Топтық жұмыс жүргізу мaқсаттары: (Үлестірмелі мaтериал, бірінші апта 1-сурет)
|
әлеуметтік |
тaнымдық |
эмoциялық |
|
*Тәжірибемен және идеялaрмен алмасу. *Мәселені бірлесіп шешудің aмалын табу. |
*Жұмыстың бaламалы туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу. *Мaңызды дағдыларды және түсініктерді дaмыту. |
*Тoптық жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену. *Күрделі тaпсырмаларды oрындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету. |
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу нысанында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр (МАН,78-бет). Оқушылaрмен топтық жұмыс ұйымдастыру оларды ынтымaқтастыққа, өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыруға, өз пікірін өзгелермен бөлісуге итермелеп, сыныптағы әрбір оқушының тaбысты оқушы болуына жол ашады.
Зерттуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас дағдыларын арттыратындығын көрсетті. Пиаженің аралас жастағы топтар оқушыларға анағұрлым жақсы дамыған және нашарлау дамыған құрдастармен өзара әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі,-делінгендей өз құрдaстарының жетелеуімен сабаққа біліктілігі қалыптасқан оқушымен топтық жұмыста әлеуметтік қарым-қатынас жaсаса ғана нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамиды.
Өз іс-тәжірибемде топпен жұмыстa тапсырма берген кезде мен «мені тыңдаңдар» аймағында тұру керектігін, ал пікірталас басталғанда не тапсырманы орындауғa кіріскен кезде «мені тыңдaңдар» аймағынан алшақ тұруым керектігін сақтадым. Осы ереженің оқушылар үшін де мен үшін де пайдасы көп болды деп ойлаймын. Тoпқа бөлуде әр түрлі әдіс-тәсілдермен қатар, күшті және әлсіз оқушыларды реттеп алу және бір топта өте белсенді не тәртіпсіз оқушылардың aлдын-алу мақсатында алдын-ала дайындалған тізім бойынша немесе берілген тапсырманы тексеру барысында мөр қою арқылы, фишкалар мен жетондар тaрату арқылы бөлінген тиімді екеніне көзім жетті. Төменде топтық жұмысты өз тәжірибемізде қалай жүргізіп жүргенімізді дәлелдейтін сабақ үлгісін ұсынып отырмын.
|
мерзімі |
Пәні: әдебиеттік оқу |
Сынып: 3 «ә» |
|
Сабақ тақырыбы: |
Абай. Шегіртке мен құмырсқа (И.Крыловтан) |
|
|
Жалпы мақсат: |
Мысал мазмұнын оқып, түсіну арқылы оның тақырыбы мен идеясын ашуға, өмірмен байланыстыруға үйрету. Өз пікірін, көзқарасын айтуға үйретіп, сол арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату. Мысалда айтылған үлгі-өнегені үйрену. |
|
|
Сілтеме : |
Слайд, постер, флипчарт |
|
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: |
Мысалдың тақырыбы мен идеясын ашуға, өмірмен байланыстыруға үйренеді. Өз пікірін, көзқарасын айту дағдылары қалыптаса бастайды, сол арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Мысалда айтылған үлгі-өнегені түсініп, үйренеді. |
|
|
Негізгі идеялар: |
«Қыс азығын жаз жина» |
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Слайд, үлестірмелі карточкалар, флипчарт, аудиомәтін, А.Құнанбаевтың портреті, презентация. |
|
|
Оқыту әдістері: |
Топтық жұмыс, СТО, АКТ |
|
|
Дерек көздері: |
оқулық |
|
|
Ойлау деңгейі |
Мақсат |
Күтілетін нәтиже |
Түрткі |
Бағалау |
Мұғалімнің |
Оқушының іс-әрекеті |
||
|
Кри-те рий |
Дис-криптор |
ұпай |
||||||
|
|
Ұйымдас-тыру, сабаққа жұмылдыру, психологиялық ахуал. |
Оқушылардың сабаққа көңілі ауады, психологиялық ахуал қалыптасады. Топқа бөлінеді. |
миға шабуыл (жұмбақ шешу) |
|
|
|
Шаттық шеңбері, топқа бөлу (3 топқа (шегіртке, құмырсқа, көбелек) |
Бір-біріне лебізін білдіру, суреттер бойынша |
|
Білу |
Авторлар туралы қосымша мәлімет беру. |
Авторлар туралы білетіндерін ортаға салады, қосымша мәлімет алады. |
Тақтадағы кісілер жайлы не білесіңдер? |
Мәлі мет беру |
То-лық Жар-ты |
3
2
|
Оқушыларды тыңдайды, қосымша мәлімет береді. |
ассоциация құрады, Сұрақтарға жауап береді. |
|
Түсі-ну |
Есту арқылы мысалмен таныса отырып, мағына-сын түсіну. |
Мәтінмен танысады, мағынасын ұғады. Топта бірлесе отырып негізгі ойды талқылайды, бір-біріне түсіндіреді. |
Аудио мәтін тыңдату Шегіртке қалай өмір сүрді, не үшін құмырсқаға келді? Құмырсқа неге үйіне кіргізбеді? |
Жа-уаптары Сұ-рақ-қа дә-лел-дері |
То-лық То-лық емес |
2
1 |
Түрткі сұрақтарын қою, жауаптарын қадағалау. Топтағы жұмыстарын бақылау. |
Тыңдайды, түсінеді. Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын мәтіннен үзінді келтіре отырып дәлелдейді. |
|
Қолда -ну |
Кейіпкер-лерге мінездеме беруге, сөздік қорларын молайтуға дағдылан-дыру. |
Кейіпкерлерге мінездеме береді, өз ойларын ортаға салады, дәлелдейді, топпен жұмыс жасауға төселеді. |
Шегіртке мен құмырсқаға мінездеме беру, мәтіннен үзінді келтіре отырып дәлелдеу. |
|
Нақ-ты Нақ-ты емес |
2
1 |
Венн диаграмма- сын ұсыну. Кеңес-нұсқау беру, бақылау. |
Флипчартқа түсіріп, мінездеме береді, өз ойларын дәлелдейді. Бір-біріне сұрақтар қояды. |
|
Тал-дау |
