+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Математика пәнін оқытудың сапасын көтеруде ақпараттық технологияларды қолдану

Самарбекова Айгерім Сайранқанқызы, «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-нің математика пәні мұғалімі,  Өскемен қаласы

    Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д 2 мыңжылдықта пайда болған. Тарих жағынан келсек, сандардың ежелгі Вавилонда қолданғаны айқындалады. Осылай математика саласы одан әрі қарай дами түсті. Қаншама ғалымдар өз шығармаларын есеп арқылы өшпес мұра қылып қалдырған.
    Математика – екінің бірі бара бермейтін қиын да, қызықты ғылым. Алайда, бұл ғылым саласы қиын болғанымен өте пайдалы. Ғылымдардың патшасы саналатын математика арқылы өзге саланың бәрін меңгеруге болады.
     Математика бізге не үшін керек? деген сұрақты оқушылардан жиі естуге болады. Біз денсаулығымызды нығайту үшін, дене күші мен қозғалыс дағдыларын және моральдік-еріктік қасиеттерді дамыту үшін спортпен айналысамыз. Ал, адамның ми клеткаларының жұмыс істеуі мен логикалық ойлау қабілетінің дамуына ешқандай спорт көмектесе алмайды. Оны тек қана математикамен дамыта аламыз.

     Математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар, негізінен, пәнді оқуға қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге қызығушылығының жоғалу себебі — ол пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін себебі, ол білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары арасындағы сабақтастықтың толық орындалмауынан. Білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті болмақ.

    Негізінен, төртінші сыныптан бесінші сыныпқа келген оқушылардың алдында мынадай қиындықтар кездеседі: сабақ кезіндегі тапсырмалардың, үйде орындалатын тапсырмалардың көлемі көбейеді; бастауыш сыныптағы тапсырмаларға қарағанда, бесінші сыныптан бастап тапсырмаларды орындау қарқыны шапшаңдатылады; қосымша материалдарды өз бетімен тауып, іздену қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, балада әр пән мұғалімдеріне адаптация жүре бастайды. Мұның өзі тақырыпты меңгеруге қиындық тудырады.
     5-сыныпта ойын, ребус, сөзжұмбақтар түрінде берілетін есептерді шығаруда олардың пәнге деген қызығушылығы оянып, белсенділігі артқанын  байқауға болады. Мұндай жұмыстарды әсіресе, интерактивті тақта көмегімен өткен сабақтардан көруге болады. Мен өз сабағымда 5-ші сыныптармен көбінесе, интерактивті тақтаны пайдалануға тырысамын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында берілген есептерді Activstudio программасына жазу  арқылы шығартамын. Тақтадан гөрі интерактивті тақтаға жазу, оқушылар, үшін қызықты дүние болғандықтан, олар тақтаға шығып, жазып көру үшін, есепті тез түсінуге және шығаруға тырысып, ынталанады. Сонымен қатар, bilimland.kz сайтынан математика тарауы бойынша жаңа тақырыпты видео арқылы түсіндіріп, соңында көрсетілген тапсырмаларды орындатамын. Әр оқушыны жеке компьютерге отырғызуға мүмкіндік болып жатса, бұл тапсырманы жеке орындап әр баланың қорытындысын жеке-жеке көруге де болады (1-сурет). Немесе ұялы телефонмен де орындауға болады.

(1-сурет)

    Заманға сай-адамы демекші заманауи оқушыларға АКТ пайдаланып сабақ өткізу қызықты өтумен қатар, оқытушыға да тиімді болып табылады. Дыбысты есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған жұмыстар – оқушының жадында тез сақталады. Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп кетуіне ешқандай қиындық тумайды. АКТ-ны сабақтарда қолдану – оқушының қабылдауына және де соңғы үлгіде шығып жатқан ақпараттық құрылғыларға деген қызығушылықтары туындап, сонымен жұмыс істей білуге бағытталады әрі ынталы болады.
    Сонымен қатар, математика сабағында Activstudio программасын пайдаланып, сабақ барысында қолданатын барлық көрнекіліктерді флитчарттар құру арқылы өткізуге болады. Мысалы, Activstudio- ның кітапхана қорынан барлық тақырыпқа қажетті көрнекіліктерді алуға  болады. Оларды мұғалім өзінің шеберлігі мен ұйымдастыру қабілетіне байланысты  түрлендіре алады.
      Бұдан басқа сабақты қорытындылау кезінде математикалық диктант, сәйкестікті табу тапсырмаларын жасауға болады.
    Promethean Activstudio программасының тағы бір ерекшелігі тесттік тапсырмалар арқылы оқушылардың жауап беру жылдамдығын арттыруға болады. Қазіргі кезде тест оқушылар білімін анықтауда алдыңғы орында тұрған сынақтардың бірі. Әрбір сабақты тақырып бойынша бекіту кезінде 5-6 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа уақыт белгілеп жауап бергізетін болса, оқушының жауап беру жылдамдығы қалыптасар еді. Бұл кезде программада құрылған тапсырмалар, интерактивті  тақтадан белгіленген уақыт бойынша автоматты түрде келесіге өтіп, ауысып отырады. Тест сұрақтары аяқталғанда автоматты түрде оқушылар жауабының есебі тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өздерінің қателескен тұстарын тауып бағасымен де таныса алады.
    Мысалы, 6-сыныптарда математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» тақырыбы бойынша қайталау сабағында Activstudio программасын қолдану арқылы оқыған материалды бекіту оқушылардың қызығушылығын тудырды.
 

2-сурет

     Мысалы, 2-суретте көрсетілген нұсқаулық арқылы сұрақ құрап, оған жауап беру түрлерін таңдауға болады: бірнеше жауап, мәтін, теңдеу т.б арқылы жауап беру. Бұл программа қызығушылығын ғана тудырып қоймай, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Мен өз тәжірибемде, сабақ беретін сыныбымнан ақпараттық технологияны және менің сабағымды жақсы меңгеретін оқушымды таңдап алып, сол оқушыға әр сабаққа сұрақ дайындап келуге тапсырма беріп отырамын. Сабақ арасында сол тапсырманы оқушы мұғалім болып жүргізеді. Яғни, оқушы-оқушы арасындағы қарым-қатынас орнайды. Осы арқылы басқа балалардың сабаққа ынтасын оятамын, сонымен қатар информатика пәнінен білімдерін толықтырамын. Өз сабағымда пәнаралық байланыс орнатамын десем де болады.
     Сонымен АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретінін көреміз. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды — адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype