+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Африка шөліне саяхат

Амиргалиева Д.Ж., «Өскемен қаласы әкімдігінің №8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-нің тәрбиешісі

Білім беру саласы:  «Әлеумет», «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным»
Бөлімдері: кіріктірілген
Тақырыбы: «Африка шөліне саяхат» (Құм және оның қасиетімен іс-тәжірибе)
Мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Балаларға құм және оның қасиеттері жөнінде түсінік қалыптастыру
2. Дамытушылық мақсаты: Іс-тәжірибе жасау арқылы баланың танымдық белсенділігін дамыту. (Ой- қиялы, шығармашылық ойлауы, тілі, қол моторикасын дамыту) Ойнау арқылы шығармашылығын дамыту
3. Тәрбиелік мақсаты: Балалардың жұмыс үстінде өздерін  ұқыпты, тиянақты ұстауларын тәрбиелеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Дымқыл, құрғақ құм,су, стақан, тәрелке, қасық, халат, ұлғайтқыш, гранит тас, сиқырлы кілем, аудиозапись, видеоролик, интерактивті тақта, қылқалам, сүлгі, суреттер.

Тілдің үштұғырлығы: Ұлғайтқыш  — лупа – magnifier,құм – песок — sand, су – вода — water , қант – сахар – sugar.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз  қонақтарға амандасайық.

Сәлеметсіздер ме, үш тілде

Қол  алысып, қане біз
Достасайық бәріміз
Армысың, алтын күнім
Армысың, балабақшам
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз
Үлкен ге де, сіз
Кішіге де, сіз 

Телефон шырылдайды.
Т: Алло? Бұл кім?

Бутанназиба: Мен Африка шөлінен сендерге хабарласып тұрмын. Сіздерді Африка шөліне қонаққа шақырамын.

Т: Жарайды, күтіңіз, біз келеміз.

Балалар, кәне бәріміз сиқырлы кілемшеге отырып, көзімізді жұмып Африка шөліне ұшып барайық. Көздеріңді жұмыңдар, өздеріңді Африка шөлінде кетіп барамыз деп елестетіңдер.

Балалар шеңберге тұрып, келген қонақтармен үш тілде амандасады.

Тәрбиешімен бірге жылулық шеңберін орындайды.

 Балалар телефонның шырылдаған дауысын тындайды

 

Балалар  көздерін жұмып ұшады 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларды видеокөрініске назар аудартады. Африка шөліндеміз деп елестетеді.ой қандай ыстық балалар бұл жерде қыс мезгілі болмайды, үнемі осылай ыстық болып тұрады,ал балалар шөл ыстық болып тұрады. Балалар жердің күннің ыстығынан жауын шашынның аздығынын жердің бәрін құм басқан, неліктен екен. Видео аяқталысымен Бутанназиба балаларды қарсы алады.

Б: Қош келдіңдер, балалар Африка шөліне.

Шөлдің көп бөлігін құм алып жатқанын көрдіңдер ме? Бұл жерде менің лабораторияман бар. Сендерді сонда шақырамын.

Т: Жүріңдер барайық.

Келдіңіздер.Таң қалдыңыздар. Заттарды, құралды көресіздер.

Б: Қауіпсіздік ережесін айтып өтеді. Құмды аузымызға салмаймыз, бетімізге, көзімізге шашпаймыз, бір бірімзге кедергі жасамаймыз. Үстеріңе ақ халаттарды киіңдер.Орындарыңа отырыңдар.

Ал, енді сізге, мына іс-тәжірибе үлгілері бар кітапты берейін. Мен сырттарыңыздан бақылаймын.

Т: Рақмет.

№1 тәжірибе.

Лабораторияға келгенде тәрбиеші балаларға гранит деген тастың суретін көрсетіп, ауаның, желдің , судың арқасында бұл тас үгітіліп, ұсақ құмға айналатынын мына африка еліндегі сияқты құмға айналады екен .

Құмның неден тұратынын қарап, байқайықпа? Олай болса балалар орындарына отырып, алдарыңа табақшаларға қойып, қасықтың ұшымен құмды табақшаға себіңдер. Құм оңай себіледі ме?

 

Неге ол оңай төгіледі?

 

Егер құм дымқыл болса ол төгілеме?

 

Ал енді қолдарыңа мына құралды алыңдар. Бұл не?

Жақсы, енді осы лупамен құмды мұқият қарап шығыңдар, құмның қүрамы қалай құралған екен

 

Олар бір – біріне ұқсайды ма? Несімен?

Құмның түстері қандай болады .

Қорытындылайды. Құм құрғақ, сусымалы, судырлақ болады екен.

 

Б: Балалар шаршап кеттіңдер ма? Бой жазып, демалып алайық.

 

Сергіту сәті: «Африка музыкасымен»

№2 тәжірибе.