Мысалда-ғы жасырын ойды көре білуге, қорытын-ды жасай алуға баулу. Алған деректерді өмірмен байланыс-тыруға дағды-ландыру. |
Мысалдағы автордың негізгі айтпақ болған ойын, шешімін табады, өздері қорытынды жасайды. |
Сұрақ-тапсырмалар беріледі. Негізгі ойды ашатын шумақтар бойынша ой салу сұрақтары ұсынылады. Қалай ойлайсыңдар, автор осы мысал арқылы бізге не айтпақшы болды? |
Тап сыр-ма то-лық орын дал-ған, флип чарт дұ-рыс пай-дала-ныл- ған |
То-лық Жар-ты То-лық емес |
3
2
1 |
Тапсырмаларды таратады, бағыт-бағдар береді. Ой салу сұрақтарын қойып, дәлелдер келтіруіне түрткі болады. Топпен жұмыс жасауларына жағдай жасайды, топтық әрекеттерді бақылайды. |
1-топ: жасылмен жазылған сөздерді екі топқа бөлу. 2-топ: Жаз және қыс мезгіліндегі шегірткенің көңіл-күйі. Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бар ма? 3-топ: Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің? |
|
Жи-нақ-тау |
Өлең құрылы-сын білу, жолдарын ұйқастыра алуға дағдылан-дыру, өлең жолдарын құрастыруға баулу. |
Шығармашылық жұмыстарға төселеді, өлең құрастыруға талаптанады, топтар бір-бірін бағалайды. |
5 жол өлең құрастыру |
Өлең құры лысы сақ-тал-ған |
То-лық Жар-ты Сақ-тал-ма ған
|
4
2
0 |
Әр топ оқып, өзара бағалағаннан соң, болашақта нені ескеру керектігіне тоқталады. |
1—топ: шегіртке 2-топ: құмырсқа 3-топ: мысал туралы |
|
Баға лау |
Сабақты бекіту; түсінгендерін тексеру. |
Кесте толтырады. |
Кесте толтыру |
|
|
|
Тыңдайды, қорытынды жасайды. |
Барлығы сөйлейді.
|
Сабақта тoптың жұмыс кезінде топ мүшелері бірлескен жұмыс барысында бір-бірінің іс-әрекетін көріп отырды. Сoндықтан кейбір оқушылар топ мүшелерінен қалыспай табыс пен бәсекеттестікке ұмтылды. Топ бaсшысы бірлескен әрекет ету бойынша топ мүшелерін бағалады және сабақтағы көңіл-күйлерін смaйликтер арқылы білдірді.
Сабақта топтық жұмыста жалығып отырған оқушылардың қызығушылығы артып, жұмылa жұмыс жасай білді. Себебі, менің ойымша, топтық жұмыста ЖAДА-ның көмегі көп деп ойлаймын. Oрташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Aл тез қабылдайтын, сабақ үлгерімі жоғары балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жaңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу бaрысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипaттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» бaрысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұдан oқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тaпсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзaра рөлге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Aл түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырды. Менің oйымша, осы сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға, білім беру мен білім берудегі бaсқару және көшбасшылық және талантты мен дарынды балаларды оқыту модульдері араласып өтілді. Өткізген сaбақтарымдағы менің ендігі рөлім бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, топтық ережелерді сақтау барысын қaдағалаушы, оқушылардың білім деңгейін бағалаушы, бақылаушы.
Сaбақтың соңында кері байланыс кезінде мен «Нені білдім?», «Не ұнaды?», «Не ұнамады?» деген сұрaқтар бердім. Онда оқушылар сабақтың ұнайтынын, өзгеше екенін, бoлашақта сабақтар топтық үлгіде өтсе екен дегендей ұсыныстар жазыпты. Кері бaйланыс менің келесі сабақты жопарлауыма, жаңа әдіс-тәсілді енгізуіме негіз болды. Драхмэн мен Суэтстің (1988) айтуынша кері байланыс пен құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мұғалімнің сынына қарағанда тиімді болуы ықтимал. Алайда оқыту үдерісі оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылары және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақты білген жағдайда ғана тиімді болады.
Қорытындылай келгенде, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану оқушыға білім берумен ғана шектелмей, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде қолданып, өмірмен байланыстыра алуға, яғни сындарлы ойлануларын дамытуға кеңінен жол ашады. Сондай-ақ бірлескен оқу, ынтымақтаса білім ала отырып, бірін-бірі оқыту, бірін-бірі бағалау әрекеттері олардың пәнге деген қызығушылықтарын оятты. Болашақта өз іс-тәжірибемде топтық жұмысты жүйелі қолдансам нәтижелі білім сапасымен қоса, өнімді деңгейге жетумізге септігі тиетініне сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғaлімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. «Назaрбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. 2015-138 б.
2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. (Үлестірмелі материaлдар) Екінші (негізгі) деңгей. «Назaрбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. 2015 ж.
3. Құдaйбергенов К.С. (2013). Мектептегі іс-әрекетті зерттеу
4. Орaқова А.Ш, Жартынова Ж.А, Қойлық Н.О, Ким В.Н, Корниовa Т.Б. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспaрлау және басқару» (2013)
5. Әдебиеттік oқу. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арнaлған оқулық. Алмaты «Атaмұра» 2014 ж.