+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 24 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім беру бағдарламасы — сапалы білімнің кепілі

 Мажинова Чинар Тылегеновна, «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-сі директорының оқу ісі меңгерушісі, Өскемен қаласы 

       Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.   «Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-217оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.

 

      Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны 1,2,5,7 сыныптан бастап енгізіліп, оқытылуда.
        Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
        Мұғалімнің кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуы — үздіксіз және күрделі үдеріс. Біздің жоғарғы оқу орнында алған теориялық біліммен шектелмейді. Керісінше, алған теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұштастыру арқылы жинақталған жаңа білімді іс-әрекетте қолданып, жүзеге асыру.
         Бұл өз тәжірбесінде өзгерістер енгізе алатын және енгізілген өзгерістердің ықпалы мен тиімділігін терең ойластыратын маман болуды талап етеді. Заманауи әдіс-тәсілдермен қаруланған, рефлекциялық дағдылары жетілдірген мамандарды даярлауда біліктілікті арттыру курстарының маңызын ерекше айтуға болады.
   Осы курс бағдарламасының мазмұны мен жаңартылған білім берудің әдіс-тәсілдері, бастауыш және жоғарғы сынып оқу бағдарламаларындағы өзгерістер және деңгейлік бағдарламалардың түйінді идеяларына негізделіп құрылып,ұстаздарға үйретері шексіз болып есептеледі. Осы курсты оқу барысында әр ұстаз тұлғасы қосымша жаңа білімдермен, педагогикалық тәжірибелерін толықтыра түседі.          Атап айтар болсам:
        — жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ерекшеліктерін, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұны мен мақсаттарын;
         — бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді,оқу материалдарын қолдануды;
         — оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін және оны іс-әрекетте қолдана алуды;
         — бір білім беру аясында және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі және т.б
      Дәріс беруші тренерлер,білім беру барысында оқытудың жүйелі –әрекеттік тәсілді басты назарда ұстап,әрбір тыңдаушының білім алу үдерісіне белсенді қамтамасыз ете біледі.Алған жаңа білімді бұған дейінгі біліммен,тәжірибемен байланыстыруға,тыңдаушылардың өзара жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріл,жаңа білімді  өздігінен меңгеруге талаптандырады.
     Бірлескен топтық жұмыстарда оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуға негізделген тапсырмалар дайындау қалыптастырушы және жиынтық  бағалаудың критерийлерін құрастыру, бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері  деңгейлерін сипаттайтын рубрикалар жазып, оларды педагогикалық  іс-әрекетте  қолдану  дағдыларын жетілдіре түседі.
    Әр пән мұғалімдері  білім беруде мазмұнын жаңарту аясында жүргізілген курстарға қатысып, оқушыларға білім беруге жаңаша көзқараспен  дағдылануда.
       Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын құжаттармен –оқу бағдарламасы, оқу жоспары, ұзақ мерзімді жоспар,орта мерзімді жоспар, қалыптастырушы және жиынтық  бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыстары алға басуда.
    Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген.
       Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
     

      Критерийлер — талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткені дәрежесін анықтау болып келеді.

    Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді.
     Ішкі жиынтық   бағалау – оқу ақпараттарын алу бөлімін меңгергеннен кейінгі қалыптасқан білім мен оқу дағдыларының деңгейлерін анықтау. Ішкі жиынтық   бағалау мектеп әкімшілігі және мұғалімдермен жүргізіледі.
    Ұстаздар қауымы  критериалды бағалау жүйесін де оқу үрдісіне енгізіп, білім сапасының жоғарлауына ықпалының зор екенін тәжірибеден  көруде. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық  бағалау (ішкі және сыртқы) болып екіге бөлінеді.
       Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық  бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
     Жиынтық бағалау (сыртқы және ішкі) оқушылардың белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) аяқтаған кездегі меңгерген білімдерінің кіріктірілген деңгейі мен қалыптасқан дағдыларын бағалауға арналған.  

 

       Жиынтық  бағалау әр түрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық  жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері жұмыс өткеннен кейін бір аптаның ішінде ұпай және баға түрінде электронды журналда, сынып журналында, оқушының күнделігінде ұпайды мектеп бағасына айналдыра отырып қойылып отырады.

  

     Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін, ептілігін және дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық  бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық  бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. 

      Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу парызымыз деп білсек. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  мектептерге де енгізіліп, мұғалімдер жақсы қарқынмен, іздене отырып жұмыс жасап жатқандығы қуантады.
        Егерде осы қарқынмен оларды дамыта түссек болашақта біз жан-жақты дамыған идея генераторын тәрбиелеп шығарады екенбіз. Біздің болашақ ұрпақ – ХХІ ғасыр оқушыларымыз технологияны толық меңгерген. Олар өте мобильді, ақпаратты тез қабылдайды, зерттеуші, ізденімпаз.
        Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жаңа білім беру  —  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына,сапалы білімнің негізгі кепілі болуына бірден-бір жол!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бағалау саясаты. Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. – 2014. http://www.nis.edu.kz/.
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013. — 447 б.
3. Мирсеитова С. Словарь RWCT.  – Алматы: Верна. —  2005. — 144 с.
4. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал. Астана, 2017.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype