+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Үздік маман

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің арнайы пәндер оқытушысы,  Семей қаласы

Байқаудың мақсаты:
Білімділік: мамандық бойынша алған білімдерін жинақтап, тиянақтау, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту.
Тәрбиелік: білімге қызығушылығын арттыру, жауапкершілік сезімге, ұйымшылдыққа, өз мамандығын сүйе білуге тәрбиелеу.

 Байқаудың түрі: іскерлік, ойын-сайыс.
Әдісі: сайыс.

Пәнаралық байланыс: іс жүргізуді ұйымдастыру, мұрағаттану, хатшылық іс, мамандандыру, аударма теориясы, офистік жабдықтар.
Кабинеттің жабдықталуы: интерактивті тақта, ламинатор, түптеу машинкасы, қағаз жоюшы машинка, әр оқушыға арналған жұмыс орны, трибуна, қалам, қағаз.
Байқауға 051000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттері қатысады.

Байқауды бағалайтын әділ-қазылар мүшелері:
         1. Колледж әдіскері Турсунбаева А.К.
         2. Бөлім меңгерушісі Абдраимов Б.А.
         3. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Қырықбаева А.С.
Байқаудың жоспары:
І кезең — «Бәйге»;
ІІ кезең — «Полиглот»;
ІІІ кезең — «Ғажайып үштік»;
ІҮ кезең — «Жорға»;
Ү кезең — «Іскерлік»;
Қорытынды бөлім.

Байқаудың барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиылған қауым, қадірлі қонақтар, ұстаздар және «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» студенттер!
2-жүргізуші: «Үздік маман» байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың мақсаты, байқауға қатысқалы отырған білімгерлер, сендердің алған білімдеріңді ойын арқылы насихаттай отырып, болашақта өз мамандықтарыңның қыр-сырын ашып, көрсете білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, сіздердің бұл байқауда тапқырлықтарың, шеберліктерің мен жылдамдықтарың сыналады.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, жанкүйерлер, ендеше бүгінгі байқауға қатысатын студенттермен таныс болыңыздар:

  1. Жұмабекова Айгерім
  2. Құрманбаева Гүлшат
  3. Жамаділ Алмат
  4. Ақиқат Салтанат
  5. Дулатова Айдана

1- жүргізуші: Байқауымызды бағалайтын әділ-қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар:
—  Колледж әдіскері Турсунбаева Алия Кабкеновна;
—  Бөлім меңгерушісі Абдраимов Бауыржан Абдукаримұлы;
—  Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Қырықбаева Ақерке Серікжановна.

2- жүргізуші: Дайын болсаңдар байқауымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Байқауымыздың І кезеңі — «Бәйге». Бұл кезеңде берілген сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап бересіңдер. 12 сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

І. «Бәйге» кезеңінің сұрақтары.

  1. Заңды көркемделген құжаттар тізімі (істер тізімдемесі)
  2. Құжаттың құрамдас бір бөлігі не жеке элементі (деректеме)
  3. Өздігінен стандартты шешімдер қабылдай алатын, басшының жұмысын жеңілдететін мекеме қызметкері (хатшы-референт)
  4. Экранда позицияны көрсететін арнайы индикатор (курсор)
  5. Құзырлы мекемелер бекіткен ережелер, нормалар, талаптар жиынтығы (стандарт)
  6.  Құжаттарды сақтауға арнайы жабдықталған бөлме жай (мұрағат қоймасы)
  7.  Температура-ылғалдылықты өлшейтін құралдар (термометр, психрометр, гигрометр)
  8. Сыртқы құрылғыларды басқаруға арналған арнаулы аралық бағдарлама қалай аталады? (драйвер)
  9. 1 байтта неше бит бар? (8)
  10.  Дырокол, степлер, скотч, клей, қалам – қандай құрал түрлері? (кеңселік құралдар)
  11. Жазу машинкасының мөлшермен алғандағы салмағы? (16-18 кг)
  12. Тұрақты деректемелері бар, ауыспалы деректер үшін орын қалдырылған ақ парақ. (бланк)

 2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастардың алдына қойып отырған басты мәселелерінің бірі — үш тілді қатар меңгеру.
1-жүргізуші: Ендеше, байқауымыздың келесі кезеңі «Полиглот» деп аталады. Бұл кезеңде берілген сөйлемдерден «түсіп қалған» сөздерді тауып, сол сөздің үш тілде, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтуларың керек.

ІІ. «Полиглот» кезеңінің сұрақтары.

  1. Тарихты адамдар жасайды, ал …. сақтайды. (архивтар – архивы — archives)
  2. Бүгінгі оқиға, ертеңгі …. (тарих – история — history)
  3. 3.  Архив — тарихи деректі құжаттар сақталатын асыл….(қазына – сокровище — treause)
  4. Офис тек қана жұмыс орны емес ….. басқару жүйесі (еңбек — труд — work)
  5. Пернетақта, тышқан, сканер, джойстик — ақпаратты компьютерге … құрылғысы. (енгізу – ввод — enter)
  6. Ол … құжаттарды құрсаулар көмегімен бекітуді қамтамасыз ететін құрылғы. (құжат тіккіштер – переплет — binding)
  7. Компьютер жадысына жазылған ақпаратты басып шығарғыш құрылғы — …. (принтер – принтер — printer)
    8. Ақауы бар дұрыс бедерленбеген …пайдалануға болмайды. (мөр–печать-type)
    9. Құжат деректемелері ұзыннан орналасқан кезде … диаметрі 26 мм. (елтаңба – герб – state emblem)
    10.Стенография грек сөзі, оның мағынасы …(қысқа – короткий —  short)

1-жүргізуші: Байқауымыздың келесі кезеңі — «Ғажайып үштік». Бұл кезеңде арнайы пәндер бойынша сұрақтар беріледі, сұрақты білімгерлердің өздері таңдайды, дұрыс жауап берсеңдер, сол ұпайды иеленесіңдер. Егер де сұраққа жауап бере алмасаңдар, қарсыластарыңның жауап беруіне болады.
Тақырыпты бірінші болып, екі айналымда ұпай санын аз жинаған студент таңдайды. Осы бөлімнің қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 студент ойыннан шығады.

ІІІ. «Ғажайып үштік» кезеңі 

Машинамен жазу және офистік жабдықтар

10

20

30

40

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану

10

20

30

40

хатшылық іс және офис-менеджер

10

20

30

40

«Машинамен жазу және офистік жабдықтар» бөлімінің сұрақтары:
10 ұпай. Жазу машинкаларының қандай түрлері бар?
20 ұпай. Өзін басқа бағдарламаларға жаза алатын шағын бағдарлама. (вирус)
30 ұпай. Мына құрал қалай аталады? Не үшін керек? (ламинатор суреті)
40 ұпай. Практикалық жұмыс. Түптеу машинкасы деген қандай құрал? Қолданылуын көрсет.

«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»  бөлімінің сұрақтары:
10 ұпай. Құжатты өңдеу деген не?
20 ұпай. Бейне сұрақ. Істер номенклатурасы деген не? Оның түрлерін ата.
30 ұпай. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар дегеніміз не?
40 ұпай. Практикалық жұмыс. Сақталу мерзімі аяқталған құжаттарды жою тәртібі жайлы қысқаша айтып, бір құжатты жойып көрсет.

«Хатшылық іс және офис-менеджер» бөлімінің сұрақтары:
10 ұпай. Хатшының жауапкершілігі қандай?
20 ұпай. Хатшыға қажет іскерлік қасиеттер?30 ұпай. Телефонхат арқылы қандай ақпараттар берілмейді? (құпия ақпараттар)
40 ұпай. Практикалық жұмыс. Ламинатор не үшін қажет? Қолданылуын көрсет.

1-жүргізуші:  Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына берейік, алдыңғы кезеңдердегі ұпайлармен таныстырсын. Құрметті студенттер, ойын болған соң, біреу жеңіп, енді біреулер жеңілуі шарт. Сондықтан, «ойыннан жеңілсеңдер де, өмірде жеңілмеңдер» деген тілекпен 2 студентпен қоштасайық.

Біз байқауымыздың «Жорға» кезеңін бастаймыз. Бұл кезең бойынша әр студент 6 сұраққа жауап береді, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Барлық жауапқа 1 минут уақыт беріледі.

2-жүргізуші:  1-ші студентке қойылатын сұрақтар:  

  1. Ксерокстің бояуышы ұнтағы (тонер).
  2. How far from the computer screen is it recommended to sit? (no less than 60-70 centimeters)
  3. Как называется документ который поступает в организацию? (входящий документ)   
  4. Белгіленген қағидаға сәйкес істі сақтауға дайындау (істі рәсімдеу).
  5. The organization which keeping the documents. (state archive).
  6. Как называется первый вариант документа, который имеет юридическую силу? (оригинал)

1-жүргізуші: 2-ші студентке қойылатын сұрақтар:

  1. Ақпаратты тікелей қағаз бетінен компьютерге енгізу құрылғысы (сканер).
  2. Документ содержащий видео и аудио информацию (кинодокумент).
  3. The process of making documents (documenting)
  4. Как называется вторичный вариант документа, который имеет юридическую силу? (дубликат)
  5. Жұмысшы мен қызметкердің еңбек жолын растайтын құжат (еңбек кітапшасы).
  6. The organization temporarily keeping the documents (departmental archive).

2-жүргізуші: 3-ші студентке қойылатын сұрақтар:

  1. Ламинаттаудың мақсаты (құжатты пайдалану кезінде сыртқы ортаның ықпалынан қорғау).
  2. Как называется устройство, переносящее различную информацию (флешка).
  3. The organization which keeps documents national safety. (Special state archive).  
  4. Бір немесе бірнеше белгілері бойынша ұқсас құжаттардың жиынтығы (мұрағаттық коллекция).
    5. Как называется копия документа, не имеющяя юридическую силу? (ксерокопия).
    6. The types of forms blanks (the simple form, the written form).  

Студенттерге берілетін практикалық тапсырма
1-жүргізуші: Байқауымыздың келесі кезеңі — «Іскерлік» деп аталады. Сендерге берілетін келесі тапсырма басшыға кофе-брейк дайындау. Алдарыңда тұрған құралдарды пайдалана отырып, басшыға шай немесе кофе дайындап ұсынуларың қажет. Тапсырма түсінікті деп ойлаймын. Ендеше, іске сәт!

Бағаланады: Студенттердің шай немесе кофе ұсыну мәдениеті, сервировкасына, киім киістері мен жүрістеріне көңіл бөлінеді.  Ең жоғарғы балл 5 ұпай.
2-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы, сіздерденосы кезеңнің ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.
1-жүргізуші: «Іскерлік» кезеңінің қорытындысын тыңдаңыздар.
2-жүргізуші: Ортаға бүгінгі байқауға қатысқан студенттерді шақырамыз.
1-жүргізуші: Барлық қорытынды ұпайларды жариялау үшін сөзді әділ қазылар алқасына берейік.

1-жүргізуші: Құрметті студенттер, қонақтар, ұстаздар, бүгінгі байқауымыз да өз мәресіне жетті. Халық пен халықты, адам мен адамды табыстыратын — білім. Тәуелсіз еліміздің болашағы, жастар, сендердің қолдарыңда. Олай болса, әлі де білімдеріңді шыңдап, өмірде тек биіктен көріне беріңдер. Еліміз бірлікте, ұрпағымыз өрлікте болсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype