+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 24 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Гуманитарлық пәндерді оқытудағы музейлердің рөлі

 Оканов Айдын Кайырканулы,  Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Күршім ауданы  

           Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылған.
          «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.

       «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында музейлердің рөлі өте үлкен. Өйткені музейдің қорындағы жәдігерлер арқылы туған жердің табиғаты, тауы мен өзенінің  тарихы, әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер білеміз. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. 

    Қазақстан Республикасы аумағындағы ауылды жерлердегі музейлердің  арасында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім селосындағы тарихи-өлкетану музейі еліміздің оңтүстік-шығыс шекара аймағына жақын орналасуымен ерекшелене отырып, көне заманнан бері қазақ халқының мекендеген төл туған аймағы екенін дәлелдейтін жәдігерлері Қазақстан тарихына байланысты құнды әрі сирек кездесетін нақты деректермен толықтырып отырған мәдениет ошағы.
         Музей экспозициялары келесі залдар арқылы көрсетіледі:
         — «Күршім ауданының табиғаты залы».
        Күршім ауданының ландшафттарының өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы мәлімет береді. Күршім ауданының  табиғи байлықтары, аңдар мен құстар, өсімдіктер әлемі туралы терең мағлұмат берілген. Күршім жерінде өсетін емдік шөптер арша, жуа шүмілдірік, мақсыр, эдельвейс бар. Ителгі, бүркіт сияқты құстар, арқар, таутеке сияқты аңдар туралы біле аласыз.
          — «Күршім ауданы археологиясы және этнографиясы»  залы.
         Көрмелер арқылы өлкетану көне замандардан бастап орта ғасырлар дәуірі кезеңіне дейінгі тарихына қатысты материалдар көрсетіледі.
      Қазақ халқының тұрмысы және қолданбалы өнері киіз үйде, орыс халқының тұрмысы – қоныс аударушылардың үй бұйымдары арқылы берілген. Халықтың қолданбалы көркем өнері ағаштан, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар, зергерлік әшекейлер мен киімдер, сырмақ, текемет, кестелі төр көрпе, қолдан тоқылған кілемдер арқылы көрсетілген.
         Музей қорында өте сирек кездесетін жәдігерлерден тас еңбек құралдарының ішінде тастан жасалған балға, Жылытау қорығынан табылған б.э.д. ХІІ-ХІІІ ғ. қоладан жасалған найзаның ұшы, Құйған ауылынан табылған қола айбалта (жауынгер балтасы) б.э.д. ХІ-VІІ ғ. қамтиды. Көне ескерткіштердің анықтамасын археология ғылымдарының кандидаттары Арсланова Ф.Х. және Зейнолла Самашев жасаған.
      Жәдігерлер ішінде ХІХ ғсырдың аяғы қажының белбеуі және төс белгісі, ХХ ғасырдың басында кестелеп тігілген жайнамаз, әйел адамның кимешегі, тақтайдан жасалған қара домбыра қазақ халқының сол кезедегі тұрмысы, қол өнері туралы сыр шертеді.
     Күршім ауданы аумағында орналасқан орыс халқының тұрмысы туралы ХХ ғ. басы қоныс аударушылардың ағаштан, кендірден, қайың қабығынан жасаған заттары мен тұрмыстық үй бұйымдары көрсетеді. ХVІІ ғ. басы. Көне баспа кітаптарды атап өтуге болады.
   — «Күршім ауданының тарихы» залындағы көрмелер ауданның әр кезеңдегі тарихынан мағлұмат береді. «Күршім Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Ауданды басқарған адамдар», «Спорт әлемінде», «Күйшілер мен ақындар», «Аудан тынысы», «Көрікті Күршім-Марқа», «Ер атағы- елге куаныш», «Бір сәт» көрмелері ауданның тыныс-тіршілігін насихаттайды.
    Гуманитарлық пәндерді оқытудағы музейдің рөлі, оның мүмкіндіктерімен анықталады. Ол үшін музейдің әлеуметтік функцияларын қарастыруымыз керек.
      Жалпы  Күршім ауданының тарихи-өлкетану музейінде 2 тарихи қалыптасқан функцияны бөлуге болады, олар музейдің қоғам мен мәдениетте орны мен рөлін анықтайды:
       1. Құжаттау функциясы:
       Музейлік жинақта түрлі музейлік заттардың, оқиғалардың, процесс пен факттардың тіркелуі.
     Музейлік  жинаққа жиналғаннан кейін олар белгілі бір құбылыстың, оқиғаның белгісі болады. Құжаттау функциясы қоғамның мәдени және ғылыми сұраныстарына жауап береді және музейлік фондтың жинақталуы, зерттелуі және сақталуы кезінде іске асады.
       2. Білім беру және тәрбиелеу функциясы:
     Музейлік заттың ақпараттық және экспрессивті қасиеттеріне негізделген. Қоғамның мәдени және танымды сұраныстарымен еркшелінген, сонымен қатар  мұражайлардың мәдени білім берудің түрлі формаларында іске асады.
    Осы функцияларды жүзеге асыру үшін, музейлік қоры, музейлік зат, музей  қорындағы деректер және олардың түрлері туралы қарастыруымыз керек.
       Музей қоры — дегеніміз музей жинағы құрамындағы ғылыми-қосалқы материалдар және музейлік мәні бар заттардың ұйымдасқан жиынтығы. Музей  қоры негізгі, ғылыми-көмекшіқорлардан тұрса, музейге қажет емес немесе қайталанып келген заттардан айырбас қорықұралады [3; б 33].
        Қазіргі таңда Күршім аудандық музей қорында 5074 зат бар, оның 2684 негізгі қорды, ал 2390 ғылыми — қосымша қорды құрайды.
        Музейлік зат және оның құндылығына тоқсалсақ. Табиғатта және қоғамда көптеген заттар мен объектілердің ғылыми, көркемдік, тарихи не болмаса мемориалдық  құндылығы бар, сондықтан олар музей  үшін бағалы болып келеді. Оларды музей  заты деп атайды [1; б 40].
       Гуманитарлық пәндерді оқытудағы музейлердің рөлін анықтау үшін Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің оқушыларымен және гуманитарлық пән мұғалімдерімен үнемі жұмыс жасалынып отырды.
     №3 Күршім гимназиясының оқушыларынан және осы сыныпқа гуманитарлық пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдерінен қалыптасқан  музей аудиториясына әлеуметтік-психологиялық әдістерді пайдаланып зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік-психологиялық әдістердің екі түрі пайдаланылды. Олар: анкеталық сұрақтар қою, интервью алу [2; б 25].
      Анкеталау нәтижесінде «Экспозиция қызықты ма?» деген сұраққа – 71% жақсы, 29% жаман деп жауап берді. Түсіндірмелі-ақпараттық тексттер, этикеткалар  жеткілік, түсініктілігіне қатысты қойылған сұраққа 86% түсінікті, 10% өте көп, 4% тексттер мен этикеткалардың барлығы түсінікті емес деген жауап алынды. Оқушылардың 100 музейге мұғалімнің кеңесімен келгенің анықталды. Экскурсияны тыңдау нәтижесінде 85% экскурсия жақсы, 15% экскурсияның ұнамағаның білдік. 
      Интервью алу кезінде «Музей экспозициясында не ұнады?» деген сұраққа нақты жауаптар алдық. Көрерменге жақсы көрінетін, көлемі үлкен, заттық экспонаттар ұнағанын айтты.
       «Не ұнамады?» деген сұраққа үшінші залда ақпараттың көптігі ұнамады деген жауап алдық.
       Кейбір оқушыларға экспозияциялардың санитарлы жағдайы ұнамады, демалуға болатын орын жоқ екенің айтты.
      Әлеуметтік-психологиялық әдістерді пайдаланып зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде гуманитарлық пәндерді музеймен байланыстырып оқытатын бағдарлама жасалып, енгізілді. Бағдарлама оқушылардың жасерекшеліктерін ескеріп құрастырылды. 
      5-10 жастағы оқушылар бағдарламасы ойын әдістері негізінде құралды. Мысалы: Сәлеметсіңбе, мұражай!», «Менің өлкем және мен», «Менің отбасым және тегім», «Біз археологпыз». Осы ойын әдісі арқылы баланың оқуға деген қызметін ынталандырып, талаптандырады.
    11-12 және 14-18 жастағы  балаларға құрастырылған бағдарламада дәрістер, экскурсиялар, үйірмелер, пікірсайыстар тарихи ойындар қолданылды.
      Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негізгі төрт компонент қарастырылды: құндылықты-мотивті, гностикалық, рефлексивті, шығармашылық [3; б 12].
      Анықтаушы экспериментте оқушылардың құндылықты-мотивті компонеттерін іс-әрекет мотивтерін танып білуге арналған әдістеме арқылы өлшенді. Оқушылар келесідей көрсеткіш көрсетті: оқушылардың  20% сапалы білім, алып мемлекеттік гран иегері болу үшін оқиды, оқушылардың 40% ҰБТ өтіп, оқуға түсу үшін оқиды,  қалған 40% ҰБТ межелі балл алып, аттестат алу үшін оқиды. Бақылау экспериментінде келесідей нәтижелер алдық: жоғары деңгейде құндылықты-мотивті компонент  40%  оқушыларда, демек оң қозағалысты көреміз (+20%). Құндылықты-мотивті компоненттің орташа деңгейін 40% оқушыларда көреміз. Орташа деңгей көрсететін оқушылар саны өзгерген жоқ. Бірақ мотивтері төмен деңгей көрсетеін оқушылар саны 20% азайды.
         Анықтаушы экспериментте гностикалық компонент пәндік тесттер арқылы өлшенді. Оқушылардың 40% жоғары деңгей,  20% орташа және 40% төмен деңгей көрсетті. Бақылау экспериментінде оқушылардың 60% жоғары деңгей, 20% орташа деңгей, 20% төмен деңгей көрсетті. Жоғары және төменгі деңгейлерде өзгерістер +20%, -20%  болды.
        Сауалнама нәтижесінде анықтаушы экспериментте келесі көрсеткіштер алынды: оқушылардың 20 % рефлексивті дағдылары дамыған, 40% рефлексивті дағды орташа, 40% төмен деңгейде дамыған. Музейде өткен әрбір дәріс, экскурсия, сынып сағаты соңында рефлекцияның график, шкалалау, баспалдақ деген әдістері қолданылып отырды. Қорытынды экспериментте 40% оқушыларда рефлексивті дағдылар дамыған, 40% орташа, 20% (-20%) төмен деңгей көсетті.
        Шығармашылық компонетті анықтау үшін «Сіздің шығармашылық потенциалыңыз қандай?» деген тест қолданылды.
      Зерттеу нәтижесінде анықтаушы эксперментте оқушылардың 20% шығармашылық потенциал жоғары, ал бақылау экспериментте жоғары деңгейді оқушылардың 40% көрсетті.
        Анықтаушы эксперментте оқушылардың 40% орташа деңгей көрсетсе, бақылау экспериментінде бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.
         Қалған 40 % оқушы анықтаушы экспериментте төменгі деңгей көрсетті. Бақылау эксперментте 20% (-20%) төмен деңгей көсетті.
       Осылайша гуманитарлық пәндер бойынша күнтізбелік жоспарларға  музеймен байланыстырып оқылатын тақырыптар енгізілді, және  білім беру тиімділігі артып, музейлердің атқаратын рөлі зор екені анықталды.

 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Музейтану: тарих мамандықтарына арналған оқулық /Ибраева А. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. –251б.
2. Музееведение. Воспитание подрастающего поколения в музее: теория, методика, практика. – М., 1989. – с.168 – (Сб. науч. Тр./НИИ культура).
3. Музейное делов ССР Важнейшие направления совершенствования работы советских музеев в свете решений XXVII съезда КПСС. Сборник научных трудов, Москва, 19877
4. Музей сабақтарының жинағы. Сборник музейных уроков. /Құраст. Р.Ұ.Қазбекова – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2009.-128 бет.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype