Соңғы 27 жылда көп жұмыс атқарылды. Ел экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етілді. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргізілді.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткізілді.
Мемлекетіміз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылы жарияланған Жолдау 6 тармақтан тұрады:
1. Халық табысының өсуі.
2. Тұрмыс сапасын арттыру.
3. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру.
4. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік ақпарат.
5. Тиімді сыртқы саясат.
6. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдісіне атсалысуы.
Өскелең ұрпақ бойында елжандылық, патриоттық сезімдерді сіңіруде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жалпы білім беретін мектепте оқып-үйренудің орны ерекше. Осы Жолдаумен оқушыларды таныстыра отырып, елінің жарқын болашағы үшін адал еңбек ету, сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу еліміздің әрбір азаматының басты мақсаты екенін түсіндіру қажет. Отанымыздың күш-қаутын нығайту, көркейту, ғылымды ілгерілету, экономиканы дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу, еліміздегі қазіргі жетстіктерін одан әрі арттыру бүгінгі оқушы жастар үлесінде екенін атап айтқан жөн.
Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндетін іске асыру үшін қазақстандықтар, әсіресе жастардың жасампаз еңбектері, күш-жігері мен білімдері қажет.
Кемелдіктің тұтқасын ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу өте маңызды. Міне, осындай аса маңызды міндеттерді оқушыларға түсіндіруде Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндердің орны ерекше.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауларымен оқушыларды жан-жақты таныстыру, еліміздегі экономиканы дамытудағы жаға стратегиялық бағдарлар, қоғамның білім беруге қойылатын жаңа талаптарын түсінуге септігін тизізеді.
Қазақстан тарихының қазіргі кезеңіне қатысты тақырыптарды оқып үйрену барысында оқушылар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларының мазмұнымен, мәтінімен жан-жақты танысады. Сабақтың тәрбиелк-танымдық әсерін күшейту мақсатында Президенттің 2018 жылғы Жолдауды баяндау сәтінен бейнефильм арқылы үзінді келтірген тиімді. Мұғалім оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы алғашқы Жолдауынан бастап 2018 жылға дейінгі халыққа Жолдауларын атап көрсетеді. Жолдаулардың тақырыптары, мақсат-міндеттері және шешімін тапқан іс-шаралар естеріне түсіріліп, салыстырмалы түрде талдау жасалады. Содан кейін осы мәселе негізделген мәтін бейнефильм, не электронды оқулық арқылы көрсетіледі.
Оқушыларға 1-ші тармақты түсіндірген кезде адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысы артатындығы туралы, Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра алатынымызды айқын ашып беруіміз тиіс.
Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты екенін оқушылар жақсы түсіну үшін мұғалім өмірдің әр саласына қатысты бейнероликтер көрсетіп түсіндіргені тиімді болады.
Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы екенін оқушылар жақсы біледі, осы тармақты түсіндірген кезде дебат технологиясын қолдануға болады.
«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі» деп көрсетілген Жолдаудың 4-ші тармағында. Бұл бөлімді дөңгелек үстел әдісі арқылы талқылауға болады.
Бесінші тармақта «Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет» делінген. Мұғалім оқушыларға «Атташе» ойынын ұсынады.
Алтыншы тармақта әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс және
реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды екендігі туралы айтылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін беріп, бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажеттігі туралы жазылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп қабырғасында жасалып жатқан көптеген іс-шараларды еске түсіріп пікір алмасуда ой толғау әдісін қолдау тиімді.
Сонымен қатар түсіндіру барысында жаңа терминдер мен ұғымдардың анықтамаларын тақтаға жазып, мәні жан-жақты ашылып көрсетіледі: «қолма-қол ақшасыз экономика», «халықаралық стандарт», «педагог мәртебесі», «ипотека», «инфрақұрылым адамдарға» моделі.
Сабақ соңында «Мен Президент болсам халыққа Жолдауым» атты шағын эссе жазғызуға болады.
Елбасының әр Жолдауы — толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.