|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балалалар, бізде бүгін ерекше оқу қызметі болады.Өйткені бізге бүгін қонаққа апайлар келіп отыр. Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Good morning! — Балалар, жаңа оқу қызметіне дайынбыз ба? Шаттық шеңбері: Мынау менің жүрегім, |
— Сәлеметсіздер ме!
-иә, дайынбыз.
Шаттық шеңберді қимылмен жасайды |
|
Іздену-ұйымдастырушылық |
— Балалар, бүгінгі оқу қызметінде екі топқа бөлінейік. Қай топ жақсы жауап беріп, тапсырмаларды орындап отырса, сол топқа жұлдызша беріп отырамын. Келістік пе? Аяз қысып, — Балалар, енді терезедегі аяз өрнектерін қағаз бетіне салып үйренеміз. Ғажайып сәт: «Аяз келді» * Ыдысқа көк немесе күлгін түсті бояу езіледі. * Ақ қағаз бетіне балауызбен өрнектердің түрлері салынады. * Қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерін қалдырмай боялады. * Артық бояу кепкен соң, аяз өрнектері білініп тұрады. Сергіту сәті: |
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар үлгі сурет бойынша қандай сурет салатындарын көріп, біліп, қажет түсті таңдайды. Суретті салу жолдарын біліп, суретті салады.
Қимылмен жасайды.
|
|
Рефлексивті-түзеуші |
-Жарайсыңдар, балалар, бәрің де тамаша сурет салдыңдар. Балаларға сұрақтар қоя отырып оқу қызметін аяқтаймын. суреттеріне мақтау айтып, сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын. -Біз бүгін ненің суретін салдық? |
Балалар тәрбиешінін сұрағына жылдам жауап беруге тырысады. Салған суреттерін , алған әсерлерін көрсетіп айтады.Сурет сабағына деген қызығушылықтарын білдіреді.
Мақтауға риза болады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қысқы табиғат өзгерістерін, аяздың терезеге өрнек салатынын.
Меңгереді: қыс ғажайыптарын бақылай білуді және дәстүрден тыс әдіс – балауызбен сурет салу әдісін.
Жасайды: қағаз бетіне қысқы өрнектерді салуды.