Институттың тарихы 1948 жылдан басталады, ол кездері мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты деп аталатын еді. Соғыстан кейінгі жылдары қарапайым оқушылармен бірге партаға ересек, майданның отында шыныққан оқушылар да отырып, кейін мектептерді басқарды және Республиканың үздік мектептерінің деңгейіне көтерді. Мектеп олардың өмірлерінің мәні болды, олардың педагогикалық еңбекке деген қарым-қатынастары жас өркен ұстаздар үшін жарқын үлгі болды десек, қате айтқандық емес.
Олардың ішінде педагогтер Құмаш Нұрғалұлы Нұрғалиев, Жакия Шайжүнісұлы Шайжүнісов, Тит Ермилович Самойлов, Павел Архипович Полькин және т.б.
Институттың тарихи жолының әрбір кезеңі біздің еліміздің даму жолын көрсетеді, білім беру жүйесінің педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тапсырыстарына жауап береді.
Институт тарихының кейбір деректерін атап өтсек:
— Вдовина Людмила Александровнаның авторлық мектебінің құрылуы;
— Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ұстазы, жаңашыл-ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның әдістемесін зерделеу және педагогикалық практикаға енгізу;
— Институт базасында Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша облыстық эксперименттік алаңын құру;
— Ж.А.Караев, Ж.У.Кобдикованың технологиясы бойынша «Педагогтердің технологиялық дайындық мектебін» құру;
— Біздің облыстың базасында «Ремеш-Ауыл» республикалық әдістемелік мектебінің ашылуы, аталған мектеп Қазақстан және шетел ғалымдарының пікірталас алаңы болды.
Институттың іс-әрекетін айта отырып, облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесіне қомақты үлес қосқан, педагогикадағы көптеген ескі көзқарас пен дәстүрлердің қайта ұғынуда үлкен роль атқарған ғалымдарды да атап өту керек: Завалко Надежда Александровна, Васильченко Петр Леонидович, Мукашева Катира Мукашевна, Тойбағаров Серік Зайтанұлы және т.б.
Институттың заманауи кезеңі – бұл институттың «Өрлеу» Ұлттық орталық филиалы ретінде қайта құрылуы, біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа форматына көшуі. Бұл білім беру мазмұнын жаңартуды қамтамасыз ететін педагогикалық еңбек шеберлері – институттың ұжымы.
Бүгінгі күні институт ұжымы тарихи жазбаның жаңа толағай беттерін толықтыруда, облыс педагогтерінің біліктілігін арттырудың жаңа ұстанымдарына шығады, дамытады, жетілдіреді.
Институттың бүкіл ұжымына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілейміз.
Мерейтой құтты болсын!