Оқытудың модульдік-құзыреттілік жүйесін қолдану арқылы білім беретін заманауи бағыттағы оқытушы техникалық мүмкіндіктерді толық меңгеріп, келешекке арналған жоспарды әзірлеп жан-жақты болады. Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйесіне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Оқыту мазмұны — өзіндік кешенді аяқталған, нақты мақсатқа негізделген, блоктық жүйе. Студент тек оқып қана қоймай, оны меңгеру деңгейі анықталынады. Сонымен қатар студент оқытушыдан жазба түрде одан ары қалай қадам жасау керектігі туралы кеңес алып отырады.
2. Студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас тұрпаты өзгереді. Ол модуль арқылы басқарушы және басқарылушы қатынастың жеке үдерісінде сөзсіз жүзеге асырылады.
3. Студент өз бетінше барынша кең көлемде жұмыс жасайды, мақсат қойып, өз бетінше жоспарлай, өзін-өзі ұйымдастыра және бақылай алады.
4. Жеке кеңес алу, оқушылардың жан-жақты қол ұшын беруі жүзеге асырылмайды.
Модульдік оқыту мақсаты: студенттердің білген, меңгерген білімдерін жеке оқу материалдарымен жұмыс жасау тәсілдері есебімен өз бетінше жұмыс жасау әрекетін дамыту. Сондықтан да осы модульдік оқыту технологиясы арқылы бүгінде әлем бойынша озық тәжірибелерді пайдалана отырып, қолданыстағы оқытудың жаңа үлгідегі бағдарламалары негізінде колледж түлектері өз мамандықтарына жақын үш жұмысшы біліктілігін алу мүмкіндігін иеленетін болады.
Оқытудың модульдік технологиясын қолдану нәтижесінде студенттердің төмендегідей іс-әрекеті қалыптасады:
Ø нақты мақсат қоюға дағдыланады және оқу үрдісіне белсенді қатысады;
Ø өз ойын ашық айтады, оны дәлелдей біледі;
Ø айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады, сонымен қатар сараптауға, бағалауға дағдыланады.
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану – арнайы пәндерді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің негізгі факторы болып табылады.
Модульдік технология студенттердің құзыреттілігін дамытады және жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Мысалы, «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттердің «Қаржылық есеп» пәні бойынша оқу тәжірибе өту барысында келесідей құзыреттіліктері қалыптасады:
|
№ |
Тақырып атауы |
Болашақ маман ретінде оқу тәжірибесі барысында атқарылатын жұмыстар |
|
1 |
1.1. Ұйымның есеп қаржысы |
Қаржылық есеп туралы заңын, қаржылық есеп стандарттарын және қаржылық есеп шоттарының үлгі жоспарын пайдаланады |
|
1.2. Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі |
1) Кассир ретінде: кіріс және шығыс кассалық ордерлерді толтырады және тіркеу журналында тіркейді; 2-3 кассир есебін өңдейді, кассалық кітапты жүргізеді 2) Бухгалтер ретінде: 2-3 аванстық есепті өңдеп, олардың көшірмесін құрастырады, басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу жұмыстарын жүргізеді |
|
|
2 |
1.3. Негізгі құралдар және материалды емес активтердің есебі |
Материал есебiн жүргiзушi бухгалтер ретінде: негізгі құралдардың қозғалысы бойынша негізгі құралдарды қабылдау–тапсыру актісін, түгендеу карточкаларын толтырады, негізгі құралдардың амортизациясын есептейді, құрастырылған құжаттар негізінде №12 журнал-ордерге жазбалар жүргізеді және түгендеу, салыстыру тізімдемесінің көшірмелерін жасайды. |
|
3 |
1.4. Тауар-материалдық құндылықтардың есебі және жабдықтаушылармен есеп айырысу |
Материал есебiн жүргiзушi бухгалтер ретінде: қоймаға материалдардың түсуі мен босталу құжаттарын толтырады, бухгалтерияға құжаттарды тапсыру бойынша реестрлерді рәсімдейді, қойма есеп карточкасын толтырады, материалдардың жинақтау және талдау есептерін есеп тіркеуіштерінде жүргізеді, жабдықтаушылармен есеп айырысу есебін де жүргізеді. |
|
4 |
1.5. Еңбек және оның төлемақысының есебі |
Еңбек ақы бойынша бухгалтер ретінде: Еңбек және оның төлемақысын құжатты ресімдейді, әр түрлі нысандағы және түрдегі төлемақыларды, одан шегерілетін ұсталынымдар түрлерін есептейді, орындалған жұмыс, майрам күндері, түнгі уақыт және жұмыс уақытынан тыс уақыттарда жұмыс үшін жалақы есептейді, төлем тізімдемесін және жұмыс уақыт кестесін құрады. |
|
5 |
1.6. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құнының есебі |
Бухгалтер ретінде: негізгі және көмекші цехтар бойынша есеп тіркеуіштерін құрады, өндіріс ақаулардын өзіндік құнын есептейді, жаңа өнімнің түріне құжаттарды толтырады, өнімнің 1 данасының өзіндік құнын есептейді және № 10 журнал-ордер толтырады. |
|
6 |
1.7. Дайын өнім және оны сату есебі |
Бухгалтер ретінде: өндірістен қоймаға өнімнің түсуіне алғашқы құжаттарды және қоймадан өнімнің босатылуының алғашқы құжаттарын толтырады, № 11журнал-ордер толтырады және сатыпалушылармен есеп айырысу есебімен байлынысты ведомосты толтырады. |
|
7 |
1.8. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі |
Бухгалтер-талдаушы ретінде: № 13, 14 журналы-ордерін құрады, корпоративті табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу есебін талдайды, ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін анықтайды. |
|
8 |
1.9. Қаржылық есеп беру |
Бас бухгалтер ретінде: жылдық қаржылық есептің нысанын толтырады, кәсіпорынның жылдық есептің көшірмесін жасайды, есеп тіркегіштерінің қорытындысы бойынша оларды қорытынды ақпаратпен салыстырады, жылдық қаржылық есеп беру формаларын құрады, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасап, талдайды. |
Мен арнайы пән оқытушы ретінде оқытудың модульдік құзыреттілік тәсілдеме негізін оқу тәжірибесінде қолдана бастадым. Мысал ретінде оқу тәжірибе барысында студенттердің орындайтын тәжірибелік тапсырмаларының бір нұсқасын ұсынамын.
Тәжірибелік сабақ барысы:
Тапсырма №1
Берілгені:
1 қаңтар айындағы кассадағы ақша қалдығы:
|
Шот № |
Шоттардың атауы |
Сомасы |
|
|
|
Валюта |
Теңге |
|||
|
1010 |
Ұлттық валютадағы кассадағы ақша |
|
1000 |
|
|
1010 |
Шетелдік валютадағы кассадағы ақша (АҚШ доллары) |
60 |
19980 |
|
Шетел валюталарының ағымдағы бағамы:
|
№ |
Валюталардың түрлері |
Теңге бағамы |
|
|
1.02 |
1.03 |
||
|
|
АҚШ доллары |
333 |
334 |
Қаңтар айындағы ұлттық валютадағы (теңгеге) кассадағы ақшамен жасалған шаруашылық операциялары:
|
№ |
Күні |
Операциялардың мазмұны |
Теңгемен сомасы |
|
1 |
2.01. |
Есеп айырысу шотынан түскен ақша: |
|
|
-еңбекақы төлеуге |
500000 |
||
|
-шаруашылық және іссапар шығыстарына |
60000 |
||
|
2 |
3.01 |
Өткізілген тауарлардан кассаға түскен ақша |
|
|
-сату бағалары бойынша |
180000 |
||
|
-оның ішінде ҚҚС |
30000 |
||
|
3 |
4.01 |
Кассадан берілді: |
|
|
-жұмыскерлердің еңбек ақысына |
490000 |
||
|
-іссапар шығыстарына |
85000 |
||
|
Қызмет бабымен сөйлесулер бойынша қалаларалық тариф төленді |
5000 |
||
|
4 |
5.01 |
Есеп айырысу шотына тапсырылған ақша |
|
|
5 |
9.01 |
Құрылтайшыдан ЖШС-ның жарғылық капиталының жарналар түрінде қабылданған ақша |
500000 |
|
6 |
10.01 |
Электр қуаты үшін кассадан төленді |
|
|
-кеңсе тұтынған |
5000 |
||
|
-сауда үйі тұтынған |
10000 |
||
|
7 |
11.01 |
Есеп айырысу шотына тапсырылған ақша |
40000 |
|
8 |
15.01 |
Іссапар бойынша пайдаланылмаған есеп беретін соманың қалдығы кассаға қайтарылды |
1000 |
|
9 |
16.01 |
Өткен жылдың кірісін бөлу қорытындылары бойынша есептелген бағалы қағаздар бойынша дивиденттер кассадан төленді |
100000 |
|
10 |
17.01 |
Жеке кәсіпкерден сатып алынған тауарлардың құны қолма-қол ақшамен төленген |
30000 |
|
11 |
22.01 |
Тауарларды жеткізуге қолма-қол ақшамен алынған аванс |
100000 |
Қаңтар айында АҚШ долларлармен жасалған кассаның шаруашылық операциялары:
|
№ |
Күні |
Операциялардың мазмұны |
Сомасы |
|
|
Валюта |
Теңге |
|||
|
1 |
5.01 |
Іссапар шығыстарына валюталық есеп шоттан алынды. Нарықтық бағамы – 333 теңге |
1000 |
? |
|
2 |
6.01 |
Шетелге баруға іс-сапар шығындарына есеп бересілі түрде кассадан қолма-қол ақшамен берілді. Нарықтық бағамы – 333,4 теңге |
1000 |
? |
|
3 |
17.01 |
Шетел фирмаларымен есеп айырысу үшін валюталық есеп шоттан алынған ақша. Нарықтық бағамы – 334 теңге |
5000 |
? |
|
4 |
18.01 |
Шетел фирмаларына көрсетілген қызменті үшін қарызы төленді. Нарықтық бағамы – 333 теңге |
4500 |
? |
|
5 |
19.01 |
Кассаға қайтарылған іссапарға алынған пайдаланылмаған есеп береселі соманың қалдығы. Нарықтық бағамы – 333,8 теңге |
50 |
? |
|
6 |
28.01 |
Кассадан валюталық шотқа ақша тапсырылды. Нарықтық бағамы – 333,6 теңге |
500 |
? |
|
7 |
28.01 |
1 наурыздағы жағдай бойынша кассадағы өтпелі қалдықтың бағамдық айырмасы көрсетіледі |
|
? |
Орындау керек:
Тапсырманы орындау мәліметтері негізінде кассалық есеп жасау және оған бухгалтерлік өңдеу жүргізу. Осыған орай, ұлттық және шетелдік валюталардың түрлері бойынша бөлек кассалық кітапты жүргізу. Кассир есебі мынадай үлгіде жасалады:
Касса кітабы
________20__ж
|
Құжат |
Кімнен алынған және кімге берілген |
Корреспонденциялық шот |
Кіріс |
Шығыс |
|
|
Күні |
№ |
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: әрбір операция касса кітабына жеке жолдан басталып бір жолға ғана жазылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012жыл, 14 желтоқсан. Астана.
2. Юцявичене, П.А. Теория и практика модульного обучения / П.А.Юцявичене. – Каунас: Швиеса, 1989. – 209 с. КОУЧИНГ КАК ФОРМА ПЕДАГОГ