+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оттекті органикалық қышқылдарды оқытуда экологиялық мәдениеттің орны

Ануарбек Балжан Болатқызы, «Химия» мамандығының магистранты
Даутова Зухра Сатбековна, педагогикалық ғылымдарының доценті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Бүгінде тек тəуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл ойының нəтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, кейбір ғажайып көлік түрлері ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар, қауіп-қатер туғызуда.
Елбасының халыққа Жолдауында «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыз өз өмірінің аяғына дейін сау болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы керек», - деп көрсетілген. Себебі экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның биологиялық-генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан, адам денсаулығына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы əрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру — мектептің басты міндеті. Дүниежүзілік тəжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесіндегі 1999 жылы экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды.

 

Осындай экологияландырылған химия курсы, біздің пікірімізше, оның ерекше рөлін аша түседі жəне табиғатты қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік береді. Түсінік интеграциясы — химиялық жəне экологиялық білім екі деңгейде қарастырылады, себебі «экологиялық білімнің» екі түрлі түсінігі бар.

«Табиғат қорғау» білімі — экологияны тірі ағзалардың бір-біріне жəне қоршаған ортамен əсері деп түсіну; «Қоршаған орта» туралы білім адам мен табиғаттың бір-біріне əсері деп түсіну. Осыған байланысты химияға экологиялық мазмұндағы түсінік интеграциясының екі бағыты пайда болады. «Экологиядан — химияға» жəне «Химиядан — экологияға».

Педагогикалық зерттеу 2012–2013 жəне 2013–2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының № 2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде жүргізілді. Зерттеуге сол мектептің мұғалімдері жəне 170 оқушы қатысты. Мектепте эксперименттік жəне бақылау сыныптары құрылды.

Эксперименттің анықтау кезеңінің мақсаты: оқушылардың экологиялық мəселелерге қатынасы, қызығуы, оны түсінуге ұмтылып, химия- экологиялық білімінің болу жəне оны пайдалану нəтижесін бағалау; химия пəні мұғалімдерінің химия-экологиялық білім беру проблемасына деген көзқарасын анықтау; химия пəні мұғалімдерінің бұл тұрғыда кездестіретін қиыншылықтарын зерттеу; орта мектепте химия курсын экологияландырудың əдістемелік ерекшеліктерін зерттеу мен талдау.

Эксперименттің бұл кезеңінде сауалнама, құжаттарды талдау, бақылау, тестілеу əдістері пайдаланылды.

Оқушылардың тест тапсырмаларын орындау нəтижесінде экологиялық білімдерінің жоғары емес деңгейін оқу мотивациясынның төмендігін көрсетті. Қоршаған ортада жүретін түрлі процестердің химизмін түсіндіруді талап ететін сұрақтарды, кейбір қосылыстардың адам ағзасымен табиғи нысандарға əсерін түсіндіру; суды, табиғи газды тазалаудың негізгі ілімдерін пайдаланып құбылыстарды түсіндіру т.б. сұрақтарында қиналған. Оқушылардың химия сабақтарында экологиялық проблемаларды оқуға ынтасының жоғары екендігі байқалды, сонымен қатар химияның жəне экологияның білімдерді бір жүйеге келтіретін əдістемелік құралдардың аздығы, экологияландырылған лаботориялық пратикумының дұрыс жасалмауы, экологиялық мазмұндағы сандық есептерді шешу əдістемесін құралдарының аздығы көрсетілген. Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, мектеп химия курсын экологияландыру бойынша химия курсына экологиялық компонентті енгізуге жаңа келісті жасау қажеттілігі ұсынады. Бағдарлама көлемін сақтап, оқыту ынтасын жоғарылатып, оқушыларда химия-экологиялық білімдердің жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындады. Сондықтан да қалыптастыру педагогикалық экспериментінде 9 жəне 10-сыныптарында оқушылардың эксперименттік жəне бақылау топтары алынды. Бақылау жəне эксперименттік топтарда сабақтар бір мұғаліммен, бірдей сағат көлемінде жүргізілді. Эксперименттік топтарда экологиялық компонент химия-экологиялық білімдер жүйелі түрде дəріс жəне семинар сабақтарында, экологиялық есептер шешуде, экологиялық мазмұндағы лабораториялық жұмыстары организм негізінде енгізілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық – практикалық, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс-әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі

Соңғы жылдары оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге экологиялық мазмұнды есептерді енгізу қажеттілігі қарастырылып жүр. Экологиялық мазмұнды химиялық есептердің дәстүрлі химиялық есептерден басты айырмашылығы оларда басты назарды адамның тәжірибелік қимыл-әрекетінде ең маңызды түрлі химиялық қосылыстарды қолдануға олардың қоршаған ортаға және адам ағзасына әсеріне аударады. Химиялық қосылыстарды, химиялық құбылыстарды білу арқылы адамның қоршаған ортасына қатынасы орнайды. Онымен бірге экологиялық мазмұнды химиялық есептерді шешу арқылы түрлі процестердің, соның ішінде химиялық процестердің күрделілігі және екі жақтылығы жөнінде көзқарас қалыптасады. Оқушылардың табиғатқа деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруда қолданылатын есептер арнайы химиялық білімдерді пайдалануды талап етеді. Бұл өз кезегінде оқушы жаңадан бір нәрсе білулеріне мүмкіндік жасайды. Осы орайда есептердің мазмұны оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес келуі абзал. Тек осындай жағдайда ғана таным белсенділігі пайда болады.

Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі органикалық және басымдылық бөлімі ретінде қаралады, стартегиялық мақсатты анықтау және жүргізуші бағыттар, оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа қарым – қатынас құрастырмайды, сонымен қатар қоғамға, адамдарға. Қолайлы жағдайлардың пайда болуына әрбір адамның құқығын қамтамасыз ету және қоршаған табиғат ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды құрастыру шешімдері. Экологиялық мәдениет, жалпыадамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым – қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс-әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты. Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе-келе болады, басқа бөлек жалпы білімберу пәндерінде оқытылады.

Сонымен, экологиялық мәдениет барлық білім алушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны құрастыруға білім беру ұйымдарына үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениеттің негізгі саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл студенттердің білім жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру, экологиялық ойлау, әлемді тану, бағалы жобалар, экология заңын түсінуге көмек көрсету мүмкүндігі, тәжірбиелі қызметтер, табиғатты пайдалануды игеруге септігін тигізетіні анық.

Әдебиеттер тізімі:

1. Досмаханова М. С. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру // Молодой ученый. — 2014. — №1.2. — С. 22-23. — URL
2.  Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников истории и культуры. – 1980. — №2. — С. 38-44. 
3. Грусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. — М.: Высшая школа, 1998. – 312 с.
4.  Органикалық  химиядан  экологиялық  ұғымдарды  қалыптастырудың  әдістемелік  негіздері //Хабаршы-вестник. Жаратылыстану-география ғылымдары, сериясы – 2010.-24.-Б.95
5.  Нурахметва Н.Н. Методика обучения химии в 10 классе естественно – математического направления. — Алматы: ЗАО «Мектеп»2003.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype