Күтілетін нәтиже
- Балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді.
- Сөздік қорын молаяды.
- Қоршаған айналаны танып біледі.
- Балалар мазмұндауға еш қиындығы жоқ екендігін түсінеді.
- Тақпақ жаттаулары ойынға ұласады.
- Балалардың тілі мен ойын дамытады, сөздерді есте сақтауды қамтамасыз етеді.
- Балалардың психикалық процесін дамытады, есте сақтау, зейіндік қабілеттерін, қиялдарын жетілдіреді.
- Мнемотаблицалардың шартты белгілері арқылы ой белсенділігін, байқағыштығын, салыстыра білу қабілетін дамытады.
Проблеманың өзектілігі:
- сөздік қорларының аздығы;
- байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің нашар жетілгені;
- дыбыстық мәдениеттерінің төмендігі;
- зейіндерінің, ойлау қабілеттерінің нашар дамығаны;
Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:
1) Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау;
2) Мәліметтерді кодтандыру, белгі/символды/бір бейнемен сәйкестендіру;
3) Қолдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша — жасыл, жидек — қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мнемотехника — оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
— Мнемошаршы
— мнеможол
— мнемокесте
Балалар өтілетін тақырыпты жетік меңгеру үшін мен өз ұйымдастырылған қызметімде инновациялық әдістерді пайдаланамын.Оның бірі — мнемотехника.
Мнемотехника — балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі
Мнемотехника — тіл дамыту да тиімді
Қазақ тілі сабағында тілді дамыту негізінде мнемотехника өз қызметімде дидактикалық материалдың орнына қызмет істеп келеді
— Өзге тіл өкілдері оқитын балалар қазақ тілінде айтылған сөздерді түсіну,
— Жеңіл сөздерді пайдалана отырып қоршаған ортамен тілдесу,
— Өз ойын,көңіл- күйлерін білдіре алу,
— Сөздік қорын молайту,
— Қазақ тіліне тән дыбыстарды қалыптастыру.
Мнемошаршыға тоқталсақ, ол бір ғана суреттен тұратын бір мағынаны білдіреді. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі — қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз. Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді.
Мнеможолдар — ол 3-4 тізбектелген суреттерден тұратын кішігірім мағынасы бар сөйлем, 2-3 сөз тіркесі.
Мнемокестенің мазмұны — ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әңгіменің сюжеті.
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема — мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
— Сөздік қорын байыту үшін
— Әңгіме құруға үйретуге
— Көркем әдебиетті мазмұндауда
— Жұмбақ жасыру және шешуде
— Өлең жаттауда.
Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді.
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу. Мнемосызбаның мақсат міндеттері:
— Сөздік қорының молайуы.
— Айтылған оқылған әңгімені қайталап айтып беру ге қалыптасады.
Мнемокестені қолдану 3 кезеңнен тұрады:
- Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
- Мәліметтерді қолдану, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
- Қолданғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді..
Осы өткізілген іс-әрекеттер үнемі жоспарлы жүйелі түрде жүргізілуде
Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиімды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.
Мнемотехниканың нәтижесі:
- Балалардың қоршаған орта жайында білімдері кеңейе түседі;
- Сөздік қоры молайады;
- Тек сөздік қоры молайа қоймай сонымен қоса қоршаған орта жайында білімдері толықтырылады;
- Балалар мазмұнын айтуға тырысады олар еш қиындығы жоғын түсінеді;
- Тақпақ,өлең жаттау ойынға айналып,балалардың қызығушылығы арта түседі.
Мектепалды даярлық бағдарламаның базалық минимумда 4-5 жастағы балаларды оқытуда мынадай талаптар қойылған. Балабақша, балабақша қызметкерлер туралы әңгіме құрастыру білу. Сенің атың кім? Кім? Не істеді? сұрақтарына жауап беруді білу. Ойыншықтардың атауын, түсін, пішінін айта білу. Адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Тілді дамытуда өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше. Осындай мақсатпен жұмыс атқарып жүрген педагог мамандарға мнемотехника әдісін қолдану өз нәтижелерін де береді деген ой түйіндеймін.