Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады.Сондықтан ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов.
Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білікті жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда бідім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Біздің ұлттық құндылықтарымыз, ол әлемде теңдесі жоқ бай дәстүріміз. Қазақ халқы әлемдегі ең бай ауыз әдебиеті бар халықтар қатарына жатады. Біз осындай құнды дәстүрімізді, ата-бабадан қалған бай мұраларымызды, тарихи жәдігерлерімізді, ұлы ғұламаларымыз әл-Фараби, Ахмет Иассауи, ұлы Абай, Шоқан, Құрманғазы, Сүйінбай сияқты даналарымызды дәріптеп жастарымыздың бойына сіңіре отырып, болашаққа ұмытылу. Тарихын өткенін білмеген халық болашағын болжай алмайды.
Егер жаңғыру елдің ұлттық тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл, Елбасымыздың болашақты болжап, көрегенді айтылған сөзі. Біз ұлттық дәстүрімізді сақтай отырып, заман талабына сай дамып отырсақ, жаһандануға жұтылып кетпейміз. Ұлттық дәстүрді тамырына сіңіріп, ата-баба тағылымнан нәр алған ұрпақ, ұлттық рухты мәңгі сақтап қалады. Әр ұлттың тілі, діні, салт-дәстүрі бар. Тіл, дін, тарих, жер халықтың күре тамыры.
Тамырынан ажыратылған ұлттың болашағы бұлыңғыр. «Тағдырынды тамырсыздық індетінен қалқала!»,-деген М.Шаханов. Біз ұрпағымыздың болашағын тағдырын ойлайтын болсақ, салт-дәстүрімізді жастардың санасына сіңіру. Ұлттық тәрбие баланың бойына ананың сүтімен, бесік жырымен дариды. Ата-ана тәрбиені баласына ана тілінде беру керек. Ананың бесік жырын бойына сіңіріпіп өскен баланың тілі ана тілінде шығады. Ата-ана баласына тілі шыққаннан ертегілер, халық ауыз әдебиетін баланың бойына сіңіру тиіс. Халық ертегілері арқылы бала халқының дәстүрін танып, жадына сіңіріп өседі. Ертегілер баланың арман қиялын, мақсатын биікке шындайды. Батырлар жырын тану арқылы жерін, елін, халқын сүйген батыр да батыл, намысшыл патриот ұрпақ тәрбиеленеді. Халқын жерін сүйген білімді, намысшыл, патриоттық рухы биік ұрпақ, біздің болашағымыз. Табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әр кім түсіну керек. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Елбасы білімге ерекше көңіл қойып, көптеген жастарымыз қазіргі заман талабына сай «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде мемлекет есебінен білім алуда. Сол жастарымыз еліміздің экономикасын көтеруге үлесін қосып жатыр. Қазір еліміз экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің санатында.
Біздің мұғалімдердің міндеті білімді, білікті жастарды тәрбиелеу. Білімнің діңгегі мектепте, негізгі білімді бала мектеп ұстаздарынан алады. Әрбір ұстаз өзінің шәкіртін 21 ғасыр талабына сай бәсекелістікке лайықты, жан-жақты, рухы биік елін-жерін сүйген патриот болғаның қалайды.Біз ұстаздар Елбсының , әрбір адам ұлттық рухтың жаңғыруын өзінен бастау керек деген сөзіне сүйене отырып, біздің мектептің ұжымы педагоикалық кеңесте , Елбасының мақаласын талқыладық. Әрбір ұстаздың міндеті ерінбей еңбек етіп, балаға білім беріп, ұлттық рухта тәрбиелеу.«Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы», – деген әл-Фараби. Тәрбие беру барысында мектепте түрлі шаралар өткіздік. Мақсатымыз: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру. Сондықтан ата-ана да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының ұстаздары да ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал. Мысалы, біздің мектебімізде «Ұлттық тәрбие», «Абайтану» пәндері оқытылып келе жатқаны осы ұлтжанды қолдау тауып, мектептерде Абай мұралары да ұлттық құндылықтарға толы. Оның ішінде халықтың би-шешендерінің, ақындарының, күйшілерінің мұралары рухани байлығымыздың қайнар көзі. Біз оларды мектепте мына өзгермелі заманға лайықтап оқытып, ұрпақ игілігіне айналдыруымыз керек. Білім беру сласы да үнемі ұлттық сипатпен байытылып отырса, нұр үстіне нұр.
Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағыты. Мектеп жұмысын салтанатпен ашатын алғашқы қоңырау болса, тәрбие бағытының бірі және бірегейі ол патриоттық тәрбие. Тәрбиенің әр бағытының өзіндік ерекшелігімен қажеттілігін ескере отырып, елдің болашағын, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағытының маңыздылығын түсінеміз. Осы бағытта мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері және мұғалімдер болып бірқатар іс-шаралар өткізіп, нәтижелі жұмыстар атқарды. Жалпы тәрбие кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан мектеп көлеміндегі жұмыстар қыркүйектің бірінші аптасынан басталды. Атап айтқанда, біздің мектепте осы мақсатқа жету үшін әр-түрлі іс-шаралар жүргізіп отырамыз.
1-қыркүйек – білім күні салтанатты жиыны «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбымен өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығын мерекелеу аясында «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 26 негізі – 26 жұлдызды күндер» мерейтойлық іс-шараның жоспарына сәйкес, желтоқсан айының 9-ы күні 4-5 сыныптарға «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмі көрсетілді.
ҚР Рәміздерін насихаттау мақсатында «Еліме арнау» мәнерлеп оқу сайысын 6-сыныптар арасында өткізілді.14 оқушы қатысып, жақсы қырларынан танылды. «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнеролик көрсетілді.
«Мұғалімдер мерекесіне» орай «Ұлағатты ұстаз – білікті маман», «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді, «өзін-өзі басқару» күні өткізілді.
Міндеттер:
— Жас жеткіншектердің, яғни, қиын оқушылардың өмірге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, патриот, қайырымды, еңбекқор болуға тәрбиелеу.
— Сынып жетекшілердің мәдени қабілетін, психологиялық, педагогикалық шеберлігін көтеру.
— Оқушылардан өзіндік пікірі қалыптасқан, жан-жақты, жеке тұлға қалыптастыру.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы
Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Елбасының «Болашаққа бағдары рухани жаңғыруы» айқын да анық та бағдар. Тек біздің халқымызға алға қойған мақсатқа ұмтылыс керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. http://www.zakon.kz/4853272-n1201rs1201ltan-nazarbaev..html
2. https://www.zharar.com/kz/tarbie/12135-sagat_ruhani.html
3. https://sabaqtar.kz/bastauish/19293-bolashaa-badar-ruhani-zhayru-tuan-zher-badarlamasy.html