+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Біздің шаңырақ

Шапатова Гульмира Каримовна, Дарынды балаларға арналған «Восток» ДОҒЗАОМК КММ-нің №106 «Қарлығаш» мектепке дейінгі ұйым ортаңғы топ тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Қоршаған ортамен таныстыру (Ортаңғы топ. 4-5 жас)

Мақсаты:Туыстық атаулар, отбасы, жанұя туралы ұғымдарын кеңейту. Әрекетті-типті оқыту формасының жұптық жұмыс түрі арқылы бірін-бірі тыңдауға, тіл табысуға бейімдеу. Қарапайым зерттеу іс-әрекеті арқылы балалардың ой-тұжырым жасап, өз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін арттыру. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзара сыйластыққа, татулыққа тәрбиелеу.

 Әдіс-тәсілдер:

— сұрақ-жауап;
— жұптық жұмыс;
— қарапайым эксперимент;
— ойын.

ОЙЫН-САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.  (1 мин)

Тәрбиеші:
—  Балалар, менің мына сұрағыма қалай жауап берер едііңдер?
—  Отбасы, жанұя деген не?
—  Ол біздің ата-анамыз, апамыз, атамыз т.б. (Балалар жауабы)

ІІ. Жаңа сабақ бойынша жұмыс:

  1 Кіріспе әңгіме. (2 мин)

Тәрбиеші:
— Отбасы сөзі орысша қалай айтылады?
— «Семья»
— Ал ағылшан тілінде қалай айтамыз?
— «Family»
— Қазақ халқы отбасы мүшелерін алып ағашқа теңейді екен. Ойын сабақ барысында сол ағаштың атауын білетін боласыңдар.

2. Ағаш суретін орналастыру. Ағаш мықты болып өсу үшін қажетті факторларды атау. (7 мин)

 Тәрбиеші:

—  Ағаш қайда өседі?
—  Ол мықты болып өсу үшін қажет факторлар пирамидасын жұптаса отырып құрып жіберейік.
Жұптық жұмыс ережесі: орындау, ақылдасу, бір-бірін тыңдау.

Тақтада тексеру:
Қажетті факторлар: топырақ, адам еңбегі, су, ауа, күн

Әрбір фактор қызметін айтқызу:
— Күн не береді? (жылу, жарық)
— Ауа не береді? (Өсімдік дем алмаса өліп қалады)
— Су не үшін қажет? (Өсімдік сумен ғана өседі)
— Адам еңбегі неге қажет? (Адам өсімдікті баптап, күтуі қажет. Сонда өсімдік әдемі, жақсы болып өседі)
— Топырақ не үшін керек? (Өсімдік өсу үшін қажет)

Тәрбиеші:
— Ағаштың діңі қандай? (Жуан, мықты)
—  Ендеше ата, әжеміз де ағаш діңіндей мықты, балаларына тәрбие береді.
—  Ата, әжеміз не береді№ (ақыл айтады, еркелетеді, ертегі айтып береді)
—  Ата-анамыз да ата-әжеден тәрбие алады, сондықтан оларды ағаштың бұтақтарына теңейді екен.
—  Ал, жапырақтар жас, әдемі болғандықтан, оны сендер сияқты балаларға теңейді екен.

ІІІ. Сергіту сәті (5 мин)
Тәрбиеші:
— Балалар, мен сендерді «Біздің шаңырақ» деген ойынға шақырамын.
— Әр бала әр түрлі таспаның біреуін алып, жанұясын сипаттайтын сөздерді айта отырып, уық ретінде шаңыраққа қадайды.
Мысалы: Айзере: — Менің отбасым тату.
Рамазан: — Менің отбасым көңілді.
(ұйымшыл, еңбекқор, шыншыл т.б. жақсы тілектер айтылады)

—  Рахмет балалар, жақсы тілектер айтылды, орнымызға отырайық.
IV. Зерттеу қарапайым эксперимент. (7 мин)

Тәрбиеші:
—  Балалар, алдымыздағы ыдыстағы затқа көңіл аударайық.
—  Ол не екен?
—  Шыбық немесе таяқша.
—  Неше? (Бір)
—  Ендеше, осы шыбықты немесе таяқшаны сындырып, майыстырып көріңдер.
—  Не байқадыңдар?
—  Неге сынды? Себебі ол-жалғыз.
—  Қалай ойлайсыңдар, жалғыз адам отбасында өзі ғана болса жақсы ма?
—   Ия, жаман, себебі жалғыз адамға қиындыққа төтеп беру оңай емес.

Тәрбиеші:
—  Екі топқа бөлініп тұра қалыңдар. (Балалардың қолына бірнеше шыбықтан буылған екі бума беру)
—  Енді осы бума ағашты сындырып көріңдер.
—  Шамаларың келе ме?
—   Жоқ, ендеше отбасы мүшелері қандай болу кререк? (тату, ұйымшыл, бірлікте, достықта)
—  Ия, дұрыс айтасыңдар, тек сонда ғана отбасыларыңа ешкім жамандық жасай алмайды екен.
—   Сонымен отбасы мықты болу үшін не болу керек? (бірлік , татулық)

V. «Бәйтерек» суретін теледидардан көрсету. (1 мин)

Тәрбиеші:
— Мына суретке назар салайық.
— Ол ғимарат қалай аталады?
—  «Бәйтерек»
—   Ендеше. балалар. отбасылық ағаш атауы «Бәйтерек» деп аталады екен.
VI.Қорытынды. (2 мин)

«Ата – бәйтерек, бала жапырақ», — дейді халқымыздың даналығы.
— Бүгінгі сабақ не жайлы болды?

«Менің отбасым» өлеңін хормен айту:

Атамнан басталар.
Әжемнен қосталар.
Отбасы мыналар,
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам бар,
Біртуған апам бар,
Бір туған ағам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін

VII. Рефлексия.

—  Сабақ несімен ұнады?
—  Қиналған жерің болды ма?
—  Достарыңнан кімді мақтайсың?
—  Өзіңді ше?
—   Не үшін?

 Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес құрылған үлгілік оқу бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндеттерінің бірлігі мен кіріктірілуін, бірізділігі мен жүйелілігін және сабақтастығын ескере отырып жүзеге асыруды көздейді.
   Елбасының «Қазақстандық жол – 2050» — бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолдауы  да, отбасы тәрбиесі негізінде жас өренді елін, жерін сүюге, отбасы құндылықтарын құрметтеуге баулу балабақшадан бастау алатындығын атап көрсеткен.
   Бүгінгі ұсынылып отырған ойын сабағымыз таным, әлеумет, қатынас білім беру салаларының кіріктірілуі арқылы, ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
   Ойын сабақ барысында алдыға қойған мақсатым: Туыстық атаулар, отбасы, жанұя туралы ұғымдарын кеңейту. Әрекетті-типті оқыту формасының жұптық жұмыс түрі арқылы бірін-бірі тыңдауға, тіл табысуға бейімдеу. Қарапайым зерттеу іс-әрекеті арқылы балалардың ой-тұжырым жасап, өз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін арттыру. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзара сыйластыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype