|
Бағалау критерийі |
Шығыс және Батыс билеушілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды |
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігін анықтайды. Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажыратады /тыңдалым/. Юнлэ мен Токугава билігін зерделейді /оқылым/. Карта арқылы Батыс пен Шығыс монархияның өзгерістерін сипаттайды /айтылым/. Юнлэ мен Токугаваның билік еткен жылдарын сипаттайды /жазылым/. Пәнге қатысты лексика мен терминология. Токугава Иэясу, Юнлэ император, мандарин (шенеунік), Конфуций, Тыйым салынған қала, сёгун, самурай, даймё. Сыныптағы жазылым мен диалогқа пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған тармақтар. Император Юнлэ шексіз билік иесі бола алмады, өйткені :.. Сіз неліктен екенін айта аласызба? Неліктен Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болмады? Жазылым бойынша ұсыныстар. қызықты болғаны ……. — менің түсінгенім…….. |
|
Құндылықтарға баулу |
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың Мәдениет пен Тілдің ортақтығы екенін түсіндіріп, өзге өркениеттің тарихына құрметпен қарауға үйрету,білім мен ғылымды игеруге тәрбиелеу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану |
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Батыс елдеріндегі, Ресей мен Франциядағы абсолюттік монархияның белгілері туралы білімі қалыптасқан. Абсалютизм дәуірі, монархтар, династиялар туралы біледі сол арқылы Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігін талқылауда Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажыратады |
|
|
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың басы І кезең: Сабақтың басы ( 8 минут)
|
1.Ұйымдастыру. Дайындалған пазлдар көмегімен сыныпты топтарға бөлемін.
Тапсырма 1. Үй тапсырмасына шолу жасау (Ж) Оқушыларға сословиелік монархия мен абсолюттік монархияның белгілерін ажыратып, жазу ұсынылады. Дескриптор. Сословиелік монархия 1-3 белгілерін атайды. Абсолюттік монархияның 1-3 белгілерін атайды. Ортақ белгілері мен ұқсастықтарын ажыратып жазады. ҚБ Пікір алмасу . дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалау. Тапсырма 2. «Stop кадр» тәсілін пайдаланып, өтетін тақырыпты атын анықтайды.
|
Қима қағаздар (фото)
Тыйым салынған қаланың видеолары
|
|||||||||||||||||
|
ІІ кезең. Сабақтың ортасы 20 минут
|
Тапсырма 3: «Мәтінді оқып, топта талқыла» 1 топ. Жапонияның әлеуметтік, саяси, қоғамдық өмірі. 2 жұп. Қытайдың әлеуметтік, саяси, қоғамдық өмірі. Зерттеу сұрақтары: Неліктен Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болмады? Шығыс және Батыс билеушілерінің саяси билік формаларының ерекшеліктерін тап? XIV Людовик пен Император Юнлэнің сарайдағы рәсімділік тәртібіндегі ерекшеліктерді анықта? Шығыс және Батыс билеушілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта? ҚБ: «Менің сөзім» (оқушылар бір-бірлеріне сыңдарлы кері байланыс береді). |
Токугава Иэясудің өмір жолдары: http://www.willamette.edu
|
|||||||||||||||||
|
ІІІ кезең Сабақтың соңы 12 минут
9 минут
3 минут |
Тапсырма 5. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Сёгун Токугава мен император Юнлэнің қайсысында шексіз билік басымырақ болды деген сұраққа кестені толтыру арқылы жауап беріңіз.
Дескриптор Білім алушы Юнлэ мен Токугаваны салыстырады -Юнлэ мен Токугаваны ішкі, сыртқы саясатын анықтайды — Жапония, Қытай діндерінің айырмашылығы; — Юнлэ мен Токугава билігіндегі абсалютизмнің белгілерін жазады; (ҚБ) «Ара ұясы» техникасы арқылы оқушылар не білгендігі туралы пікір алмасып, екі сұрақтан дайындайды. Рефлексия (Аяқталмаған сөйлем). (ЖЖ) — бүгінгі сабақта мен…..түсіндім, …….білдім, …..көзімді жеткіздім. Үйге тапсырма беру. Барлық оқушы: Батыс пен Шығыстағы монархия басшыларының айырмашылығын анықта? Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа байланысты 10 жабық, 5 ашық тест құрастыру. Кейбір оқушылар: Юнлэ мен Токугава билеушілердің өмірі атты реферат жазу. |
|
|||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||||||||||||||
|
Мақсат сараланады, қарқын, тапсырма, дереккөз арқылы саралау қолданылады. Оқушылар алымдарына қарай: Сословиелік монархия 1-3 белгілерін атайды. Абсолюттік монархияның 1-3 белгілерін атайды. Ортақ белгілері мен ұқсастықтарын ажыратып жазады. Бірдей тапсырма берілгенмен қорытынды әр түрлі
|
«Stop кадр» тәсілін пайдаланып, өтетін тақырыпты болжайды. «Тақырыптық теннис» тәсілі арқылы тақырыпқа сай бір сөз айтып, оқушылар сөздің мағынасын ашып отырып, кері байланыс береді. Пікір алмасу тәсілі арқылы оқушылар өзін – өзі бағалап, кері байланыс алады. Ара ұясы арқылы сабақты оқушылардың түсінгендерін айтып, сұрақ құрастырады. Аяқталмаған сөйлем тәсілі арқылы сабақты қорытындылап, кері байланыс береді. |
|
|||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
|
Тақырыбы: |
Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болды ма? |
|||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
6.3.1.2.Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату |
|||||||||||||||
|
Ойлау дағдысының деңгейі: |
Білу, түсіну |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Шығыс және Батыс билеушілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды |
|||||||||||||||
|
Тапсырма: |
Сёгун Токугава мен император Юнлэнің қайсысында шексіз билік басымырақ болды деген сұраққа кестені толтыру арқылы жауап беріңіз.
Дескриптор. Білім алушы — Юнлэ мен Токугаваны салыстырады |