+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қыстап қалатын құстар» ашық сабағы (Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы)

 Жумаканова Раушан Айтказыновна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  білім беру тәрбиелеу орталығы» КММ жоғарғы санатты тәрбиешісі

 Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.

 Табиғат – баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Табиғатты танып, білу — мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен қарым-қатынас жасаудың базасын құрай отырып, сонымен бірге оны қорғап, аялай білуге үйретеді. Өткізілген «Қыстап қалатын құстар» жобасында экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныстыра отырып, балаларға экологиялық тәрбие беру өте тиімді деп санаймын. Жыл мезгіліне қарай құстарды бақылауға жол ашады.

Жобанын нәтижесінде ашық сабақ көрсетіліп және альбом шығарылды.

Ашық сабақ

Ұйымдасқан оқу- қызметінің технологиялық картасы

Топ: № 11 ересек тобы    Күні: 14.02.18ж.    Тәрбиеші: Жумаканова Р.А.

Білім беру саласы/ бөлімі: Әлеумет. Экология.

Бірлесу(интеграция): Таным. Денсаулық. Коммуникация.Шығармашылық.

Сабақтың тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар»

Сабақ түрі: Интелектуалдық викторина: «Не? Қайда? Қашан?»

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру; Табиғат тұрғындарын сүю және оларға ұқыпты қарау.

ТМ:  Құстарға деген қамқорлықтарын, қызығушылықтарын, сүйіспеншілік терін, көрсетуге тәрбиелеу.

 БМ: Қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту және бекіту;

Балалардың сөздік құрамын жандандыру және толықтыру;

        ТДМ: Сөйлеу байланысын, жадыны, назарларын, ойлау қабілеттерін

        дамыту;

Әдіс-тәсілдер: сөздік (әңгіме,сұрақ- жауап, жұмбақ, логикалық есептер) көрнекілік (көрсету, видеожазба, слайд), ойын.

Алдын-ала жұмыс: балабақша ауласында құстарға бақылау өткізу, құстар бейнеленген суреттерді қарау, құстар туралы өлеңдер оқу, аудиожазбалар тыңдау, құстардың суреттерін салу, аппликация жасау.

Құрал-жабдықтар: аудиожазба, суреттер, әр түрлі құстарды бейнелейтін презентациялар, теледидар, видеожазба, математикалық пазлдар, құстардың дене бөліктері.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздеу-ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Рефлексиялық түзетуші

— Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

— Балалар,  қарандаршы, қандай әдемі орман.

Құстардың тамаша әнін естіп тұрсындар ма? Қандай құстар екенін танисындар ма? Жарайсыңдар! 

-Балалар, айтындаршы, құстар жылы жаққа ұшып кетпеді ме?

— Ал қыста қалатын құстарды қалай атайды?

— Балалар, сендермен сабақта, серуенде, сабақтан тыс кезінде, қыстап қалатын құстар туралы коп айттық, бақылау жасадық, тақпақтар жаттадық, жұмбақтар шештік, ал негізгісі ата-аналармен құстарға жемсауыт жасадындар және топта кішкентай көрме ұйымдастырдық. Аязда қысты құстар қалай өткізетінін сендер білесіңдер.

— Сондықтан, бүгін  білімізді қортындылап, «Не? Қайда? Қашан?» викторина ойыннын өткіземіз. Естеріңе сала кетейін, бүгінгі ойының тақырыбы: «Қыстайтын құстар».

Өз орындарыңа отырыңдар.

Ойынды бастау үшін топтың капитанын сайлап алу керек. Менің ұсынысым Еркеназ , келісесіңдер ме?

 

-Балалар,  сендермен топтағы апайлар ойнайды: Сабина Романқызы, Асыл Ергаліқызы және мен.

-Олай болса, ойынға  дайынсындар ма?

1. Бірінші конвертты ашамыз. Сендер жұмбақтарды шешулерін керексіңдер. Жұмбақтарды шешуін тапқан кезде экранға жасырылған құс шығады.

1.Тұмсығымен шымшып.

Құрт тереді…. шымшық

2.  Қара қанатты,

Қызғылт төсті

Қыста пана табады:

Қорықпайды аяздан- алғашқы қармен ұшып келеді.                                 (Суықторғай)

3.Балалармен достасып,

Жазда бақты қорқайды     (Торғай)

4. Тұмсығымен ояды,

Ұя салып қояды.

