазақ халқының күй өнерін құрметтей білейік.
8.Үйге тапсырма: «Сексен ер» күйін берілген жерге дейін жүргізіп ойнау.
9. Бағалау.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра»
Мақсаты: Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп, домбыраға деген оқушының рухани байлығын арттыру, күйді нақышына келтіріп ойнау.
Міндеті: Ұлттық аспаптың сауатын арттыру, аспапта ойнау, шеберліктерін шыңдау, есте сақтау, ырғақ, зейін, түйсіну т.б.
Біліктілік: Домбыра аспабының құрылысын, дыбыс бояуын түсіндіру, шығармалармен күйдің түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыны ұлттық өнерді сүйуге, ұлттық аспаптарды қадірлеуге үйрету, ұлттық өнерге бейімдеу.
Дамытушылық: Музыкалық шығармалар, күйлер арқылы оқушының ой-өрісін дамыту, домбыра тарихын білуге деген қызығушылығын ояту, техникасын меңгерту.
Күтілетін нәтиже: Дұрыс бағытта оқытылып, үйренген оқушы.
Сабақтың типі: Күйдің жаңа бөлімін меңгерту.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype