+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім – жаңаша көзқарас

Турдыбаева Рыскуль Шарипказыевна, Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің география және биология пәні мұғалімі, Үржар ауылы

     Еліміздің білім беру саласының негізгі мақсаты-қарқынды өзгеріп жатқан заманда алған білімдерін өмірдің өзгермелі жағдайында өз қажетінше пайдалана алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Осы барыста мемлекетіміздің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы -  заман талабына сай жас ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа кезең. 19.02-02.03.2018ж аралығында ауданымызда ШҚО «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Нұрғалиев Рауан Еримбекұлы ауданның географ мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» курсын өткізді. Ұстаздарымыз кәсіби тұрғыда білім жүйесіне енген жаңалықтың ерекшелігін, сабақ беру үдерісінде кеңінен қолдана білу мүмкіншілігіне ие болды.

      Елімізде білім беру саласында болып жатқан соңғы кездердегі жаңалықтар Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірумен сипатталады. Жаңа әдіс-тәсілдер жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетініне сенімдіміз. Рауан Еримбекұлы өз дәрістерінде  теориялық білімін, практикамен ұштастырып жетілдіруде жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізіп, оқу бағдарламасының мақсатын, міндетін, құрылымы мен мазмұнын және  оқу мақсатына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданудың жолдарымен таныстырды. Белсенді әдістер арқылы саралау тапсырмаларын  құрастыруды айқындап, мұғалімдердің зерттеу және жоба жұмысын орындау дағдыларын қалыптастыруға бейімдеді. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

   Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.  Тренеріміз Рауан Еримбекұлы курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуін де  жүйелі жұмыс жасау барысында жеткізе білді.Оған оқу мақсаттарын орындай отырып  тапсырмаларды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Курс барысында алған білімдерін географ-мұғалімдер сабақ жоспарын тиімді құрастырып және оның презентациясын топ алдында ұсыну барысында көрсете білді. Сабақ беру үрдісінде әріптестеріміз алған білімдерін тиімді қолданады деген сенімдеміз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype