Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.
— Балалар, қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті,амандасайық!
Сәлем, сәлем Алтын күн!
Сәлем, сәлем Жер ана!
Сәлем, сәлем Көк аспан!
Сәлем менің достарым!
Кәне бір-бірімізге тілектерімізді айтайықшы.
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Елімізде тыныштық болсын!
Отанымыз гүлдене берсін!
Дастарханымыз мол болсын!
Дос көп болсын!
Тату болайық!
Бақытты болайық!
Әрқашан күн сөнбесін!
— Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
— Ал, олай болса, балалар, ертегі әлеміне саяхат жасайық.
— Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық?
— Пойызбен барайықшы, тез жетеміз (пойыздың дауысы естіледі)
— Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.
Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
2. Қыста ақ, жазда сұр (қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
5. Өзі қып-қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Оқытушы: Ерте, ертеде, құйрық жүні бөртеде апа мен ата болыпты. Бірде атай, апаға былай депті:
Ата: — Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Апа: Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Ата: Әй, кемпірім-ай ! Қаптың түбін қарап көр ұн табылып қалар.
Оқытушы:
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қорбаңдап аю шыға келеді.
Аю: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, жоқ,сен мені жеме, саған жақсы өлең айтып беремін.
Домалаймын, домалаймын,
Майлы құймақ мен боламын
Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым
Қоян сенен құтылу қиын емес маған.
Аю: Жоқ, жоқ, бауырсақ, сен менің тапсырмамды орында.
Аюдың тапсырмасы:
Мына гүлдердің түсін ата?
— Қандай гүл ? -Ақ гүл.
— Қандай гүл ? -Сары гүл.
— Қандай гүл ? -Қызыл гүл.
— Қандай гүл ? -Көк гүл.
— Қандай гүл ? -Жасыл шар.
-Сана, неше гүл? 1.2.3.4.5. гүл.
Оқытушы: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Домалаймын, домалаймын,
Майлы құймақ мен боламын
Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым
Қояннан да қаштым
Қасқыр сенен құтылу қиын емес маған.
Қасқыр: Жоқ, жоқ, бауырсақ, сен менің тапсырмамды орында.
— Ал, балалар, аюдан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік. Қасқырдың тапсырмасын орындайық:
— Үй жануарларын бөлек,жабайы аңдарды бөлек жинаңдар.
(Ит, мысық, сиыр, ат ,ешкі, түйе) (Қоян, түлкі, аю, қасқыр)
Оқытушы: Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған қоян қарсы шығады.
Қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
— Домалаймын, домалаймын,
Майлы құймақ мен боламын
Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым
Аюдан да қаштым, қасқырдан да қаштым
Қоян сенен құтылу қиын емес маған.
Қоян: Жоқ, жоқ, бауырсақ, сен одан да менің тапсырмамды орында.
Оқытушы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
Қоянның тапсырмасы:
Мына тақпақты бірге айтайық:
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы,қырлы жерлер мен.
Ытқып,ытқып секірді
Оқытушы: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Оның алдынан түлкі шыға келеді.
Түлкі: — Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Домалаймын, домалаймын,
Майлы құймақ мен боламын
Апамнан да қаштым,
Атамнан да қаштым
Аюдан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым
Қояннан да қаштым
Түлкі сенен құтылу қиын емес маған.
Түлкі: Жоқ, жоқ, бауырсақ, сен менің тапсырмамды орында.
Түлкінің тапсырмасы:Жеміс-жидекті бөлек,көкөністі бөлек жинаңдар. (Жемісті себетке,көкөністі шелекке)
-Сенде не бар? -Менде алма бар.
-Сенде не бар? -Менде алмұрт бар.
-Сенде не бар? -Менде шие бар.
-Сенде не бар? -Менде қияр бар.
-Сенде не бар? -Менде қызанақ бар.
-Сенде не бар? -Менде пияз бар.
— Міне, біздің ертегімізде бауырсақ балалар көмектесіуінің арқасында барлық аңдардың тапсырмаларды орындап аман қалды. Бауырсақты ата мен апаға апарайық.
Қорытындылау:
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
— Экранға назар аударыңдар. Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
— Қандай тапсырмалар орындадық?
— Орыс халқының ертегісі «Бауырсақ» қалай аяқталады? Ал,біздің ертегіміз қалай аяқталды?
— Бауырсақ үйден қашып кетті, ол дұрыс істеді ма?
Ертегі кейіпкерлері өздерін таныстырып өтсін:
Апа — Менің атым -Даша.
Ата — Менің атым — Никита.
Бауырсақ — Менің атым — Алина.
Қоян — Менің атым — Даша.
Қасқыр — Менің атым — Леша.
Аю-Менің атым-Семен.
Түлкі — Менің атым — Артем.
— Келген қонақтарға ән шырқап берейік. Балалардың орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар.
— Балалар, қонақтармен қоштасайық. РАҚМЕТ! Сау болыңыздар, қонақтар!
Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Шығармашылық