+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 24 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт

Касаинова Айнаш Кабидолдиновна, «Балғын негізгі орта мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі, Балғын ауылы, Катонқарағай ауданы

    Қазіргі ғасыр жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып сабақты жандандырып өткізу заман талабы.  Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет». Біз әрбір сабағымызда осы қасиеттерді ашуға, дамытуға тырысу керекпіз.
    Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту үшін сабағымда кейбір тәсілдерді пайдаланамын. Мәселен есепті шығарғанда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі-түсті қағаз қиындыларын пайдалануға болады. Оқушы есептің жауабын тауып сондай сан жазылған жерге әкеліп жапсырады, соныңда рухани жаңғырудың символикалық суреті шығуы керек. Сабаққа «Мәңгілік ел» идеясын кіріктірудің бір тәсілі ретінде де, оқушылардың санасына ұлттық рух сезімін ұялату үшін де қолдануға болады.

       Мектеп ұжымы мен ата-аналар арасында өзара түсіністік орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін толық жою мақсатында критериалды бағалауды қолдану маңызды деп ойлаймын. Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Критериалды бағалау екі түрлі бағалауда жүреді:қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау- оқушының күнделікті білім сапасы , білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзету. Оқушының тақырып бойынша қиындық тудыратын сұрақтарын анықтап, оны жойып отырса жиынтық бағалау кезінде  тапсырманы орындау жеңіл болады. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткен бағасын түсіндірмей бағаласа, онда бұл оған нәтижеге жету үшін әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігіне көмек бере алмайды, сол себепті оның жұмысын мұндай бағалауға не себеп болғанын  түсіндіру қажет. Осы критериалды бағалау нәтижесінде оқушы, мұғалім, ата-ана  тығыз  байланыста  болады.

   Оқушы: Өзінің тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайды,өз  жұмысына сараптама жасауға үйренеді, өзінің білім деңгейін алдын ала болжайды.
    Мұғалім: Оқушының білім деңгейін анықтайды, дамуын қадағалайды,әр оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады, оқушыға қандай тұсы қиындық туғызғаның анықтайды.
    Ата-ана: Баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, баласының не үшін баға алғанын біліп отырады.
     Критериалды бағалауды, оқытудың жаңашыл тәсілдерін қолданғанда:
     
1. Оқушылардың танымдық қабілеті артады.
     2. Шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
     3. Пәнге деген қызығушылығы артады.
     4. Өзін және өзгені бағалай білуді үйренеді.
      5. Белгілі бір тұлға болып қалыптасады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype