Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. Оқушылармен амандасу және түгендеу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды арнайы дайындалған карточкалар бойынша «жұбыңды тап» ойыны арқылы жұптарға бөлу.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3.Үй тапсырмаларын тексеру.Оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмастыру арқылы үй жұмыстарын тексереді.
1. «Ой қозғау»
2. «Мағынаны ажырату»
«Шатасқан баулар» тәсілі бойынша тақтада берілген есептердің қателерін табады.Қате жүргізілген сызықтардың дұрыс жауаптарын тауып,қайта жүргізіледі. Оны оқушылар есептеп,дұрыс жауаптарын жазады.
Оқулықпен жұмыс.
Математикалық сауаттылыққа тапсырма.
Квадрат түбірдің өмірде қолданылуына есеп.
Ауданы 121 кв. метр болатын тіктөртбұрыш бақшаны қоршау үшін ұзындығы қанша метр тор керек?
Қорытынды. Математика тарихынан
Мұғалім. Әрқашан жаңа ұғымды, анықтаманы енгізген, теореманы дәлелдеген математик-ғалымның атын білу бізге қызық. Ал балалар, қай ғалым ғылымға бірінші болып арифметикалық квадрат түбір ұғымын енгізді? Осы адамның фамилиясының жанында ең үлкен сан мәні болады. Сол санды дұрыс тапсаңдар,ғалымның есімі соған сәйкес тұста орналасады.
Тақтада ғалымдардың тегі және математикалық өрнек жазылып тұрады:

Рене Декарт (1596-1650) француз математигі, әрі философы. 1637жылы арифметикалық квадрат түбір ұғымын ғылымға енгізген.(Қысқаша айтып оту)
Үйге тапсырма беру: № 58 (жұптары), №60
Бағалау. Оқушылардың өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қысқаша талдап айтады.
Кері байланыс. Сабақта оқушылар нені үйренгенін , есептер шешуде қиындық туғызды ма? Осы сұрақтар төңірегінде өздеріне берілген бағалау таратпасына (1-суретте) белгілейді.

1-сурет