Келесі тәжірибемізде алдарыңа екі стақанды алыңдар, су құйыңдар, біреуіне қант салыңдар. Қант суда еріді ме?

Келесі стақанға құмды салады. Құмды араластырып көреді. Құм еріді ме?

Қорытынды: Балар құммен қанты салыстыра келгенде қанттың суда тез еритіндігіне , ал құмның ерімейтіндігіне көзімізді жеткіздік.

№3 тәжірибе.

Келесі тәжірибеде балалар қазір дымқыл құммен құрғақ құмның айырмашылығын көрейік  қайсы ауыр, қайсысы жеңіл құрғақ құм ба? Әлде, дымқыл құм ба? Кәне, олай болса тексеріп көрейік. Таразыға екі стақанды өлшейді. Дымқыл құм ауыр екенін көреді.

 

 

Құрғақ құмнан мүсін жасатып көреміз, балалар құрғақ құм сусымалы,шашыраңқы екенін айтады. Одан  мүсін жасалмайды.

Дымқыл құмнан мүсін жасайды. Дымқыл құм жабыспақ болады. Әр түрлі пішіндер жасауға болады.

Қорытынды. Құрғақ құмнан дымқыл құм ауыр болады

Құрғақ құмнан дымқыл

Құм бізге не үшін қажет

құмның ауыр болатын себебі

Дымқыл құмның құрамында су бар

Қорытындылайды. Дымқыл құмнан неге мүсін жасалынды?  Ал құрғақтан неге жасалынбады?

 

№4 тәжірибе.

Б: балаларға Бутанназиба банан суретін береді. Оны бояп шығуды сұрайды.

Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі, жартысы банан салып жатады. жартысы өз қалауымен шыны бетінде сурет салады.

 

 

Соңын қорытындылағанда құммен сурет салуға болады және құмның үстінде сурет салуға болады.

Балалар өздері Африка шөліндеміз деп елестетеді.

  

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Иә

 

Балалар Буттаназибаға аң-таң болып таңсанады

 

Балалар тәрбиешімен бірге  зертханаға барады

 Аузымызға салмаймыз, бір бірімізге кедергі жасамаймыз ,бір бірімізге лақтырып шашапаймыз, жерге шашуға болмайды

 Балалар гранит тасқа көңіл аударады

 Оңай төгіледі.

Себебі ол құрғақ, сусымалы.

 Лупа, Ұлғайтқыш

Магнифай.

Ұсақ жылтыр тастар

Домалақ қара тастар.

Бұл заттардың көлемін ұлғайтып көрсететін құрал.

Құм өте ұсақ. Құрғақ, домалақ, жартылай күңгірттеу болып ұсақ тастардан, жәнеде ұсақ түйіршіктерден тұрады.

Иә, дөңгелектігімен ұқсайды

 Әр түрлі сары, қою қоңыр, қызғылт.

 Балалар бой жазып демалады.

 Балалар суға қантты салады. Араластырады. Қант еріп кетеді.

 Құмды араластырады. Құм ерімейді. 

Таразыға салып көреді. Дымқыл құмның ауырлығына көздері жетеді.

Жоқ

Құм дымқыл болды.

 

Балалар дымқыл құмнан мүсінді жасауға болатынын, ал құрғақ құмнан мүсін жасалмайтынын ұғады.

 Себебі дымқыл құм бір біріне жабысады. Ал құрғақ құм бір біріне жабыспайды Шашыраңқы

Өрт сөндіру үшін,Құрылыс материалдарына қажет,Адамдар қыс бетінде жолда машиналар тайғанамас үшін қажет .

 иә

 

 

— Балалар бүгінгі желілі – рөлді ойынымыз ұнады ма?

— Кімге қандай рөл ұнады? Неліктен?

— Бұл рөлдерді сомдағанда қандай қиындықтар байқадыңдар?

— Қалай ойлайсыңдар, бұл мамандықтар өмірге қажетті ме?

-Кім өскенде осындай маман иесі болғысы келеді?

Жақсы,рақмет! Белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Оларға медаль тарату.

Иә, әрине.

Шаштараздың, өйткені ол шаштарды қалай сәндеу керектігін біледі.

Басқарушының – өйткені ол бәрін қадағалап, қарап жүреді.

Кассирдің себебі ол ақша санап отырады.

Маған ақшаларды қабылдау қиын болды, себебі бұл өте жауапкершілі көп.

Иә өте қажет.

Күтілетін нәтиже:
Не біледі: Ойын үстінде өзін – өзі меңгеру, ұстай білу, басқалармен қарым –қатынасқа түсе біледі.
Қандай түсініктерді меңгерді: Келген қонақтармен, клиенттермен сыпайы сөйлесуді, құралдармен ұқыпты,таза қолдануды меңгерді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктер: Қойылған сұрақтарға дұрыс, әрі толық жауап беру.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype