|
Ұйымдастыру кезеңі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Мотивация
Лексика
Лексика-грамматикалық қатар
Сергіту сәті
Байланыстырып сөйлеу
Түзету кезеңі
Ұсақ қол моторикасын дамыту
Қорытынды
Рефлексия |
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Қане, балалар, тұрайық, Музыкалық әуен қосылады. Экраннан Әли мен Аяның ауылдық мекені көрсетіледі.
Төлдер қашып, жоғалып кетеді. — Мына жер неге тыныш екен? Жаңа бір төлдер жүр еді. Барлығы қайда кеткен? — Балалар, бұларың не? Ата мен әжелерің келсе ренжиді ғой. Енді табуымыз керек. — Ал төлдерді табуға сендерге балапан тобындағы достарың көмектеседі. «Дауысынан таны» ойыны ойнатылады. Мақсаты: Үнтаспа арқылы төлдердің дауыстары шығарылады. Балалар дауыстары арқылы қай төл екенін ажыратулары керек. — Ой балалар қараңдаршы, біздің құлыншағымыз қайтып келе жатқан сияқты. «Төлін таны» дидактикалық ойыны ойнатылады. Мақсаты: Балаларға алдарына конверт таратылады. Экраннан үй жануарлары көрсетіледі. Экрандағы суретке сәйкес балалар конверттегі суреттерден төлдерін тауып көрсетулері тиіс. Міне, керемет! Балалар біздің бұзау да қайтып келіпті ғой. «Қошақаны қойдың — Міне, керемет! Балалар, біздің қошақан өзі туралы әнімізді естіген көрінеді. Өрістен қайтып келе жатыр. Балаларды өзен жағасына шақырады. Жағалаудағы кедергілерді көрсетіп, массаж жолақшаларынан өлең жолдарын ырғақтық әуенмен айтып өтуді ұсынады. Ырғақты қазақтың музыкалық аспаптарымен береді. — Балалар, бәрекелді. Қараңдаршы біздің лағымыз да қайтып келді.
«Төлін тап» түзету ойыны ойнатылады. Қағазды бүктеу тәсілімен «Марғау» оригамиін жасауды ұсынады.
— Балалар, біз бүгін қайда бардық? — Әли мен Аяға не істеп көмектестіңдер?
— Қандай төлдерді таптыңдар?
— Балалалар, қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі біздің Әли мен Аяның ауылына барған саяхатымыз сәтті өтті ме? — Енді мына төлдерге арналған қораларға назар аударайық. Біреуі – жасыл алаңда, екіншісі – қызыл алаңда орналасқан. Егер бүгінгі ойын-сабағымыз сендерге толық ұнаса, алдарыңдағы үй жануарларының төлдерін жасыл алаңдағы қораға, ал толығымен түсінбесеңдер, қызыл алаңдағы қораға апарып орналастырыңдар — Балалар, сендер бүгін көп еңбек еттіңдер. Әли мен Аяға төлдерді табуға көмектестіңдер. Сол үшін, міне, олардың атасы да сендерге риза болып, сый-сияпатпен мадақтағысы келеді екен. Әрқайсыларыңа естелік ретінде мына ойыншықтарды табыстайды.
— Балалар, біздің бүгінгі «төлдер» тақырыбындағы ойын сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар! |
Сәлеметсіз бе?!
Балалардың жауаптары.
Балалар шаттық шеңбер бойында тұрып айтады
Әли мен Ая әңгіме сұхбат құрып отырады. Ая: — Аай, не істесек екен а? Ішім пысты. Әли: — Білмеймін. Ая: -Ойнасақ па? Әли: -Ойнайық. Асық ойнайық па? Ая: — Ойнағым келмейді. Әли: — Ооо, мен таптым. Жүр төлдерге барайық. Солармен ойнаймыз. Екеуі төлдерге келіп барлығын үркітіп, қашырып алады.
Олар қашып кетті. -Жарайды Жақсы болды ғой. Берілген дауыстарды мұқият тыңдап, төлдерді дауыстарынан таниды.
Балалар үй жануарларының төлдерін тауып атайды
Өлең шумақтарына ілесіп іс-қимылдық жаттығуларды қайталап орындайды Балалар, тауға бет бұрып қарайды. Балалар жағалауға жиналады. Өлең жолдарын музыкалық ырғақпен айтып, кедергілерден өтеді. Төлдерін тауып сызық арқылы қосады
Тақтада ұсынылған үлгіге сүйене отырып «марғау» оригамиін жасайды.
— Ауылға -Жоғалған төлдерді табуға көмектестік — қозы, лақ, бұзау, құлын.
Балалардың жауабы
Балалар төлдерді апарып орналастырады. Таңдау себептерінің негізін түсіндіреді.
Балалар ойыншықтарды қабылдайды. -Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының төлдерінің атауларын біледі;
Игерді: Төлдерді ерекшеліктеріне қарай ажыратуды игерді;
Меңгерді: Төлдерді дауыстары арқылы тануды меңгерді.