Табыңдаршы, балалар,

Ол қандай құс болады?     Тоқылдақ

5.  Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап.   (Қарға)

6.Шықылықтап  бір тұрмайды,
     Өреден   құрт   ұрлайды.      (Сауысқан)

-Жарайсыңдар, бірінші тапсырманы дұрыс орындадындар.

— Менің топқа сұрағым   :

1.-Балалар, осы құстардың  ортақ  ұқсастықтары неде?

Сендерге ақылдасуға біраз уақыт беріледі. Уақыт кетті.

Жақсы, топ капитаны кім жауап береді?

 -Жақсы, жауаптарын дұрыс.

2. -Ал қандай айырмашылықтары бар? Мысалы: торғай мен қарға. Топ капитаны кім жауап береді?

Екінші конвертті ашамыз:  Слайд «Құсты дауыс бойынша біліп ал».

Ойын: «Сәйкесін тап» (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір)

Мақсаты: балалардың мұқияттылықтарын дамыту.

Қарға ——шиқылдайды (қарқылдайды)

Сауысқан——-тоқылдайды (шақылдайды)

Шымшық——- қарқылдайды (шиқылдайды)

Тоқылдақ——-шақылдайды (тоқылдайды)

3.Ал, үшінші тапсырма: қима суреттер. Сендердің міндеттерің оларды жинау, құстың атын атау және тура кері санап беру

4. конверт: Сабина Романқызы сендерге сұрақтар қояды.

-Суықторғайды, сарнауық торғайды және қайшыауызды  көшпелі құстар деп неге атайды?

— Уақыт кетті. Жақсы топ капитаны  кім жауап береді?

-Тоқылдақты орманда кездестірсен қалай тануға болады?

-Қарға ұшып келгенде торғаймен көгершін неге ұшып кетеді?

-Мен сендерге логикалық ойын ұсынам: «Керісінше айт»

Қарға үлкен , ал торғай қандай? ——қандай

Сауысқанның құйрығы ұзын, ал шымшықта қандай ——Тоқылдақта тұмсығы ұзын, ал суықторғайда қандай ——

Қарғаның тұмсығы жуан, ал торғайда  қандай ——

Суықторғайдың төсі қызыл, ал шымшық торғайда —-

5.Конверт: Бұл сиқырлы ағашқа қарап, қандай құс артық екенін тауып алыңдар!

«Төртінші артық»ойыны. Слайд

-Шымшық, қарлығаш, тоқылдақ, қарға. Не артық? Неге?

-Суықторғай, сарнауық, сауысқан, аққу.

-Жапалақ, көгершін, әтеш, торғай.

Сұрақ:

 — Балалар, жыл құстар сияқты неге қыстап қалатын құстар жылы жаққа ұшып кетпейді,?

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Қарға болып ұшайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ болып шоқиық

Торғай болып қонайық

Қане қанат жазайық

Ұшып,ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

6 Конверт: Келесі конверт Блиц-сұрақтар:

Топ капитанға.

— Қалай ойлайсындар неліктен суықторғай  деп аталды?

—Суықторғай мен шымшық  неге тоқылдақтың жанында жүргенді жақсы көреді?

— Қатты аяз күндері құстар неге үрпиіп отырады?

-Қай құстың аузы қайшыға ұқсас?

-Қайшыауыз немен көректенеді?

-Қандай құс басқа құстардың жұмыртқаларын ұрлап жейді?

-Орманды қай құс емдейді?

-Қандай құс қыста балапандайды?

-Шымшық, торғай нені жегенді жақсы көреді?

-Қандай құс жүрмейді, секіреді?

-Қандай құсты ақылды құс деп санайды?

-Неге аязда құстар ұшпай, отырады?

-Неге торғай бір аяқта тұрады?

7. Конверт: Асыл Ерғаліқызынан.

Қымбатты білгірлер, қараңдаршы бұл суреттерде құстардың бөліктері бейнеленген. Олардың  бөліктеріне қарап қандай құс екенін біліп алу керексіңдер  және дәлелдеулерің керек.

