+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Озық ойлы оқушы» ашық сабақ (7-сынып)

 Ақтанова Ләззат Қазиқызы, «№42 орта мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

 Сабақтың мақсаты:
а) Өткен материалдар бойынша білімдерін бақылау.
ә) Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту.
б) Оқушыларды тиянақтылыққа, төзімділікке, ойын жүйелеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. кезеңі
ІІ.Кіріспе сөз.
ІІІ.Негізгі бөлім.
а) «Кім көп біледі».
ә) «Кім жылдам».
б) Цифрларды қатыстырып мақал – мәтел айту.
в) Жұмбақ шешу.
г) «Сыр сандық құиясы»
д) Логикалық есеп.
ІҮ. Қорытынды.

І бөлім. «Кім көп біледі?».  Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы бірінші қол көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалануы – 1 балл.
1.Планиметрия – геометрияның қай бөлімі?
2.Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді?
3.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?
4.Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар?
5. Екі оң санның көбейтіндісі неге тең?
6. Бөлгіштері екіден көп сан қалай аталады?
7.Түбір астындағы 225 неге тең?
8. Таңбалары әр түрлі екі санның бөліндісі неге тең?
9. Бірге қарама – қарсы қандай сан?
10. «К» әрпімен басталатын математикалық сөздерді ата?
11.Жай сан деп қандай санда айтамыз?
12. Статистикалық сипаттамалардың ең қарапайым түрлерін ата?

ІІ бөлім. «Кім жылдам». Бұл бөлімде ауызша есептер шығару.
1.Квадрат қабырғасы 9см. Периметрі неге тең?
2. Қабырғасы 6см және 8см тіктөртбұрыш ауданы неге тең?
3.Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең.Олар қандай сандар?
4.Шаршының периметрі 44см, қабырғасы нешеге тең?
5. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 8см, периметрін тап.
6.Дөңгелектің диаметрі 10см, радиусы нешеге тең?

 ІІІ бөлім. Цифрларды қатыстырып мақал-мәтел айту
1.2жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
2.5 бармақ жиналып, жұдырық болады.
3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге жетеді.
4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл.
6. 5 саусақ бірдей емес.
7. 1 тал кессең, 10 тал ек.

ІҮ. Жұмбақ шешу
1.Нәрселерді санағанда,Керек ол бізге ауадай,Айтыңдаршы бұл қандай сан,Жан жағаңа қарамай. (натурал сан)
2.Алды – артымыз шексіз де,Жете алмайсың біздерге.Сәуле менен кесінді,Шыққан тегін білсе де. (түзу)
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
4. Жүз төрт түйме,Он бір ине. (есепшот)
5. Нүктеден,екі сәуледен құралғанАйтшы бұл не екенін? (бұрыш)

V бөлім. «Сыр сандық құпиясы»

1. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіптен, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі – берлі тасып әлек. Бұл не?

2.Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ, кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғазады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданыланы. Бұл не?

3. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, т.б. салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады.Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не?»

VI бөлім. Логикалық есептер
Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар? Ұзындығы 135см сымды 1 бөлігі 2-бөлігінен 2 есе үлкен етіп екі бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын тап. 50-ді екіден бірге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай болады? 300 –дің 25 проценті нешеге тең?

Өткізілген білім сайысының қорытындысы жасалып, «Ең озық ойлы оқушы» атағына ие болған оқушы марапатталады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype