Сабақта қолданылатын ресурстар: компьютер, презентация, 1-қосымша, 2-қосымша.
Сабақтың барысы:
|
|
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
І. |
Ұйымдастыру кезеңі(2 мин.)
|
Оқушылар назарын аудару, жақсы көңіл-күйге бұру. Бағалау критерийлерімен таныстырады. |
Презентацияда берілген жұмбақтар шешеді. |
|
ІІ. |
Миға шабуыл (4 мин)
|
«Кітап туралы не білеміз?» Кітап туралы бейнебаян көрсетіледі. Кітап таңдау арқылы 4 топқа бөлінді.
|
Күтілетін жауап: Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, ”мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз. |
|
ІІІ. |
Мағынаны тану |
Т.Дәуренбеков «Кітаптар мұңы» әңгімесін оқуға ұсынылады. |
|
|
IV. |
Топтық жұмыс (15 мин) |
«Кітап оқу үшін не істеуіміз керек, қандай шарт-жағдайлар, амалдар өзімізге жасап беруіміз керек және біздің кітап оқымауымызге не кедергі» тақырыбына постер қорғайды. |
постерларын қорғайды
|
|
V. |
Кері байланыс: Жадыны жаттықтыру (5 мин) |
Кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер? |
Тұрақты кітап оқудың қажеттілігінің 7 себебін атап өтіп, естерінде қалған сөздерді стикерге түсіреді. |
|
VI. |
Бағалау (2 мин)
|
Деңгей бойынша бағалау. |
Өз бағаларын анықтай алады. |
|
VIІ. |
Үйге тапсырма (3мин)
|
Мектеп холлына «Bookcrossing» ұйымдастыру. |
|
1-қосымша
Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңы» әңгімесіне құлақ асайық:
«Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
— Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
— Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.
— Не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп — бүтін ғой.
— Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Мен әдеби кітаппын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Айына-жылына бір-екі бала ғана алып оқиды. Тап-таза беттеріміз сарғайып барады. Соған уайымдап жатырмын.
— Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Көшпенділер тарихы» кітабі боламын, — деді бірінші кітап. Мені алғаш кітапханаға әкелгенде, мені бәрі оқып, денемдегі бар байлықты бойларына сіңіреді ғой деп ойлап едім, бірақ, өкінішке орай, мені ешкім қолына алмады. Көшпенділер тарихын ешкімнің мен арқылы білгісі келмеді, тек көздерін ауыртатын интернет желісі арқылы, қысқа ақпараттарды ала салғанды жөн көрді, — деді. Сосын, ескіріп шаңымыз шыққан соң бізді осында әкеліп тастады, — деп сөзін аяқтады.
— Енді бізді не істер екен? — дейді кітап.
— Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен? От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
— Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер, — деді «Көшпенділер тарихы» сәлден соң басу айтып.
— Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін, -деді «Көшпенділер тарихы» тағы да жұбата сөйлеп.
— Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, — деді.
— Онда жақсы болар еді, — деді бірдей жамырап.
Мұғалім: Балалар, кітаптар да ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін не істеуіміз керек?
Мектеп кітапханашылары: Алмагуль Бөкенқызы, Гульжанат Кабидолдақызы және 7г сынып оқушыларының қатысуымен мектептің Тәуелсіздік залында «Bookcrossing» ұйымдастырды. Нәтижесінде сыныптың 10 оқушысы әдеби кітап оқулықтар алып оқыды. Жергілікті жазушылар Қ.Қайсенов, О.Бөкей және шетел жазушыларының шығармаларын оқығандығын байқадым. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын әдебиет пәндерінің сапасы артқанынан көруге болады.