Керекті-құралдар: ертегі кейіпкерлерінің костюмдері, слайд
Әдіс-тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Сөздік жұмыс: тіл жаттығулары
Қостілдік компонент: ертегі-сказка,бауырсақ-колобок,жабайы жануарлар-дикие животные
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық — қозғаушылық
|
Саз залы ертегі әлеміне сай безендірілген -Ой, балалар,қараңдаршы,бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр екен. Олай болса, біз қазір қонақтармен амандасып алайық -Сәлеметсіздерме, қонақтар Бақшамызға барғанда -Біз жаңа оқу қызметімізді бастамас бұрын өткенді еске түсіріп, қайталап өтейік. Айналамызға көз салайықшы,қай жыл мезгілін байқаймыз? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? дұрыс айтасыңдар -Көктем айында қандай өзгерістер болады? -Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміз өзгеше болады. |
Балалар саз залына музыкалық әуеннің ырғағымен түрлі аңдардың қимылын салып көңілді көңіл-күймен кіреді
Бірге амандасады
Жауаптары
Жауаптары
Қуанады
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздеушілік |
Ой, балалар келгеніміз сол еді, біреу есік қағып тұрғандай, кім болды екен. (Есікті қағады) Ия бұл хабаршы құсымыз –Сауысқан екен. -Қош келдің, Сауысқан! Сауысқан: балалар, сәлеметсіңдер ме! Мен сендерге ертекші атаның хатын алып келдім. Енді мен кетейін. Сау болыңдар, балалар! Рахмет саған, сауысқан. Сау бол! Балалар, сендерге ертекші ата хат жіберіпті хаттың ішінде не бар екен көрейік. Балалар, ертекші ата бізді ертегілер еліне қонаққа шақырған екен, барғыларың келеді ме? -Ондай болса ғажайып ертегілер еліне тез жету үшін,жолымыз қысқарсын десек, мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырамын,сендер сол жұмбақтың шешімін шешіп көріңдер: Сазды әуеннің көмегімен 1-жұмбақ Бұл қай ертегі? 2-жұмбақ Есік ашындар. 3-жұмбақ 4-жұмбақ Дұрыс, балалар, жарайсындар,енді сәл тынығып, көзімізді жұмайықшы (желдің улдеген дыбысы естіледі) -Міне, балалар, бізді жел ертегілер әлеміне әкеп тастады — Ертегі елі қандай тыныш. — Балалар, сиқырлы ертегілер еліне қош келдіңдер! Ертегілер еліне саяхат жасайық. Балалар, сендер жаңа жұмбақтарды шешу арқылы көптеген ертегілерді білетіндеріңді көрсеттіңдер. Олай болса мына алдарыңда тұрған театр түрлерін ажыратып, қай театр түріне жататынын айтып беріңдерші? (қорап, қасық, саусақ, көлеңке т.б театрлары) Олай болса, балалар, қазір мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр: «Бұл қай ертегінің кейіпкері деп аталады?» Сергіту сәті: Сазды әуеннің көмегімен жаттығу -Ғажайып ертегілер әлемінде сиқырлы сандықша да бар екен, ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Сандықты ашпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер де жұмбақтың жауабын тапсаңдар, ашамын. Пішіні бар домалақ, Балалар, жұмбақтың жауабын таптыңдар, енді сиқырлы қораптың ішінде не бар екенін көрейік. Сиқырлы қорапты ашса, ішінде бауырсақ бар екен. -Олай болса осы ертегіні тамашалап көрейік. Ерте, ерте, ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың балалары болмапты. Бір күні шал кемпіріне былай депті: Шал: Кемпір, кемпір маған бауырсақ пісіріп берші! Кемпір: Неден пісіремін, үйде ұн жоқ Шал: Қаптың түбін қағып, екі уыстай ұн жина, содан пісір. Кемпір: Жарайды, пісірейін! Қаптың түбін қағып, екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып шылап, ыстық майға қуырып, піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалай түсіп, орманға қарай жөнеледі. Домалай келе жатып, алдынан қоян шыға келеді. Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші, мен саған өлең айтып беремін Мен, бауырсақ, бауырсақ Осылай бауырсақ домалап қасқырдан да, аюданда құтылып, соңында қу түлкіге жолығыпты. Түлкі: Әнің жақсы екен, мен қартайдым, құлағым естімейді, тұмсығыма шығып айтшы! Бауырсақ: Түлкінің тұмсығына шығып енді айта бастағаны сол еді түлкі бауырсақты бас сап ұстап алып атасы мен апасынан қашуға болмайтынын,үлкендерді тыңдау керектігін,үлкендердің еңбегін бағалау керектігін айтады Осылай түлкі бауырсақты ұстап атасы мен апасының үйіне жол жүреді. Атасы мен апасынын үйіне келгенде, атасы мен апасы бауырсаққа қатты қуанады. Олар түлкіге рахметін айтады Осымен ертегі аяқталды Ертегіні сомдаған балалармен таныстыру |
Жауаптары Таңданыстарын білдіреді
Амандасады, қуанады
Жауаптары
Келіседі
Жауаптары.
Жауаптары
Жауаптары
Жауаптары
Жауаптары
Жауаптары
Араласып жатқан ертегі кейіпкерлерін реттілігімен орналастырады
Қимылын келтіріп орындайды
Келіседі
Жауаптары |
|
Рефлексивтік-түзетушілік |
Дидактикалық ойын: «Ертегінің қай кейіпкері жоқ?» Мақтап-мадақтау |
Қызыға ойнайды |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жануарлардың іс-қимылын сала біледі
Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлерді сомдай алуды,серіктестік сөзінің мағынасын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: топпен жұмыс істеуді, орындаушылық қабілеттері