+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру арқылы субъектілік ұстанымдарын дамыту

 Оралханова Айгерім Оралханқызы,  «Ақ бота» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері, Өскемен қаласы 

     Елімізге «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген еді.

        Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздігімізді  сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсатымыз болатын. Себебі, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, «Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың  асыл арманы болатын. Міне, сондықтан елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі барлық ұйымдарда көкейкесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанын, туған жерін, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу — мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», — дей отырып, «Қазақстан- 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» — деген. Сондықтан, патриоттық тәрбие — өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілікпен қарай білетін, Мемлекеттік рәміздерге, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлт өкілдерін құрметтейтін, ұлттық құндылықтар негізінде әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты-наным сенімінен туындайды.
       «Ұлтын сүю — ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі — жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен -өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, – патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде – бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау» – деп белгілеген. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» – деген екі ұғымның туындағаны белгілі.
         «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси – әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата – жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.  Мектепке дейінгі кезең – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Бұл кезеңде бала қоршаған ортаны таниды. Баланың ата-анасына, әжесіне, балабақша, достарына, яғни Отанына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптаса бастайды. Осы кезеңде балаларды Отаннын, туған өлкесін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелей білудің маңызы өте зор. Балабақшада балаларды рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу мынадай негізгі міндеттерді жүктейді:

  • Баланы өз отбасына, балабақшасына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
  • Балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
  • Табиғатты және қоршаған ортаны аялай білу сезімдерін қалыптастыру.
  • Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне және әдет-ғұрпына деген қызығушылықтарын ояту.
  • Қоғамдық мерекелерді, салт-дәстүрлерді, Отан қорғаушыларды сыйлай білуге тәрбиелеу.
  • Өзге ұлт өкілдерін және олардың салт-дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.

  Балабақшаларда балаларға патриоттық  тәрбие беруде ортаңғы топтарда «Елін сүйген елбасы», «Менің — Отаным Қазақстан!» ұйымдастырылған оқу қызметтері Отан туралы, туған ел, туған жер туралы, тақпақ, өлеңдер, мақал-мәтелдер, еліміздің Мемлекеттік рәміздерін айтқызу арқылы патриоттыққа тәрбиелейді. Гимнды оң қолын жүрек тұсына қойып, мақтанышпен орындауға үйретеді. Елтаңбаны сипаттауға әрбір баланы үйрету. Көк байрағымыздағы белгілер арқылы елімізді тани біледі. Елбасымыз туралы мәліметтерді терең біліп, ол туралы тақпақтар, өлеңдерді мақтанышпен айтады. «Тәуелсіз елім, — менің» атты ата-аналармен бірлесе өткен тәуелсіздік мерекесіне орай тақырыптық мерекелік шарада балалар өз жас ерекшеліктеріне сай патриоттық тәрбиенің қалыптасқанын көрді. Балабақшада балаларды патриоттыққа тәрбиелеуде халық ауыз әдебиеті ұлттық ойындар, ұлттық салт-дәстүрдің маңызы зор. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ халқының мақал-мәтелдері, ертегілері балаларды елін сүюге, ерлікке, Отанын қорғауға тәрбиелейді. Сондай-ақ аса құнды мәдени-игіліктердің бірі – балабақшада ойналатын ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, сюжеттілікті, батылдықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Бәйге», «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Асық ату» ұлттық ойындары балалардың ептілігін қабілетін жігерлендіреді. Балаларға қоршаған орта арқылы патриоттық тәрбие беру өте маңызды. Балаларды мақсатты түрдегі экскурсиялар арқылы туған қаласы, оның табиғаты, тарихы мен таныстыру арқылы өз қаласын сүюге тәрбиелей отырып, өз қала, өз Отанының бір бөлшегі екенін санасына жеткізу. Мектеп жасынан бастап өзінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген бала, өз елін құрметтеп, өз Отанын сүйе біледі.
        Бүгінгі күні «Мәңгілік  ел» болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни рухани-адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз елін сүйе білетін, ата-анасын сыйлай білетін, рухы биік, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, елінің патриоты бола білетін жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу отбасы мен білім беру мекемесінің міндеті деп білемін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype