+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 24 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ойын ережесі деген не? «Цц» дыбысы мен әрпі

Байбосынова А.Т., "М.Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ-нің  бастауыш сынып мұғалімі, Ұлан ауданы

 

Ойын ережесі деген не? Цц дыбысы мен әрпі.

 Мұғалімнің аты-жөні: Байбосынова А.Т.

 Сынып: 1 "Ә"

 Қатысушылар саны: 14

Қатыспағандар саны:0

Оқумақсаттары

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажырату және дұрыс дыбыстау.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Алдыңғыбілім

Ойын ережесі деген не? Цц дыбысы мен әрпі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақ басы:

2 мин

 

 

6 мин

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Қуанамын мен де,
Қуанасың  сен де.
     Қуанайық, достарым,
    Арайлап атқан күнге

Топқа бөлу «Ақ серек, көк серек»

  

Өткенді қайталау. Дорбадан асық аламыз. Сұрақтарға жауап.

Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
Ц дыбысы қандай дыбыс?
Цемент сөзінде неше буын бар?
Бұл қандай құрал?

Слайд 1

 

 

 

 

 

 

 

Дорба, асық

Сабақтың ортасы:

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

6 мин 

 

Оқулықпен жұмыс
№2  сандардың ретіне сәйкес әріптерді жазып, сөз құра.
(Ханталапай)
Қандай ұлттық ойын атауы шықты?
Ойын ережесін білесінбе? 

Ханталапай — қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады.

Топтық жұмыс   Т – топта О – ойланамыз П – пікірлесеміз Т – тыңдаймыз А – айтамыз

1-топ.  Ханталапай сөзінде неше буын бар? Дәлелде.
2-топ .  Ханталапай сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? Дәлелде.
3-топ.   Ханталапай сөзінде неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс бар?
Бағалау критерийі:
1. Дауысты, дауыссыз дыбысты ажырату.
2. Буын сандарын анықтау.

Тапсырма №2. Сурет бойынша әңгіме құра. Қалған топқа әңгіме бойынша сұрақ қой.

 Бағалау критерийі:

  1. Ұлттық ойын туралы мағлұмат беру.
  2. Сұрақ құрастыру.

Сергіту «Соқыр теке» ойыны ойнатылады.
«Алма кетті домалап» шыққан баланың көзі байланады.

 Дәптермен жұмыс
Дәптермен жұмыс жасау ережесін еске түсірту;
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз;

Дәптерді жинау.

Слайд

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері, қалам.

Қорытынды бөлім

2 мин

Рефлексия
Бүгін сабақта не үйрендік?
Сізге не қиын болды?
Сізге сабақта не ұнады?
Бас бармақ арқылы бағалау.

 

Бас бармақ суреті,

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Көркем еңбек сабағы.

Партада дұрыс отыруын қадағалау .Оқушылардын жаттығу кезінде алшақ туруына жағдай жасау.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақыты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

 

Сабақ мақсатына жеттім.

Оқушылар Цц дыбысы және әріпімен танысты, тапсырмалар орындады.

Бірлесе отырып жұмыс жасады.

Жоспарланған уақытты ұстандым.

Қорытынды бағалау
Сабақтың екі ұтымды кезеңдері.
1:«Ақ терек, көк терек» топқа бөлу әдісі.
2:Ұлттық ойындар тақырыбын жақсы түсінді.
Сабақтың жақсартуға септігін тигізген екі сәт.
1:Топтық жұмыстар.
2:Асықтар арқылы сұрақ-жауап.
Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

 Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Жұмабаева Ә.Е. Ж 81 Сауат ашу. Оқыту әдістемесі. 1-бөлiм. Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған/Ә.Е. Жұмабаева, М.Н. Оспанбекова. – Алматы: Атамұра, 2016. – 192 бет.
  2. Сиқырлы думан. Әр түрлі жастағы балаларға арналады. О.Н. Гумирова. Аудармашы : Б.Қойшыбаев. 2007-232 бет.
  3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Кенжеахметұлы Сейт.Алматыкітап.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype