+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектепалды даярлық сыныбына арналған «Дидактикалық ойындар»

Ибраева Гүлназ Найманғазықызы, «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру » кафедрасының аға оқытушысы

Авдал Самитхан, Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебі» КММ даярлық тобының тәрбиешісі, Ұлан ауданы

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай, өсер бала бола ма? » - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі жас баланың жақсы дамуына өзіндік ықпалын беретін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез достасады, бір-бірін жақсы ұғады, ептілікке үйренеді, ой-өрісі жақсы дамиды. Халқымызда ойындарға балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай балалардың мінез-құлқының қалыптасуының бірден-бір құралы деп есептеген. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.

 

Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану — үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойын үлгісінің технологиясы баланың белсенділігін арттырады. Мәдениеттілікке де бала ойын ойнау арқылы үйренеді, ойын арқылы дамиды. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқу процесінде ойын технологиясы ең алдыңғы орында, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттырады. Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралының бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай — ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамгершілік сезімін оятуға, дұрыс қарым –қатынас жасауға, отбасы құндылығы, достық, туған  жеріне сүйіспеншілік  сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінезін анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоциялық қатынасын анықтайды.

Дидактикалық ойын кезінде баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Ойын іс- әрекетінде бала айналасындағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш – жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым – қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Ойын ережесі түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге толы болуы керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.Заттық дидактикалық ойындар — дидактикалық ойыншықтар мен түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойнайтын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино»т.б.

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл- ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке баулу құралы болып табылады. Өз іс-тәжирбиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған орта жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде қарым-қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
— балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді дамыту; 

— үйренген сөздерді тиянақтап,анықтап,әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақты қызықты,тартымды өтуі үшін дидактикалық ойынындарды дұрыс пайдаланамын.

Кіші топтан бастап ересек топтар арасында жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыпқа қарай мынадай дидактикалық ойындарды пайдаланамын. Кіші топтарда дидактикалық ойындар жеңіл түрде ойнатылады.

1 кіші топтан бастап ересек топтар арасында жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынадай дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
1 кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрлері ойнатылады.

«Ғажайып қалта» — ойын шарты: Қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы: қасқыр, ит, мысық ,аю ,қоян.

«Мекенін тап» — ойын шарты: Аңдар мен үй жануарларының суреттері көрсетіледі, осы бойынша қайда тұратындарын анықтау. (қасқыр – орманда,ит — үйде)

 

«Қимылын көрсет» — ойын шарты: Айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы: қоян, ұшақ, аю, ит, мысық т.б

«Мынау қай пішін?»Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалау арқылы айта білу. Бала топқа қарап тұрып, қолын  артқа ұстайды. Қолына кезкелген пішінді ұстатамын.Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

«Жемістерді жина» Мақсаты: Алмалар ілінген ағаш қойылады.Үш топқа тапсырма беріледі,бірінші – қызыл, екінші –сары, үшінші –жасыл алмаларды себетке салады.Соңында себеттер тексеріледі.

 

«Сиқырлы  суреттер» Мақсаты:балалардың логикалық ойлау қабілетін,ес, зейін, қабылдау процесін дамыту.Ойынның құрал – жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрастырулары керек. «Мекенін тап» Ойынның барысы: Үй және жабайы жануарлар суретің біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекен жайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру. «Тілші» ойынның шарты: Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала) — Мынау не? — Мынау жеміс алма. — Алма қандай? — Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай) «Құстардың атын ата»- ойын шарты: Суреттегі құстардың атын ату. «Тазалық бұйымдардың атын ата»- ойын шарты – тазалыққа жататын бұйымдарды атау. Қазіргі уақытта ересек тобында өзім мына ойындарды қолданамын. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой — өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Жалпы айтқанда, мектепалды даярлық балалары тәрбиелеу мен оқыту жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отыра балалардың көру,есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын  анықтауға арналған ойындарды жиі және тиімді қолданатын болсақ, сабағымыз өте жақсы өтеді. Бала барлық тақырыпты жақсы меңгере отырып, матиматикалық есептерді шығарады, танымдық көрсеткіштері арта түседі. Мектепте жақсы жетістіктерге жете алады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту бөлімі.
  2. Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Тіл дамыту әдістемелік құрал, Арман – ПВ баспасы, 2009.
  3. Берков В.Ф. Яскевич Я.С. Культура диалога. Учебное пособие.- М., 1995.
  4. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе.-М., 1986. -143с.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype