+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасау барысында тірек сызбалар мен тірек конспектілерді қолдану

 Садубаева Бакытгул Мейрамгалиевна,  «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

      Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру - әр мұғалімнің басты арманы екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс–құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар: бірі-өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану, екіншісі-эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.Оқу әрекетінің субъектісі ретінде оқушының тұлғасын дамытуға бағытталған, білім берудің жаңа типін жүзеге асырудың тәсілі болып табылатын, ол - интерактивті оқыту.
      Назарларыңызға әдебиеттік оқу пәнінен Міржақып Дулатовтың «Қыс» тақырыбына дайындаған сабақ үлгісін ұсынамын.

 

     Жаңа сабаққа дайындық кезеңін көрнекіліктен бастаймын. Көрнекіліктер, тірек сөздер мен сызбалар алдын ала дайындалып келген презентациялар арқылы  көрсетіледі. Оқушылардың назарына қыс мезгілінің суретін ұсынамын. Еш қиындықсыз оқушылар жыл мезгілін атайды. Бұл кезеңде жұмбақ немесе сөзжұмбақ жасыру да тиімді болады. Келесі кезекте қыс мезгілін сипаттау жұмысы жүргізіледі. Алдымен оқушылардың ойлары мен пікірлерін тыңдаймын. Кейіннен өзім дайындап әкелген сызбалар бойынша қауымдастық құру жұмысын жүргіземін. [1-қосымша]
     Жаңа сабақ кезеңінде автормен таныстыруды алдын ала дайындап келген сызбадан бастаймын. [2-қосымша]
     Сызбаны оқи отырып оқушылар автор туралы мағлұмат алады және есте сақтауға тырысады.
    Мәтінмен жұмыс жүргізуде тірек сөздерді қолданамын. Нақты ұғым беретін сөздерді тірек сөздерді мәтіннің ішінен, таңдап аламын.Сөздерді сілтеме белгісі арқылы орналастырып, мәтіннің мазмұнын қадамдап ашамын. Төмендегі үлгі бойынша жұмыс жасаймын. [3-қосымша]
     

     Айта кететін жай — берілген технологияны барлық типті сабақтарға және оның әр түрлі кезеңдерге қолдану мүмкіншілігінің жоғары болуы. Мәселен, бұл тірек сызбаны келесі сабақта үй жұмысын тексеру немесе өткенді қайталау кезеңінде пайдаланған өте тиімді. Нашар оқитын, тіл байлығы аз оқушыларға көмекші құрал ретінде де пайдалануға болады , себебі тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұны толық есіне түсіп,бағыттау сызықтарының сілтеуімен жүре отырып, мазмұндауы мен сөйлеу дағдысы қалыптасып, жақсы нәтижелер береді. Мәтінді оқығысы келмейтін енжар оқушыны оқуға еріксіз жетелейді. Қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға,өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды. Ойлануға, ой өрісін дамытуға көмектеседі.

      Қысқа да нұсқа жаза отырып, білімді кеңейте, тұжырымдап, дағдыны, еске сақтауды қалыптастырады. Теорияның негізгі түйінін таба білуге,оны дәлелдеуге үйретеді. Өзекті мәселені көтере білуге (не үшін, қалай, қай жерде қолданылады) деген сияқты мәселелерді қозғай білуге, нәтижелікке үйретеді. Мұнда балаға көп ойлануға мұрсат беруім керек, бала тірек сигналдарға қарап, көріп, есте сақтай отырып ойланады, содан кейін жауап береді.    Жоғарыда аталған жұмыс түрлерін үздіксіз жүргізу нәтижесінде қазіргі күнде сыныбымның оқушылары төмендегідей жетістіктерге жетіп отыр: қазақша жақсы сөйлейді, өз ойларын толық жеткізе алады. Көлемді әңгіме,шығарма жазу дағдылары жақсы қарқынмен дамыды. Ал ана тілі пәнінен мазмұндау, негізгі ойды түйіндеу және шығарма бойынша өз ойын айта отыру дағдылары, қабілеттері дами түсуде. Жалпы өз сабақтарымда ақпараттық — коммуникациялық технологияны жиі қолданамын. Сабақ жоспарына сәйкес тапсырмаларды презентациялар, иллюстрациялар, фотографиялар арқылы беріп, графика, қозғалыс, мәтін, дыбыс, бейне, аудиомен сүйемелдеп қолдануды әдетке айналдырдым. Себебі оқушы жаңа ақпаратты көру, есту, елестету, тыңдау, ойлау, қабылдау, зейін, жазу, сөйлеу арқылы жақсы қабылдайды.
   Жаңа технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетеді. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Осындай жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа форматта жоспарлап, жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, сабақ беріп, ұстаздар арасында іс-тәжірибемді бөлісіп жүрген, жаңашылға бет бұрған, ұстаздардың бірімін деп ойлаймын.
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Бастауыш мектеп» журналы. — №2. — 2008.
2. «Білімдегі жаңалықтар»журналы. —  №4. — 2007.
3.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы: 2006.
4.«Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы». — Алматы: Рауан, 1997.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype