Курс барысында мұғалімдер жалпы білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен, өзгешелігімен танысады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, белсенді оқу стратегияларын, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериальді бағалау жүйесін қолдануды меңгереді. Сабақ беру үдерісінде негізге алынған құжаттармен-оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен жұмыс жасайды. Еліміздегі қолдануға ұсынылып отырған жаңа білім беру бағдарламасының ерекшелігі — оның жиырма бірінші ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында. Яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту. Мұғалімдер тек теорияны меңгеріп қоймай ,алған білімдерін өз сабақтарында қолдануда. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарда қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын мақсат-міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Дәстурлі сабақ кезінде оқушы тек тыңдаушы,орындаушы ретінде көрінген. Қазіргі таңда оқушыны қалыптастыруға мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:
— оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
— оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
— жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету;
— критериальді бағалауға үйрету;
— жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу;
— тез әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту;
— талабын ұштап, қиялын дамыту.
Осы орайда жаңадан еңбек жолын бастаған жас ұстаздарға көмегі тиер деген ниетпен төменде химия пәніне 7-сыныпта өткен бір сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.3А Химиялық реакциялар Мектеп: «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ Күні: Сынып: 7 Б Мұғалім: Жунисова Гулнар Жумагалиевна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакциясы |
|
|
Оқыту мақсаты |
7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау 7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|
|
Қауіпсіздік ережесін сақтайды; Реакцияны бақылайды |
||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||
|
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакциясын сөзбен жаза алады |
||
|
Кейбір оқушылар: |
||
|
Белсенділігі әр түрлі металдармен жүретін реакцияларға салыстырмалы сипаттама жасайды |
||
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы |
|
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар |
|
|
индикатор, ерітінді, бейтарап, бейтараптану,қышқылдылық, сілтілілік, өртке қауіпсіз, жану, қауіпсіздік/қауіпсіз емес/қауіпті, тітіркендіру, еріту, араластыру, төгу, көзді қорғау құралы. |
||
|
Пәнге қатысты лексика және терминология |
||
|
Металл, қышқыл, тұз, сутегі, реакция ,газ, металл |
||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
||
|
Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі… Қышқылдар теріні күйдіреді, себебі…
|
||
|
Құндылықтарды оқыту |
Жеке жұмыс –өмір бойы білім алу, Жұппен жұмыс жасауда ынтымақтастық қарым –қатынас орнату. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Ағылшын пәні- терминдер (ағылшын тілінде ) |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта арқылы берілген мағлұматты қолдана білу |
|
|
Алдыңғы білім |
Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып)5.2 Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар |
|
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 12-13 мин |
Оқушылармен амандасу Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру. Сұрақ жауап 1.Қышқыл деген не? 2. Неге қышқыл деген атау берген? 3. Қышқылдар несімен қауіпті? 4. Қышқылды қалай залалсыздандыруға болады? Бағалау: ынталандыру сөздерімен бағалау. |
Сыныппен жұмыс |
||
|
Сабақтың ортасы 22-25 мин
|
Оқушылармен бірге жаңа сабақ тақырыбы анықталады: Мақсаттары айтылады және жаңа сөздер беріледі.(терминдерді 3 тілде ) Дәптерге жаздыру Қауіпсіздік ережесін еске түсіру М. (сұрақ жауап) Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Ойлан-жұптас-бөліс. №7 Лабораториялық жұмыс«Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуі» (E) Оқушылар сұйылтылған қышқылдардың мырышпен, темірмен, мыспен әрекеттесу реакциясын жүргізеді және өз бақылауларын жазып алады. Бейнекөрініс «Сутегін сапалық анықтау» Оқушылар мұқият бақылап, жаңа сөздерді қолдана отырып өз қорытындыларын жазады. (С) Нәтижелер сыныппен талқыланады. Мұғалім металдардың белсенділік қатарымен таныстырады. Ой қозғау 1. Қышқылдармен әрекеттесетін металдар осы қатардың қай жағында орналасқан?
2. Қышқылдармен әрекеттеспейтін металдар ше? Сергіту сәті (С) Тест Бағалау: ынталандыру сөздерімен бағалау (өзін-өзі бағалау |
Тақырып, түйінді сөздер слайдта көрсетілед
Қосымша1 оқулық
https://www.youtube.com/watch?v=yANn1O8II20&vl=ru
Қосымша2 жұмыс парағы
Plickers |
||
|
Сабақтың соңы 3мин |
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма? Рефлексия |
. |
||
|
Үй тапсырмасы |
Оқушылар өз қалауы бойынша бір тапсырма таңдайды. В,С деңгейі |
Қосымша |
||
|
Қосымша ақпарат
|
||||
|
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Саралау сабақтың өн бойында жүреді.Үй тапсырмасын тексеруде, жеке жұмыс орындау кезінде жүргізіледі |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Сабақта бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады өзін—өзі бағалау.«Жүптық»бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
||
Тест
1.Лимон,сірке суы, алма шырыны берілген. Қандай ортақ қасиеттері бар?
А.Түссіз
В.Қышқыл
С.тәтті
Д.дәмсіз
2.Табиғатта кездесетін қышқылды ата.
А.күкірт қышқылы
В. лимон қышқылы
С.азот қышқылы
Д.фосфор қышқылы
3.Металдардың кернеу қатарын ашқан ғалым:
А. Ломоносов
В. Дальтон
С.Бекетов
Д.Менделеев
4. Суретте сутек газын жинаудың қандай әдісі берілген?

А. ауаны ығыстыру
В. cуды ығыстыру
(Жарайсыңдар. Электр тогы көмегімен)
Д. Жауап жоқ
5. Жиналған сутек газы екенін қалай дәлелдеуге болады?
А. газ көпіршегі
В. «пах» деген дыбыс
С. Иіс бөлінеді
Д.түс өзгереді
6. Қолға қышқыл тамызып алсаң, сумен жуып … ерітіндісімен байтарапта:
А. Спирт
В. Сілті
С. Сода
Д. тұз
7. Бейтарап ортада РН — ?
А. PH>7
В. PH<7
С. PH= 7
Білім беру саласының ең басты мәселесі – оқушылардың білім беру дәрежесін жетілдіру.Оның басты мақсаты балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сыни тұрғыдан ойлап нәтиже шығара алатын, ізденімпаз әрі саналы тұлға қалыптастыру.