   -Қай құстың құйрығы? Құйрығы қандай?

-Қай құстың басы? Басында несі бар?

— Қандай құстың кеудесі осындай  түсті?

-Ненін тұмсығы? Қандай құстың тұмсығы  осындай?

Қарғаға не үшін керек осындай тұмсық?

-Мына тұмсық қандай? Қай құста осындай тұмсық?

      -Балалар, қыста құстарға азық аз, сондықтан оларға қиын. Оларға көмектесу керек.

8 конверт:

-Балалар, бізге Асыл Ерғалиқызы сәлемдеме жіберді. («қара жәшік» шығарылады).

Жәшікте: жазба, кәседе дәндер, нан, кәмпит… және парақ жазуы бар құстарды немен тамақтандыруға болады?

-Сендер әр бір құстардың алдына жақсы көретін тағамдарын алдарына қойып қойдыңдар .

-Шымшық нені жақсы көреді?

—Қыстап қалатын құстарға қыс кезінде өте қыин болады ,сондықтан балалар біз міндетті түрде құстарға көмектесіп ата-аналарымен бірге жемсауыт жасап беру керепіз.

9. Логикалық  есеп:

1.Жемсаутқа құстарға шетен жидегін салдым. Кішкентай  сары төсті құстар ұшып келді, нан қоқымдарын, тұздалмаған майды  жеп кетті, ал шетен жидегіне тиспеді.

-Қандай құстар ұшып келді?

Қарасам, жемсауытқа басқа құстарда ұшып келды. Төстері қызғылт, құйрығы, басы қара көк түсті. Жидектен ештене қалмады, бәрін жеп кетіпті.

-Қандай құстар ұшып келді?

2.  -Дүйсенбі күні кішкентай торғайлар ұшып келді, нан қоқымдарын жақсы көретін.

-Сейсенбі күні жемсауытқа сары төсті құстар ұшып келді. Олар тұздалмаған майды жақсы көреді.

-Сәрсенбі мен бейсенбі күні  қызғылт төсті құс келіп жидектерді жеп кетті.

-Жұма күні үлкен құстар ұшып келді. Сұр, қара, ала құстар.

-Қандай құстар жемсауытқа ұшып келді?

—Қыстап қалатын құстар аяздан қорықпайды , тіпті қарлы қыста да тамақ тауып алады. Дегенмен оларға, қиын. Ал оларды тек адамдар астауға дән салып,  құтқара алады.

10 конверт: Қорытындылау:

—Біздің ойынымыз соңына жетті, тапсырмалар оңай болған жоқ, бірақ сендер бұл тапсырманы орындап шықтыңдар.

-Балалар, егерде құстарға адамдар көмектеспесе не болады?

-Егер де жер жүзінде аз құстар қалса, не болады қалай ойлайсыңдар?

-Ал біздің балалар ата-аналарымен бірге құстар туралы көп нәрсені білді.

Қыс

  

Ия.

 Ұшып кетті, бірақ барлығы емес

Қыстап қалатын құстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия.

 

 

 

Жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Атап береді.

 Ақылдасады.

 Жалғас жауап береді.

 Еркеназ

  

 

 

 

 

 

Дұрыс айтады.

 

 

Жинайды, санайды.

 

 Шерхан 

 Еркеназ С 

Аделя

 

  

 

 

кішкентай қысқа

қысқа

жінішке

сары

 

 

 

 

 

 

қарлығаш

аққу

әтеш

  

 

Жауаптары

 

 

Қимылмен жасайды

 

 

 

  

Қыста ұшып келеді

азықтың қалдықтарын теріп жейді

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптары дәлелдейді

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ойлап шешеді

Шымшық, суықторғай

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 құстар туралы әңгімелер айтады.

Күтілетін нәтиже:

нені біледі: қыстап қалатын құстарды.
қандай түсініктерді игереді: құстарды танып, ажырата алады, сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамзатқа, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы;
меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшық, тоқылдақ, қайшыауыз қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді, аязды күні құстарға адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды игереді, қамқор болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Мектепке дейінгі ересек тобынын бағдарламасы

2.  Экология негіздері. Әдістемелік құрал 2003, Алматыкітап

3.  https://infourok.ru/material.html?mid=91637

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype